- Көзі көрместің көңілі сөнбес.
- Көзі көрмей, көңілі тоймас.
- Көз бен қол көңілдің жалшысы.
- Көзді ұялу үшін берген.
- Көр көрсе, жүз ұялады.
- Келсем де өз аяғым,
Кетсемде де өз аяғым. - Көзбен көрген анық,
Құлақпен естіген танық. - Көрген көзде жазық жоқ.
- Көз көргеніне сенеді,
Құлақ естігеніне сенеді. - Көз көруге,
Ақыл білуге,
Жүрек сүюге тоймайды. - Көз көрмесе, сөз құлақты алдайды.
- Кеудеден көкірек жақын.
- Кері кеткеннің сақалы кеңірдегінен бітеді.
- Кетер аяғым, кетпен таяғым.
- Құлақ естігенді көз көрер.
- Қастағы сояу көзді аңдиды.
- Құлақ естімес, естісе кешікпес.
- Қисық аяққа – қисық кебіс.
- Қатты жүрсең «қазық аяқ» дер,
Ақырын жүрсең, «маймақ аяқ» дер. - Қастағы сызу көзді алдайды.
- Құлақ не естісе, ауыз соны айтады.
- Құлақпен естігенді көзбен көрген артық,
Көзбен көргенді бастан кешкен артық. - Мұртқа өкпелеп жүргенде сақал шықты.
- Он екі мүшең сау болса,
Қара басың ханмен тең. - Оңсызда шығайын деп тұрған көз еді.
- Оң көзіне сол көзің қарауыл болсын.
- Он екі мүшең сау болса,
Жарлымын деме.
Жаныңда жараң болмаса,
Зарлымын деме. - Он екі мүшең сау болса,
Сәулет емей немене.
Он саусағың сау болса,
Дәулет емей немене. - Ойлану кейде нәркескен,
Жүректі сара тіледі. - Оң қолың сол қолыңа арашашы болсын.
- Өзі білмегеннің аузына қарама.
- Саусағы ұзын биші болады,
Құлағы ұзын күйші болады. - Соқырдың қожасы – құлағы,
Ақсақтың аяғы – таяғы. - Саңырауға бас десен, құлақ дейді.
- Саусақ жазылса – қылдырық,
Жұмылса – жұдырық. - Соқырда екі көз жоқ,
Сараңда бір көз жоқ. - Сыныққа – сылтау,
Құлақсызға – мылқау. - Соқырдың көзі – шерлі.
- Соқырдың көзі – көңілінде.
- Су анасы – бұлақ,
Сөз анасы – құлақ. - Сырдың суы сирағымнан келмейді.
- Сасқанда аузың табылмас.
- Тіс – тілдің қамалы.
- Тілге шешен, іске мешел.
- Тіл ерді қабырға салар,
Нарды қазанға салар. - Тілмен тікен де алады.
- Тілде тиек жоқ,
Ауызда жиек жоқ. - Тіл қылштан өткір.
- Тіл тәтті, бауыр қатты.
- Тіл — көңілдің кілті.