МАҚАЛ-МӘТЕЛДЕР

  1. Арықтың сорпасында дәм болмайды, ақылсыздың сөзінде мән болмайды.
  2. Ақылды адам батпан – ақ , ақылсыз адам сасқалақ.
  3. Ақымақ ішкен – жегенін айтады, ақылды көрген – білгенін айтады.
  4. Ақылды қария – ағын дария.
  5. Ақымақ Есекқырғанды Шолпан, кезқұйрықты лаын дейді.
  6. Ақымақ алғыс алмайды, алғыс алмаған алысқа бармайды.
  7. Ақымақ артын ойламас, аласа суға бойламас.
  8. Ақылдыға бақ қонса, көбейтеді дотарын,
    Ақымаққа бақ қонса, қас қылады дос жарын.
  9. Ақымақ жеңдім дер , ақылды көндім дер.
  10. Ақыл – тозбас тон, білім – таусылмас кең.
  11. Ай түнде керек,ақыл күнде керек.
  12. Ақылдының сөзінен енші алып қал.
  13. Ақымаққа намаз үйретсең , жайнамазға басын жарады.
  14. Айтпасаң білмейді, ашпасаң көрмейді.
  15. Ақылды адам ақымақтан да , бірдеңе үйренеді.
  16. Арыстан асқынса – айға шабар ,
    Ақымақ асқынса – анасын сабар.
  17. Ақылдыны алысым деме, ақылсызды жақыным деме.
  18. Ақыл бітпес дәулетке, дәулет бітпес келбетке.
  19. Ақылды айтқызбай біледі, ақсұңқар қаққызбай іледі.
  20. Ақымақтың ақымақығын кешірмесең, ақылдылығың қайсы?
  21. Ақымаққа алты күн айт.
  22. Ақыл – Алланың сыйы.
  23. Ашу – пышақ, ақыл- таяқ .
  24. «Әттеген-ай» деген сайын ақыл қосылады.
  25. Әпербақан ұр кеуде, ақылы жоқ құр кеуде.
  26. Баста ми жоқ болса, екі аяққа күш түседі.
  27. Басқа қонған бақтың ең үлкені – ақыл.
  28. Бойыңдай бой табылғанмен , ойыңдай ой табылмас.
  29. Данышпанның көзі зынданға түссе,
    Түбіне күн сәулесі түскендей болады.
  30. Даңғой елірсе, қызбен күреседі.
  31. Еңсесі қатқан есерден, еңкейе білген есті артық.
  32. Есалаң байлаған жіпті ақылды шеше алмайды.
  33. Есерге есе берсең, ойнап жүріп кісі өлтіреді.
  34. Жындыны жынды десең, бөркі қазандай болады.
  35. Жындыға бір саусағыңды көрсетсең де күледі.
  36. Жаманға айтқан ақыл, жапанға атқан оқпен тең.
  37. Киіміне қарап қарсы алады, ақылына қарап шығары салады.
  38. Көп ақылды жеңе алса ,
    Қиын істі бітірер.
    Көп ақымақ жиналса,
    Оңай істі бүлдірер.
  39. Көп ақымақтың ағасы болғанша, бір ақылдының інісі бол.
  40. Көзге түсер ісің жоқ,
    Көп оқыған адамсың.
    Кітап артқан бір есек,
    Түк білмейтін надансың.
  41. Көңіл табу – көргенділік.
  42. Көкіректе ақыл болмаса, көз шалбардың жыртығы.
  43. Киім ауыр болмайды,
    Ауық ауыр болмады,
    Ақыл ауыр болмайды.
  44. Көзі жоқ, құлағы саудың ақылы толады,
    Құлағы жоқ , көзі саудың ақылы солады.
  45. Кеңескен іс келісер, ақылы жақсы бөлісер.
  46. Көптің ақылы көл.
  47. Көптің ойы кемеңгер.
  48. Кқп ойлаған табар, көп ойлаған жағар.
  49. Көзі қарайған там сүзер.
  50. Кешеге бәрі күлкі

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *