АС ТУРАЛЫ МАҚАЛ-МӘТЕЛДЕР #9

  1. Керсең алдында, кездік қолыңда.
  2. Кем жесең төрге шығарады,көп жесең-көрге шығарады.
  3. Көмекейің қышыса,
    Асаудың бір жолын тап.
  4. Көп жұлдыз Ай болмайды,
    Сағыз көп шайнаса да май болмайды.
  5. Күріштің дәмін май келтірер.
  6. Күбі де май,күбінің түбі де май.
  7. Кимесең де тоңын жақсы,
    Жемесең де наның жақсы.
  8. Көрген асты көргенсіз қызғанады.
  9. Кісісі қандай болса,
    Асы да сондай.
  10. Күн түспеген үйге күшнәш түстенер.
  11. Кел демеген үйден,
    Кетпенмен қазған көр артық.
  12. Қарны ашқанға қара нан да май татыр,
    Шөлдегенге қара су да бал татыр.
  13. Қас қабағынан белгілі,
    Сараң табағынан белгілі.
  14. Құйын соғар үйі жоқ,
    Қуалап соғар байы жоқ.
  15. Қаскүнем қарақтан өледі,
    Қомағай тамақтан өледі.
  16. Қаптағы таусылса,қарындағы щығар.
  17. Қайыршының сүйген асын кім берер.
  18. Қазақтык өліспеген елшісі-қонақасы.
  19. Қазан сапырғанның да буы бар.
  20. Қазанға түскен қапқа қайтып түспейді.
  21. Қазаны басқаның қайғысы басқа.
  22. Қазыға тойсаң,қарта әлем сасиды.
  23. Қарным ашты-қадірім қашты.
  24. Қарны ашқан қаралы үйге шабады.
  25. Қарны ашқан қазанға қарар.
  26. Қарын ашқанда,
    Қара су да бал татыр.
  27. Қара су күндік жерге жеткізеді.
  28. Қарның ашса қазан ас,
    Ет болмаса сазан ас.
    Сазан тамақ емес пе?!
    Сазанды жұрт жемес пе?!
  29. Қасық тары ботқа болмас,
    Ботқа болса да жұртқа болмас.
  30. Қалыпты қазан қайнамас,
    Қайнаса да қойылмас.
  31. Қару алсаң балта ал,
    Азық алсаң малта ал.
  32. Қайнаған қара суда қасиет бар.
  33. Қазан қайнап тұрса,ақыл сайрап тұрады.
  34. Қазан аузы жоғары.
  35. Құр аяққа бата жүрмейді.
  36. Қызыл от қысыр болмайды.
  37. Қызыл ет кетер,қызарған бет қалар.
  38. Қызғанғанды қызыл ит жейді.
  39. Қыдырып ішкен көженің кенеуі жоқ,
    Қыдырып қайтқан биліктің керегі жоқ.
  40. Қыдырып жеген жамбастан,
    Шықырып берген жауырын артық.
  41. Қуырдақ көп болса, «бісміллә»боққа асады.
  42. Қазан түбінде шеміршек қалды.
  43. Қомағайдың сазасы-бір шөкім ет.
  44. Қарын тойса,қарта боқ сасиды.
  45. Қой еті-қоян еті,
    Қонақ асын тәңірі жеткереді.
  46. Қомағай құлқынынан жазады,
    Қыдырма аяғынан тозады.
  47. Қомағайдың сыбағасы бір асам май.
  48. Құлақтай ет жеп,құмандай сорпа іш.
  49. Қусынып сөйлеме,құлшынып жеме.
  50. Қазан қайнап тұрса,
    Ақыл сайрап тұрады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *