АҢ-ҚҰС ТУРАЛЫ МАҚАЛ-МӘТЕЛДЕР #5

  1. Төренің иті төрде үреді.
  2. Тауда жүрген киіктің,
    Көзінен өзге айыбы жоқ.
  3. Тұлпардан тұяқ қалар,
    Сұңқардан қияқ қалар.
  4. Телегейге тел жаңғырық,
    Ұшқан құсқа жел жаңғырық.
  5. Табақты үйдің тауығы қос жұмыртқа туады.
  6. Тауықтың шаңырағына таң атпайды.
  7. Тауық сойса да қасап сойсын.
  8. Торғайдан қорыққан егін екпейді.
  9. Таудай толқын басса да,
    Суға батпас қасқалдақ.
    Қанша боран соқса да,
    Қыран ұшар аспанда.
  10. Ұя баспаған құс оңаша ұшар.
  11. Үйірлі құлан ақсағын білдірмес.
  12. Үйректей жүзіп,қаздай қалқиды.
  13. Шабан балық үйірімен жүзеді.
  14. Шошқаға ерген балшыққа аунайды.
  15. Шошқа өлейін деп жатса да «қорс»етуін қоймайды.
  16. Шабан үйрек бұрын ұшар.
  17. Шортанның өзі өлсе де,тісі өлмес.
  18. Шортанды деген көлге бар,
    Шортан түгіл шабақ жоқ.
  19. Шыбын да аңқаудың ауқатын аңдиды.
  20. Шегірткенің айғырындай безектеп.
  21. Шың аңшының алдына аңның өзі келер.
  22. Шыбынның басына бақ қонса,
    Самұрық келіп сәлем берер.
  23. Шыбын да балға қонады.
  24. Шыбынға шоқпар көтермес болар.
  25. Шыбығы шырпылмаған,
    Құлауына қыл түспеген.
  26. Шөп болса да,көп болсын.
  27. Іштен шыққан жыланның
    Иреңдеуінің жақсысы-ай.
  28. Арыстан айға шабамын деп мерт болыпты.
  29. Арыстан болсаң жау үшін,
    Түлкідей болсын әдісің.
  30. Арыстан аш,доңыз тоқ.
  31. Арыстанды тырнағынан танимын,
    Көк есекті тұяғынан танимын.
  32. Арыстанның ойынынан,
    Түлкінің мойны үзіледі.
  33. Арыстанға түлкі айласы жараспас.
  34. Арыстан қартайса тышқанның інін аңдыр.
  35. Ақырғанның бәрі арыстан емес.
  36. Арыстан мінсең қылышыңды қамшы қыл.
  37. Арыстанды арыстандай жігіт алады.
  38. Арыстан айға шауып мерт болыпты.
  39. Арыстан күшігін тістеп сүйеді.
  40. Арыстанды ерттеп мінсең,
    Қамшың қылыш болсын.
  41. Арыстан аш,доңыз тоқ.
  42. Арыстанда бір кісінің күші,қырық кісінің жүрегі бар,
    Жолбарыста бір кісінің жүрегі,қырық кісінің күші бар.
  43. Арыстанның белгісі-артына қайырылып ақырмайды,
    Қас батырдың белгісі-қос өкпеден оқ тисе де,
    Дұшпанға сыр беріп,бақырмайды.
  44. Арыстанға темір шынжыр ар емес.
  45. Арыстанның ойынынан түлкінің мойны үзіліпті.
  46. Арыстан тағында отырса да тағы.
  47. Қасқырдан сая іздегенше,
    Арыстаннан пана ізде.
  48. Қорқау қасқырға жем болғанша,
    Арыстанға жем бол.
  49. Ұйқы арыстанды да жығады.
  50. Азық алсаң,малта ал.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *