- Аш қадірін тоқ білмес,
Ауру қадірін сау білмес. - Ашаршылық көрмеген,
Ас қадірін білмейді.
Жаяушылық көрмеген,
Ат қадірін білмейді. - Ашаршылықта жеген құйқаның дәмі кетпес,
Қара қайыста соққан жүйенің дағы кетпес. - Ашта жеген құйқаның тоқта ұмытпа.
- Ашыққан қарын тойынар,
Ашылған етек жабылар. - Аш тамағын-тыныш құлағым.
- Ашқан қарын тоймастай,
Тойған қарын ашпастай. - Аштық ас талғатпайды,
Ғашықтық жас талғатпайды. - Ашыққан ұры болады,
Ашынған тілді болады. - Аштан өлгеннен,
Жарылып өлген абзал. - Аштың ақылы астан әрі аспайды.
- Ашқа тартқан кешке тартады.
- Аш көп жер,ашулы көп сөйлер.
- Адасқанға жұлдыз айдай,
Қарны ашқанға көже майдай. - Ашқа қазан астырма,
Тоңғанға от жақтырма. - Ашты қусаң да құмалақ шықпас.
- Аз асқа жасауыл болма,
Көп асқа бөгеуіл болма. - Аз ет,көп ниет.
- Азаңына келмеймін,
Қазыңына келемін. - Аз асты аяған көп астан құр қалар.
- Аз қайғыны ас басады,
Көп қайғыны дос басады. - Айға жетпес асыңды ауылдстан аяма.
- Астық жоқ жылы тіленше қыстайды.
- Асыңа тойғызбасаң да,
Ақ ниетіңе тойғыз. - Ат-адамның қанаты,
Ас-адамның қуаты. - Аш атасын танымас.
- Ақ қар болса,ақ нан көп.
- Аса диқан ішінде ас жатады,
Аса жалқау күнде аш жатады. - Ашаршылықта қомағай бұрын өледі.
- Асы жоқ үйді ит те сүймейді.
- Аштың ақылы болмас,
Тоқтың қайғысы болмас. - Әр астың өз орны бар.
- «Бал татыған балық сорпасын ішпейтін басым,
Қоңырсыған қой сорпасына зар болдым-ау!» - Бал тәтті болғанымен,елдің бәрі жей бермейді.
- Берместің асы піспес,
Қазаны оттан түспес. - Безбетке қасық берсең,
Бір кезекте бес алар. - Біреуге баспана керек,
Біреуге асхана керек. - Бір түйір бидай көз көрім дерге апарады.
- Бұйырған асқа тіс тиер,
Жас тимесе қыс тиер. - Басқаның палауынан
Өзіңнің көмекшің артық. - Быламық бетінен суиды
Көже түбінен суиды. - Бұйырған ас тіс сындырп кіреді.
- Бұйырғанға тіс тиер,
Бұйырмағанға іш күйер. - Дастарқан достың басын қосады,
Сыпырғы боқтың басын қосады. - Дайын асты телміртпе.
- Диірмен кезегінен қалған
Бір күн аш қалады. - Жайқалып тұрған егін дәннен айырылса сабан.
- Жазғы етте жасық жоқ,
Қымыз аста қасық жоқ. - Жан денеге қонақ,
Денені демеген тамақ. - Жат асыңа қарамайды,
Дос басыңа қарамайды.