ТІЛ ӨНЕР
Өнер алды –қызыл тіл.
Тіл тас жарады,
Тас жармаса,бас жарады.
Шебердің қолы-ортақ
Шешеннің тілі ортақ.
Тіл-буынсыз,
Ой-түпсіз.
Алажағым кетсе де,
Айташағым кетпесен.
Ат жүйрігі айырады,
Тіл жүйрігі қайырады.
Мақтаған жеткізер,
Шаққан өлтірер.
Бал тамған тілден,
У да тамыр.
Сүңгінің жарасы бітер,
Тіл жарасы бітпес.
Басқа пәле тілден.
Тіл-тиексіз.
Бас кеспек болса да,
Тіл кеспек жоқ.
Қызыл тіл жанның мияты,
Абырой ердің қуаты.
Ашуың келсе-қолың тарт,
Айтпас жерде-тілің тарт.
Тіл жүйрік емес,
Шын жүйрік.
Піл көтермегенді,
Тіл көтереді.
Адам көңілінен азады,
Тілінен жазады.
Жер астында жатқанда,
Қазбай,қарап тіл табар.
Аш құлақтан-
Тыныш құлақ.
Сөз тапқанға қолқа жоқ.
Жақсы байқап сөйлер,
Жаман шайқап сөйлер.
Жыланның тілі айыр,
Жылан мінезді адамның сөзі айыр.
Аңдамай сөйлеген,
Ауырмай өледі.
Аяғы жаман төрді былғар,
Ауызы жаман елді былғар.
Көп сөйлеген-
Көптен айрылар.
Көп сөз –күміс,
Аз сөз –алтын.
Суды ішім тоқтатар,
Сөзді шын тоқтатар.
Өтрікшінің шын сөзі зая.
Біреудің сөзі әдемі,
Біреудің көзі әдемі.
«көрдім» деген көп сөз,
«көрмедім» деген бір сөз.
Шешеннің сөзі-мерген
Шебердің көзі –мерген.
Ине көзінен сынады,
Шешен сөзінен сынады.
Қаһарлы сөз-
Орынсыз жамау тәрізді.
Орынды айтылған сөз-
Орнына қағалған шеге сияқты.
Ойнап сөйлесең де,
Ойлап сөйле.
Сөз сүйектен өтеді,
Таяқ еттен өтеді.
Адам сөзінен жазады,
Сиыр мүйізінен жазады.
Көз жеткізер,
Көз жеткізбегені
Сөз жеткізер.
Аталы сөзге,
Арсыз жауап қайырар.
Ақ пен қараны
Шыңдық айырар.
Шал,
Шалдың сөзі-бал.
Ұлы сөзде –ұят жоқ.
Сөз шындықты табар.
Жақсы сөз –жарым ырыс.
Жаным десе –жан семіреді.
Ауыз дарбаза,
Сөз самал.
Құдай ұрғанға не амал!?
Жүйелі сөз-
Жүйесін табар;
Жүйесіз сөз-
Иесін табар.
Сөз жүйесін тапса-
Мал иесін табар.
Жүзден біреу- шешен,
Мыңнан біреу-көсем.
Айтпаса жүректен кетеді,
Тартпаса біліктен кетеді.
Бұралқы сөз –күлуге жақсы,
Бұралқы жылқы –мінуге жақсы.
Сөз қуған –пәлеге жолығар,
Шаруа қуған-қазынаға жолығар.
Өзі –шынашақтай,
Сөзі –келсаптай.
Сөздің басы- бір пышақ.
Аяғы –бір құшақ.
Сөйлемесе қайдан туады?
Сөз сөзден туады.
Көз көргенше,
Ауыз батыр,сөйлеп қал.
Көптің ауызы –зеңбірек.
Тілге шешен,
Іске мешел.
Тілменен тікен алып болмас.
Ақындар қайда сөз сонда,
Сұлулар қайда наз сонда.
Мал басынан байланады,
Адам тілінен байланады.
Ақ сөз ащы болады,
Ғайбат сөз тәтті болады.
Күнде бір сөз есітпесең
Құлағың қалқандай болады.
Су сағасы –бұлақ ,
Сөз сағасы-құлақ.
Татуға тіл,
Сұлуға сүт.
Ашынған тілді болады.
