Алтын алма, алғыс ал,
Алтын деген-жер сыйы,
Алғыс деген-ел сыйы.
Бірлік еткен озар,
Бірлеспеген тозар.
Ынтымақ-ырыс қазығы,
Уәде – жанның азығы.
Береке көзі- бірлікте.
Көңілің тартпаған іске қол ұрма.
Ақыл-ой,ғылым-білім.
Жеті жұрттың тілін біл,
Жеті түрлі білім біл.
Кісінің кісілігі, киімінде емес,білімінде.
Ақыл-дос,ашу-дұшпан.
Дана,
Дананы да туған ана.
Кең ойлаған, кем ойламас.
Ғылым теңіз, білім-қайық.
Көп ойласаң-дана баласың,
Көп ойнасаң –бала болсың.
Ой ойласаң,кең ойла,
Алды,артын тең ойла.
Көп жасаған білмейді,
Көп көрген біледі.
Ақмақ басқа,
Адырайған көз бітер.
Апандай ауызға,
Салдыраған сөз бітер.
Айла алтау,
ақыл жетеу.
Айла мен ақыл қосылса
Алдырмайтын екеу.
Ашу асып жүрген жерде,
Ақыл қашып жүреді.
Ақыл көпке жеткізер,
Өнер көкке жеткізер.
Тұрмыс түзер ойыңды,
Ойың түзер бойыңды.
Ағайынға менмен су-
Ағат емей немене!?
Ақылдылар айтқан сөз-
Сағат емей немене!?
Алыстағыны-ақыл болжар,
Жақындағыны-пақыр болжар.
Алтын алма ,ақыл ал.
Итке төсек не керек,
Естіге өсек не керек.
Ескерген ескісін сақтайды,
Ел болған естісін мақтайды.
Ашу-шабыстырады,
Ақыл-табыстырады.
Шам жарығы түбіне түспейді.
Әдемілік-ақылдыны сынды қылады,
Ақылсызды жынды қылады.
Ақылды адам ашықса,
Ақылымен тоғаяр.
Ақылсыз адам ашықса,
Аз ақылы жоғалар.
Ақылды ойлағанша,
Ақмақ суға кетеді.
Киіміне қарап қарсы алады,
Біліміне қарап шығарып салады.
Қару демек қылышты,
Шапқанда сүйек қаппаса.
Ақылды демек-туысты,
Сасқанда ақыл таппаса.
Ақыл –ауыздан
Мерей –көзден.
Ақылды өзінен көреді,
Ақылсыз ағайынан көреді.
Ақылдасқан азбас,
Жақындасқан тозбас.
Ақылды кісі-азбайды,
Асыл бұйым тозбайды.
Есті кісі елінен кетпес,
Есті егінші жерінен кетпес.
Ақылды адам,
Ақымақтан да бірдеңе уйренеді.
Ақылды- ойлап, туйгенін айтады,
Ақылсыз- шала-пұла білгенін айтады.
Ақылдыға- жан қымбат,
Ақылсызға-мал қымбат.
Өмір-теңіз,
Еңбек-егіз,
Ақыл – сегіз.
Ашу-садақ,
Ақыл-таяқ.
Ақыл деген ағып жатқан дария,
Кеме айдаушы кемеңгер бір қария.
Ақылды ісіне сенеді,
Ақымақ күшіне сенеді,
Әңгүдік түсіне сенеді.
Ас тасыса, қатығы төгілер,
Ашу тасыса,ақылы төгілер.
Ақылды көндім десе,
Ақымақ жеңдім дейді.
Ақылдының сөзі қысқа,
Айта қалса, нұсқа.
Саналымен санаспа,
Санасызбен жанаспа.
Төрде отырған ақыл айтар,
Есікте отырған нақыл айтар.
Босағада отырған басын шайқар,
Ақылды кісі ойлап, байқар.
Ағын су арам болмайды,
Ақылды сараң болмайды.
Көп ақылды жиналса,
Қиын істі бітірер.
Көп ақымақ жиналса,
Оңай істі жітірер.
Ақымақ жылынса, тон киместей,
Тойса, нан жеместей.
Ақымақтың ақылы
Түстен кейін кіреді.
Ақыл тозбайды,
Алтын шірімейді.
Ақымақ ішкен-жегенін айтады,
Ақылды көрген-білгенін айтады.
Ақымаққа айтқан сөз
Далаға атқан оқпен тең.
Су түбіне жетпейсің
Бойлағанмен,
Ой түбіне жетпейсің
Ойлағанмен.
Ақымақпен астаспа
Ақылдымен қастаспа.
Ақыл – алтын сандық,
Адамына қарай ашылар.
Ақымақ тойынса,
Туысын танымайды.
Ақылды тойынса,
Тобасынан жаңылмайды.
Ақылы асқанды аға тұт.
Ақымаққа айла жоқ,
Айтқанменен пайда жоқ.
Тақырға біткен төбе
Таудай көрінеді.
Екі тентек қосылса
Саудай көрінеді.
Бір тентек бір ақылды қосылса,
Жаудай көрінеді.
Естіге ел тоқтайды,
Есерге жын тоқтайды.
Түйедей бойың болғанша,
Түймедей ойың болсын.
Ақылы аздың- ашуы көп,
Таяз судың тасуы көп.
Ақылды арын қорғайды,
Сараң малын қорғайды.
Ағасы ақылдының
Ауылы азбайды.
