- Қарлығаш көктем жаршысы.
- Құстың жүні санаулы.
- Құс көк сеңгірге бір қонады.
- Құс қонбаған- көл жетім,
Ел қонбаған- жер жетім. - Құс жаманы- саңғығыш,
Адам жаманы- қаңғығыш. - Құс жеткен жеріне қонады.
- Құстың алғанынан, салғаны қызық.
- Қаз шөлде жүрсе де,
Көзі көлде болады. - Құзғын жемтік
Көрмесе жүре алмайды. - Қарғамен жолдас болсаң,
Шоқығаның боқ болар.
Бүркітпен жолдас болсаң,
Тамағың тоқ болар.
Аққумен жолдас болсаң,
Тәнің пәк болар. - Құс патшасы- бүркіт,
Аң патшасы арыстан. - Қарға қазға еліктеймін деп,
Сирағын сындырыпты. - Қарғаның «қарқ» дегені өзіне сүйеу.
- Қарашада қаз қайтарар.
- Қаз ұшса көлді үйрек иеленеді.
- Құс жаманы сауысқан,
Ағаш жаманы азған. - Қақылдаған тауық тумай қоймас.
- Қарғаның бір көзі оқта,
Бір көзі боқта. - Қаз келсе жаз келер,
Қарға келсе қатқан болар. - Құс балапаны үшін тұзаққа түседі,
Адам баласы үшін азапқа түседі. - Қыран көзіне сенеді,
Қырағы өзіне сенеді. - Құс қарығына, ер жарығына.
- Қара құс басып жейді,
Сұңқар шашып жейді. - Қайырсыз сұңқардан,
Қайырлы тұрымтай артық. - Қараша үйде сұңқар бар,
Ораздыға жолығар - Құртақандай торғай да, өз ұясын қорғайды.
- Қу ағашқа құс қонар.
- Ластың досы – шыбын.
- Құлан басына күн туса,
Қодығына қарамас. - Құлан қырдағ құндыз суда.
- Қаз бен үйректің панасы – көл,
Жетім мен жесірдің панасы — ел. - Қасқалдақтың қанындай қат.
- Құс балапаны үшін торға түседі,
Ата баласы үшін азапқа түседі. - Қағынан жеріген құлан, қаңғырып өлер.
- Қаршығалыға қоян кездеспейді.
- Құс баласы қырымға қарайды,
Ит баласы жырымға қарайды. - Құзғын-қарға ас таңдамайды.
- Құланға ерген шиеге аунайды.
- Қарға мақтанып сұңқар болмас,
Есек мақтанып тұлпар болмас. - Қарға мың шаөырғанымен жаз болмайды,
Қаз бір шақырса жаз болады. - Қарғаның жүзіне бір кесекғ
Жаманның жүзі бірге есеп. - Құсы жоққа тұрымтай сұңқармен тең,
Аты жоққа қотыр тай тұлпармен тең. - Қатты жердің қадірін құлан білер,
Орман-тоғай қадірін бұлан білер. - Құлан ату не теңім, киік атпай,
Киік ату не теңім, үйде жатпай. - Құланның қасуына мылтықтың басуы.
- Құлан семірген жеріне жынын шашады.
- Құланның оттауы бірге,жуасуы бөлек.
- Құлан қағын қорғайды.
- Мезгілсіз шақырған қораздың,
Айдарын жұлмақ керек. - Оралды құлан ақсағын білдірмес.