АС ТУРАЛЫ МАҚАЛ-МӘТЕЛДЕР #11

  1. Сіңбес астың бөгуі көп.
  2. Сенде жазық жоқ, менде азық жоқ.
  3. Сыртың сыйлы болғанша, ішің майлы болсың.
  4. Солақайға сорпа жоқ, соқыр итке боқ та жоқ.
  5. Тамақ тамұққа түсірер.
  6. Тамақ болмай, тамақ болмас.
  7. Тамақтан өткеннін бәрі тамақ.
  8. Тамақтан өткен- бұйырған, өтпеген-күмән.
  9. Тағам тән семіртеді, аңшылық жан семіртеді.
  10. Тар қазан тасқалақ, мешкей адам ашқарақ.
  11. Тапқаным- тамағыма, жұтқаным-жұмырыма.
  12. Тас қадақ болғанымен, тамақ болмайды.
  13. Тойғаннан құрсақ жарылмайды,
    Қуанғаннан жүрек жарылмайды.
  14. Тойған үйге тоғыз бар.
  15. Тоймай ішкен асың құрысын,
    Қорлықпен жасаған жасың құрысын.
  16. Тоймасаң тоныңды пісіріп же.
  17. Түскі асқа- түстік жердегі келеді,
    Кешкі асқа- күндік жердегі келеді.
  18. Тоқтықтың жоқтығы бар, аштықтың тоқтығы бар.
  19. Тоқты сойған тоқалдан, шөміш алып қоқаңдар.
  20. Тоқшылықта жеген тоқпақ жілік,
    Ашаршылықта көзіңнен бұлбұл ұшар.
  21. Төрде отырған, есікте отырғанға ет асатады.
  22. Тұз- астың дәмін келтірер,
    Мақал-сөздің дәмін келтірер.
  23. Түк таппаған тұз жалар.
  24. Тамыр тартқан тарықпас.
  25. Тал таяқ болады,
    Шал қонақ болады,
    Нан тамақ болады.
  26. Тас, тасты жібітер ас.
  27. Таңдағы тауықтан, сол күнгі жұмыртқа артық.
  28. Түсіндегі жеген қазадан, өңіңде жеген құйқа артық.
  29. Таңдағы таңқы құйрықтан, қазіргі өкпе, бауыр артық.
  30. Тас қадақ болғанымен, тамақ болмайды.
  31. Түнемел қымыздың ашуы қатты.
  32. Тоймай ішкен асың құрысын.
  33. Тарта жесең тай қалар,
    Қоя жесең қой қалар,
    Қоймай жесең не қалар.
  34. Тұзсыз ас ауқат болмас ішкенменен,
    Май түспес қара суды піскенменен.
  35. Тау белгісі тас, жомарт белгісі ас.
  36. Тікенексіз құрма тәтті болмас.
  37. «тоба», «тоба», тоң майды да ит жейді екен.
  38. Төгілгеннен жалап қал.
  39. Тойсам торғайдай тамағым жоқ.
  40. Түздегі май ішеді, үйдегі зәр ішеді.
  41. Тіске кірген етке қарын тоймайды.
  42. Тұзы жоқты көзі жоқ та біледі.
  43. Уызына тоймаған, тоғызына тоймайды.
  44. У ішсен, тоя іш.
  45. Ұйқы арсыз, күлкі арсыз, тамақ арсыз.
  46. Ұны жоқтың құны жоқ.
  47. Ұшқан құс, жүгірген аң- бәрі тамақ.
  48. Ұнды пәтір құртады.
  49. Үйінде асы жоқтың, көңілінде хошы жоқ.
  50. Үрлеп ішкен, шайқап төгеді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *