Ақымақтың ақылы түстен кейін кіреді, ырыс қайтқанның иті ұры кеткен соң үреді.
Ата-ананың айтқан ақылы,
Сайрап жатқан жолмен тең.
Ақылдының айтқаны,
Таусылмайтын көлмен тең.
Ақымақ жауынды күні суға түсер.
Ақыл – алтын сандық, адамына қарай ашылар.
Ақыл бітпес дәулетке, ақылы аздың – азабы көп.
Ақылсыз қайрат бас жарар.
Ақылы жоқтың – арманы жоқ.
Ақылы жоқ адамға адырайған көз бітер,
Дуасы жоқ ауызға сылдыраған су бітер.
Ашулы баста ақыл жоқ.
Арықтың соорпасында дәм болмайды, ақымақтың сөзінде мән болмайды.
Ақыл айт ұққанға:
Айтып-айтпай не керек,
Құлағына мақта тыққанға.
Ақылдыдан шыққан сөз, аңсағанға болсын кез.
Ақылы асқан жақсыны асылым деп ойлама,
Ақылы жоқ жаманды – жақыным деп ойлама.
Бір сынаған жаманды екінші қайтып қинама,
Ашуланса мерт қылар, жолбарыспен ойнама.
Ақылды басшың болса, адаспассың.
Айтар нақылы жоқтың, табар ақылы жоқ.
Аштың ақылы тамағында, жаяудың ақылы табанында.
Аңқау бөрі қой үркітеді, ақылсыз адам ел үркітеді.