АС, ТАҒАМ, ЖЫЛҚЫ ТУРАЛЫ МАҚАЛ-МӘТЕЛДЕР

  1. Үркер туса сорпа да – ас.
  2. Үлкен пышақ ұялғаннан өтеді.
  3. Үлкен қазанда қайнағанның шикісі жоқ.
  4. Үш қайнаса сорпасы қосылмайды.
  5. Шөлдеген адамға сағым дария су.
  6. Шуда жіптен бау таққан жейдең құрысын,
    Сары майдан дәм еткен кеудең құрысын.
  7. Шайнаған бұырған емес, жұтқан бұйырған.
  8. Шай ішіп үйренген, қымыз сұрап қыстамайды.
  9. Шай, шай ішсем көңілім жай.
  10. Шажырқайда май болмас
  11. Ыстықтан ет күйеді, ұяттан бет күйеді.
  12. Ісі жоқтың асы жоқ.
  13. Ішкенге мәз, жегенге тоқ.
  14. Ішілмеген ас умен тең,
    Кісі кірмеген үй көрмен тең.
  15. Ішер астан жиренбе, қарның одан да жаман.
  16. Ішіп тоймаған жалап тоймас.
  17. Ішкен ас түске жетпес, ықылас естен кетпес.
    Ат, жылқы туралы
  18. Аттан аттың несі кем, өзі тарлан көк болса.
  19. Аламаннан қашқанн құтылмас.
  20. Атың барда есек мінбе.
  21. Аласаны атқа санама.
  22. Арғыаққа оқ тисе,
    Мәстектей туламас.
    Сыпайыға оқ тисе,
    Жамандардай жыламас.
  23. Арық аттың бабын тапсаң – тұлпар,
    Күйкентайдың күйін тапсаң – сұңқар.
  24. Айғыр ит сау иттен сауға сұрапты.
  25. Айғыр қандай болса, құлыны сондай.
  26. Ай шайлағанда тұрып ат іздеген азабың құрсын.
  27. Арыған ат шұқанақ санайды,
    Ашыққан ат қолыңды жалайды,
    Жараған ат көзіңе қарайды.
  28. Ат жүйрігін түлкі сүймес.
  29. Ат онында , жігіт отызында толады.
  30. Асау атты таға тоқтатады.
  31. Атқа бергісіз құнан бар, қызға бергісіз жуан бар.
  32. Ат иесі айқайлайды, өгіз иесі өңмеңдейді.
  33. Алпысқа келгенше адамның алты түрлі реңі,
    Айнымайды жылқының торы менен күреңі.
  34. Аттылыға еріп жаяудың таңы айырылыпты.
  35. Ауыл толы етектен арық та болса ат артыққ.
  36. Ат қадірін білмесең жаяушылықта білерсің.
  37. Алпыс қарсақ ат болмас.
  38. Атын жаман болса қырын кетер,
    Балаң жаман болса арың кетер.
  39. Аталы жетім – арсыз жетім,
    Атасыз жетім – ерке жетім.
  40. Атты аладан мінесің.
    Айғырды құладан салсаң
    Атты құладан мінесің.
  41. Атың болмаса, аяғыңа жалын,
    Аяғың болмаса, таяғыңа жалын.
  42. Алдымен атыңды тұсаула,
    Кейін құдайға тапсыр.
  43. Айғырды неден салсаң атты содан аларсың.
  44. Атдорба түбін иіскемей ат тоймайды.
  45. Ат айында, бие жылында құлындайды.
  46. Атпен ойнаған тайдың жілігі сынады.
  47. Аты семіздің жолы тегіс.
  48. Ат ұстаған азабынан құтылар,
    Ер ұстаған бейнетінен құтылар.
  49. Аттан аттың несі артық бір аттаған бұты артық.
  50. Арғымақ жалсыз ер малсыз.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *