- Қойдың басы,құданың асы.
- Қамысты жаққанмен шоғы болмас,
Көк суды ішкенмен тоғы болмас. - Қарны ашқанға қара талқан
Майдай көрінер. - Қасым асым-қайғысыз басым.
- Құрғақ сөз бас ауыртар,
Құрғақ қасық ауыз жыртар. - Қарны ашқан кәрі дауын даулайды.
- Қылдан қиқын іздеген.
- Қуғынмен келген сүргінмен кетеді.
- Қымыз қысулы,айран аяулы.
- Қызыл от қысырамас,
Қара қазан қурамас. - Қуанғанға жүрек жарылмас,
Тойғанға құрсақ жарымас. - Қоспа қонақ айырады.
- Қысқа күн де қырық жерге көмбе қойған.
- Қас сараң өз тамағың өзінен тығады.
- Қорлы саба сарқылмас.
- Қауынның пәлегі ащы,түйнегі тұщы.
- Қой еті құрыш,жылқы еті бұрыш.
- Қам қаймақ құстырмай қоймайды.
- Құмаршықты,құмаршықтың
Ішінен жылан шықты. - Қарын қатты ашқанда,
Қара талқан қант болар. - Қасықтары ботқа болмас,
Ботқа болса да,жұртқа жетпес. - Қазаннан қақпақ кетсе,
Иттен ұят кетеді. - Қазанға қақпақ,есікке ергенек.
- Мешкей қусынып асайды.
- Мешкей оттың астына қарамайды,үстіне қарайды.
- Мешкейдің өзі тойса да,көзі тоймайды.
- Малда жазық жоқ,
Менде азық жоқ. - Мөлдек атып ішкен ас,
Мерт кетірмей тындырмас. - Малды тауысам десең пұл қыл,
Асықты тауысам десең ұн қыл. - Маған жоқ майлы омыртқа,
Көзден ұшты-ау томыртқа. - Мешкей деген жақсы ат емес.
- Нан-тамақтың атасы,
Ынтымақ-көптің батасы. - Нан мен тұздан үлкен тағам жоқ.
- Нан тұрған жерде иман тұрады.
- Нанның негізі дән.
- Несиеге ет жесең,сүйегі ішіңді жыртар.
- Не от жансын,не отқа ұстаған ет піссің.
- Орынсыз жылаған жас шығын,
Арамға берген ас шығын. - Ойыншының тамағы тоқ.
- Омыртқаны ұстап отырғанша,
Қабырғаны алып ,тастай бер. - Өзі жемес,өзгеге де бермес.
- Өңештен өткен өзіңдікі.
- Өз қуырдағы өзіңде.
- Піскен асқа тік қасық.
- Піскен астың күйігі жаман.
- Сарғая сақтасаң,қызара бөртерсің.
- Сіңбес астың бөгеуі көп.
- Сары табықтан сарқыт қайтар.
- Садақаның асын сарқып іш.
- Салымды ауыз сақтағанды жейді.