Алматының Аспаны
Қай көшу
Мына көшу бөлек көшу,
Жол да шу ,
Жолай өскен терек те шу.
Барады әпеңді бұлт сапар шегіп,
Құйып ап түбі тесік шелекке су .
Қай дүрмек,
Мына дүрмек басқа дүрмек,
Дүрмекпен кетіпті ғой таста гүлдеп.
Жағамды көтеріп ап жолғатүсем ,
«Алматы қызық екен аспаның» деп.
Көк кептер мезі болған жауыннан көп,
Олайды алда қанша дауыл бар деп.
Қалаға үйрене алмай жүрсе керек ,
Ол дағы мен сияқты ауылдан кеп.
Тәйірі, біздер үшін сел деген не ,
Көк кептер ,
Көндігеміз сен де, мен де.
Бұйығып үндемейсің , жазған құсым,
Ал,айтшы, не істейік көнбегенде?
***
Түнімен ұлиды,
Мен тоқтаған қонақ үйдің мұржасы,
Салған дейді анау жылы бұл үйді,
Өзіне арнап қазақтың бір мырзасы.
— Төрем,-деймін, тегінде ,
Қиналмаңыз жат алды деп үйімді,
Менің дағы талай нәрсем өмірде,
Өзіме емес ,
Өзгелерге бұйырды.
Қорлау ,алдау
Өсек, жала,
Түрме, азап…
Құрысыншы,
Сөз етпей-ақ қоялық,
Кім біледі екеумізге бұл қазақ ,
Бір күндері
Алғыс айтар …
Оянып!
Кім халықтың қас дұшпаны ,
Кім кезбе-
Жоғалады түндей қара ұғымдар,
«бұл жігітті білуші ем»-деп,-
Бір кезде»,-
Жұмбақ күліп кей арулар сыбырлар.
Сіз тұрарсыз сұлу кердей ырғалып,
Дастанымды оқы ма екем келіп мен.
…О,не деген ұлы халық бұл халы,
Ұлылардың бақыты кем неліктен?
БАЙҚОҢЫР КОСМОДРОМЫ
«Періштелер жүреді ұшып аспанда»,
Рас шығар , кім білген.
Әлдеқашан өліп қалған тастарға,
Аят оқып тұрмын мен.
Ал , генерал ,кәне,бізді баста, алға,
Сенің сөзің заң бүгін.
Періштелер жүреді ұшып аспанда,
Көреді олар барлығын.
Мен қараймын мынау мылқау тастарға,
Жерім байтақ
Далам бай.
… Періштелер жүреді ұшып аспанда,
Қонатын жер таба алмай .
Қала. Өмір
Кешкі алты.
Бөлме нұрға кенелді,
Келмейді алыстағым сенен әлі,
Тіп-тік тұр осы қазір атылардай
Сағаттың белін жазып жебелері.
Бояуын жуып тастап емен, терек,
Табысты қабырғада көлеңке боп.
Көлеңке-жапырақты ұстағың кеп
Күлесің,
мәз боласың сен еркелеп.
Сағаттың жүрекке ұқсап жиі ұрғаны,
Бөлмеге алтын шуақ құйылғаны,
Бесінші материктің құйындары,
Белгілі солықтары,
тиылмағы…
Кетесің-әннің елі,
өлең елі.
Шащыңды мен өрмеймін,
жел өреді,
…Сағат та алты жарымболып қапты,
Сұлық тұр жерге қарап жебелері.
Кім халықтың қас дұшпаны,
Кім кезбе-
Жоғалады түндей қара ұғымдар,
«Бұл жігітті білуші ем»-деп-
Бір кезде»-
Жұмбақ күліп кей аурулар сыбырлар.
Сіз тұрарсыз сұлу кердей ырғалып,
Дастанымды оқыр ма екем келіп мен.
…О,не деген ұлы халық бұл халық,
Ұлылардың бақыты кем неліктен?
Тас қыран
Жол жөндейтін басқарма
«Жоспарда бар» деді де,
Жан бітіріп тастарға
Таудың шетін кеміре.
Бұрма-бұрма, бұрма кіл,
Соқпақ өріп астынан,
Қондырды әкеп шыңға бір
Өлі қыран,
Тас қыран.
Қарға – құзғын ұшты аулақ,
Жуи алмай маңына,
Жылан әрі түсті аунап,
Кең өрісі тарыла.
Қожыр қойтас,
Арбақ тас,
Жасырынды шіл барып.
Заржақ торғай,
Жарғақ бас,
Беттемейді зыр қағып.
Тірі ме,
Жоқ,өлі ме-
Тұрады өстіп хас ірім,
Құс тең келмес шеніне,
Ей, бек затты, асылым.
Айтам сөзді тізбелеп,
Асады оған кім құлақ.
…Қыран жігіт бізде көп,
Әттең дүние, маңында
Кімдер жүр, бірақ
Естелік
Ей, қарсы да беттен жел тұрып,
Қара нардың дулығасын жұлқырда
Құба жарбай ентігіп,
Құлар еді – ау шұңқырға.
Төбеден түскен жылан нақ-
Төрт өрме қамшы төнерде,
Қара нардың қапталында бұраңдап,
Қасқа құба желерде.
Кірпігінде мұз еріп,
Нар діңкесін құртатын,
Сол балалар біз едік,
Қызық аяқ,
Қу тақым.
Қаңтар күні құбыларда,
Қара нарды жазылатып,
Қасқая тартар іні бар ма,
Қара желді азынатып.
Сағана
«Бұл – жүрекпен еститұғын асқақ үн,
Көруін аз,
Оқу керек тастарын.
Тұрпатынада бес кешеннің сәні бар,
Тұрысын – ай қасқаның»,-
Деп кезінде жырға қосқан көп ақын,
Сары белде сағана там болатын.
Бір-ақ түнде құлап түсті сол кеше,
Дүр сілкінтіп Келінтөбе қолатын.
Қап- қара боп кеткен қышқа үңіліп,
Ауылдастар мәнің енді тұр ұғып,
Сыр берместен келіпті ғой, тектім- ай,
Сырты зордай,
Іші бордай бүгіліп.
Жерге құлан тартып туар озалдан,
Сағанамның сарқытынан көз алман.
Іштей тынып,
Өзін-өзі жей берген,
Бір ол емес,
Бір ол емес….
О, жалған!…