Жылқы киім-тәнді жылытар,
Жылы сөз – жанды жылытар.
Шайқап сөйлесе,
Алды-артыңды байқап сөйле.
Қысыр сөзде қырсық көп.
Жаман сөз жанға кірген тікен.
Пышақ жетесінен сынады,
Сөз келтесінен тынады.
Мақал-сөздің атасы,
Уәде-ердің опасы.
Сөзге мақал жарасар,
Иекке сақал жарасар.
Ми ойланғанды,
Тіл тындырады.
Адамның өзі жетпеген жерге
Сөзі жетеді.
Орынсыз сөз орға жығады.
Сөз-сабан,іс-дән.
Жаман сөз-
Жанға кірген тікен,
Жақсы сөз-
Таптырмайтын ем.
Жүйелі сөз-киелі.
Қол жүйрігі –етке,
Тіл жүйрігі –бетке.
Сөйлеген –себеді,
Тыңдаған –орады.
Жері жаулының,
Сөзі дуалы.
Шын -бір сөз,
Өтірік –мың сөз.
Ағадан –ақыл ,
Атадан –нақыл.
Адам тілінен,
Ат аяғынан жазады.
Ең тәтті де –тіл,
Ең ащы да –тіл.
Ең жұмсақ та –тіл,
Ең қатты да –тіл.
Айтсам тілім күйеді,
Айтпасам дінім күйеді.
Қол,аяғы бар кісі-
Жүк көтергіш нар кісі.
Әуелгі сөз –ағадан,
Әдепті сөз –ініден.
Сырдың елі-жырдың елі.
Мақал – сөздің мәйегі.
Жақсының өзі өлсе де,
Сөзі өлмейді.
Айтылған сөз-атылған оқ.
Аз сөз –ишарат,
Көп сөз-кінарат.
Артық сөйле,кем сөйле,
Таразылай тең сөйле.
Тіс-тілдің қамалы.
Сәлем –сөздің анасы.
Күлкі сөз-көңілді тындыдырар,
Қас сараң сағынды сындырар.
Елшіге өлім жоқ,
Өлеңшіге өкім жоқ.
Ел арасын сөз бұзар,
Жол арасын сел бұзар.
Қысыр сөзге мініп,
Қысырақ қумас болар.
Майда сөйлеп, ірі шық,
Ақылдының бірі шық.
Жатып сөйлеген
Жігітке жараспайды.
Тамақты асығап ішпе
Түйілерсің.
Сөзді асығыс сөйлеме
Күйінерсің.
Тіл алмасқа сөз айтсаң,
Адам таппас жауап айтар.
Қолың ұста болсын,
Сөзің қысқа болсын.
Ажал келмей жан шықпас,
Қысыр сөзден мән шықпас.
Отқа келген келіннің ,
Отыз ауыз сөзі бар.
Еттен өткен таяқтан,
Сүйектен өткен сөз жаман.
Шешеннің тілі-шебердің бізі.
Байламсыз сөз
Баусыз- шелек.
Көптің сөзі –темір талқы,
Қисайғанды түзетер.
Піл күшті,
Піл күшті емес,тіл күшті.
Жылататын да,
Жұбататын да – тіл,
Қыздырманың
Қызыл тілінен сақтан.
Тілде сүйек,таста тамыр жоқ.
Жігіт жауда өлер,
Шешен дауда өлер.
Сақина-
Сәнге жатпас,
Айқай-
Әнге жатпас.
Әділ сөздің зілі жоқ,
Көп көзінен өткен істің міні жоқ.
Әзіл айтсаң да,
Әділ айт.
Ащы сұраққа,
Тұщы жауап күтпе.
Шешеннің сөзі- ортақ,
Шебердің бөзі ортақ.
Ақынның хаты өлмейді,
Батырдың аты өлмейді.
Сөзі ырайлының-
Жүзі шырайлы.
Аңғал сөйлеп, аспа,
Ойланып ал,саспа.
Ұзын шапан аяғыңа оралады,
Ұзын тіл мойыныңа оралады.
Бір сом беріп жырлатып,
Мың сом беріп қойғыза алмапты.
Тілі бардың
Тірідей ақысы кетпейді.
Аталы сөзге
Арсыз ғана жауап қайырады.
Кемеңгердің артынан көп ереді,
Сүмелектің артынан сөз ереді.