Жеңгесі шенбердің
Жеңі тозбайды.
Ырыс ауысады,
Білім жұғысады.
Сыпайы сызып айтады,
Шешен қызып айтады.
Шорқақ үзіп айтады,
Жаман бұзып айтады.
Дүние ақылдыға жарық,
Ақылсызға тамұқ.
Ақылдыға сөз айтсаң
Ай ойланып біледі.
Ақылсызға сөз айтсаң
Тыңдайды да күледі.
Ақылы аздың азыбы көп.
Ақымақ шаппамен бауыздар,
Ақылды мақтамен бауыздар.
Ақылды сақалын сипар,
Ақылсыз шапанын сипар.
Көл жағасынан құдық қазба.
Ақылды елге қарайды,
Ақылсыз өрге қарайды.
Ер жігіттің өлгені-
Ессіз болса алғаны.
Әділ бидің өлгені-
Сөзінің болса жалғаны.
Есерге ақыл айтам деп,
Есіңді тауыспа.
Қумен құмар ойнаймын деп,
Кешіңді тауыспа.
Айла-алтау,
Ақыл-жетеу.
Ақылдының алдымен жүр,
Ақылсыздың артымен жүр.
Ашу түбі- кейіс,
Ақыл түбі- кеніш.
Арттағыны қозғау-ағалық,
Алдағыны болжау-даналық.
Досың аз, дұшпаның көп болса-
Зор боласың.
Ақылың аз, ашуың көп болса-
Қор боласың.
Ашу-пышақ, ақыл-таяқ.
Ақылды айттырмай білер,
Сақы сұратпай білер.
Ақыл азбайды,
Әділдік тозбайды,
Арамдық озбайды.
Жүлде алмаған жүйріктен,
Белі жуан бесті артық.
Білгені беку «ғалымнан»
Басалқа айтқан есті артық.
Өз ақылым ақыл-ақ,
Кісі ақылы шоқырақ.
Естінің сөзі-
Ескінің көзі.
Ақыл ағадан,
Ілтипат ініден.
Енбегі жоқ ғалым-
Ыстығы жоқ жалын.
Көп сөйлеген білімді емес,
Дөп сөйлеген білімді.
Кешірімділік-анадан,
Кішіпейілдік-данадан.
Көптің ойы-кемеңгер.
Жоғары қарап пікір ет,
Төмен қарап шүкір ет.
Адам ақылымен бай,
Жер дақылымен бай.
Ақылды жылдығын,
Ақылсыз күндігін ойлайды.
Қанағатсыздың көзі үлкен,
Ақылсыздың сөзі үлкен.
Аяқ-азамат,
Қол – мүлік.
Бас- сандық
Тіл – кілт.
Аштың ақылы тамағында,
Жаяудың ақылы табанында.
Алпыс нарың болғанша,
Ақылды жарың болсың.
Әлсіз адам сүріншек,
Ақылсыз адам еріншек.
Білекті бірді жығады,
Білімді мыңды жығады.
Күш-білімде,
Білім- кітапта.
Қына тасқа бітеді,
Білім басқа бітеді.
Көрмегенге көсеу таң.
Білімдіге дүние жарық,
Білімсіздің күні кәріп.
Үйінде озған-түбінде озар.
Алғығы қарап,пікір ет,
Артқыға қарап,шүкір ет.
Болат біз-қап түбінде жатпас.
Қолдағы бар алтынның
Қадірі жоқ.
Өз білмегеніңді кісіден сұра,
Үлкен болмаса,кішіден сұра.
Ақыл –дария
Аласа да таусылмайды.
Жер –қазына
Сауса да таусылмайды.
Ақымақтың ақылы білегінде,
Ақылдының ақылы-жүрегінде.
Түстік өмірің болсағ
Кештік білім жи.
Сиырдың сүті –тілінде,
Жігіттің құты-білімде.
Еңбек ердің-санаты,
Білім ердің-қанаты.
Көлді жел қозғайды,
Ойды сөз қозғайды.
Ақыл –бастан,
Асыл-тастан.
Кітап-алтын қазына.
Оқусыз білім жоқ,
Білімсіз күнің жоқ.
Құшаққа сыймаған ,
Қиялға сыяды.
Білегіңе сенбе
Біліміңе сен.
Талап-тұлпар,
Білім-сұңқар.
Шәкіртсіз ұстаз –тұл.
Білімі жоқ-ұл,
Жұпары жоқ –гүл.
Аз сөйле,көп тыңда.
Зейінді жас –
Білімге бейімді жас.
Білімінің басы-бейнет…
Соңы-зейнет.
Оқып сөйлеме,
Көңіліңе тоқып сөйле.
Білмесең үндеме,
Білгенді күндеме.
Арманы жоқ жас-
Қанатсыз қарлығаш.
Ата-ананың сөзі-
Айдың жолдың өзі,
Ақылдының сөзі-
Ақ дарияның өзі.
Жалғыз шала жанбайды,
Шала оқыған оңбайды.
Азаматқа –парасат,
Ақылсызға –ағаш ат.
Ақыл айтсаң –батыл айт.
Өмірдің өзі-ұлы ұстаз.
Аға-
Еңбекпен көркем,
Бала-
Біліммен көркем.
Өнер-қанат,
Білім-сағат.
Ақылы жоқтың-арманы жоқ.
Әліппенің ар жағы-білім бағы.
Заманына қарай киімі,
Зердесіне қарай түйіні.