АТА-АНА ТУРАЛЫ

                 

  1. Анасыз өмір,сөнген көмір.
  2. Ана балаға ауыздағысын жырып береді

           Ата балаға ар-намысын құйып береді.

  • Ана сүті бой өсіреді,

           Ата сөзі бой өсіреді.

  • Алты аға бірігіп-әке болмас,

            Жеті жеңге бірігіп-ана болмас.

  • Атаңнан қаласа теберік,

           Сақта оны тым берік.

  • Ата-анаңды құрметтесең,

           Сен де сондай игілік көресің,

  • Атасы өлген –жөн жетім,

           Анасы өлген-шын жетім.

  • Ата қарғысы –оқ

           Ана қарғысы-боқ

  • Атадан ұл туса игі еді,

           Ата жолын қуса игі еді.

  1. Атаға баланың алалыға жоқ.
  2. Әке балаға сыншы.
  3. Әкесі сыйламаған кісіні баласы сыйламайды.
  4. Әкесіз жетім гүл жетім,

           Шешесіз жетім сұм жетім.

  1. Мылқаудың тілін анасы біледі.
  2. Өз анасын зор тұтқан,

           Кісі анасын қор тұтпас.

  1. Ұлының кімнен туғанын анасы біледі.
  2. Ұлдың ұяты әкеге,қыздың ұяты шешеге.
  3. Таза сабаның қымызын іш,мейірман ананың қызын ал.
  4. Мейрімділікті анадан үйрен,әділдікті данадан үйрен.
  5. Ұл таппас ана болмас,

Тұрарын айт.

Мал таппас бала болмас,

Құрарын айт.

  • Жеті атасын білмеген, жетімдіктің белгісі.
  • Туғанына мекіренген ана безбүйрек,тумысында уызына жарымаған төл қатпа.
  • Әдептілік белгісі –иіліп сәлем бергені.
  • Әдепсіз бала аяғыңв басылған шала.
  • Әдеп басы-тіл.
  • Әдептілік-әдемілік.
  • Әдепсіз аяқ боқ басар.
  • Әдеп ар жемісі, ұят адамдық белгісі.
  • Кірместен бұрын шығарыңды ойлан.
  • Кішіпейілділіктен кішіреймесің.
  • Кішіпейілдің кеудесі ашық.
  • Кішіпейілділік кісі көркі.
  • Кісі айыбыны ашқаннан-жапқан кісілік.
  • Су ішкен құдығыңа түкірме.
  • Салтын білмеген сауапты түсінбейді.
  • Сақ жүрсең тоқ жүресің.
  • Сақтансаң сақтаймын деген
  • Сақтықта қорлық жоқ.
  • Сабырлы ойлаған саспай жауап береді
  • Сұрағаннан берген артық.
  • Сен оқысаң,мен  тоқыдым.
  • Сақтанған-салматқа жеткен.
  • Сағадағы су ішеді,аяқтағы у ішеді.
  • Тасты бассаң кетілер,сазды бассаң жетілер.
  • Тікен де гүлін қорғайды.
  • Толмасқа құйма, тоймасқа берме.
  • Тас лақтырғанға ас лақтыр.
  • Тойсаң-тоба қыл.
  • Табалдырықтан биік тау жоқ.
  • Тәттінің дәмісі,балдың уы бар.
  • Түкіргеннің де түбі бар.
  • Тұз шапқанға қастық қылма.
  • Ұлдың өзі өскендей,келіннің өзі түскендей.
  • Ұста бар жерде қолыңды тый.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *