КІСІЛІК ТУРАЛЫ МАҚАЛ-МӘТЕЛДЕР

  1. Кісінің бергені кісіге ырыс болмас.
  2. Кісі есігі сом темір,
    Ерітуге ер керек.
  3. Кісінің үйінде құл болсаң,
    Өз үйінде ұл боларсың.
  4. Кісінің жоғын кісі
    Өлең айтып жүріп жоқтайды.
  5. Кісі жапа көрмей, опа көрмес,
    Кемшілік көрмей маңдайына тимес.
  6. Кішіпейілділік –кішілік емес,кісілік.
  7. Кісі болар баланы кісісінен танимын.
  8. Күн жаманы кетер
    Кісі жаманы кетпес.
  9. Кісімін дерсің, кім екеніңді,
    Басыңа іс түскенде білерсің.
  10. Кісі қатесіз болмас,
    От түтінсіз болмас.
  11. Кісі болар баланың,
    Кісіменен ісі бар.
    Кісі болмас баланың,
    Кісіменен несі бар.
  12. Кісілік бір басқа, кіділік бір басқа.
  13. Кісіднгінің кілті аспанда.
  14. Кісіге қарсы ұсьаған қара пышақтың
    Ұшы қарыс ұзарады.
  15. Кісіден тілегеннің екі көзі шығады.
    Еңбегіне сенгеннің екі бүйірі шығады.
  16. Көргеннен көз ақы сұрама.
  17. Кісі кірмеген үй көрмен тең,
    Ішілмеген умен тең.
  18. Кімнің асылы кімге қор болмаған.
  19. Кісіде ақың кетсе де, хақың кетпесін.
  20. Кісінің бергенің кісіге ырыс болмас.
  21. Кісі көркі – шүберек.
  22. Кебіс ұрлаған бір кісі,
    Күмәнді болар мың кісі.
  23. Қарау адам – күншіл.
    Мекер адам – міншіл.
  24. Қарау адам – нәпсінің құлы.
  25. Қамшысыз кісі көсеумен қамшылар.
  26. Қисық ағаштың түбіне қонба,
    Қыңыр адамның үйіне қонба.
  27. Қыдырманың баласы әуп-әуп деп жылайды.
  28. Қазына қазына емес,адам қазына.
  29. Қазағы риза, бәлеге сабыр.
  30. Қайыңатаңа жау щапса, қоса шап.
  31. Қарыс жерде қаза бар,
    Қарыс жерде қазына бар.
  32. Қара шаштың ақтығы –
    Бір өлімнің хақтығы.
  33. Қараңғыда кісінің бәрі соқыр.
  34. Құнты жоқ кісі көсеумен қамшылар.
  35. Қасқыр ішігі бар кісі,
    Жолдасының тоңғанын білмес.
  36. Қарусыз кісінің қайраты зая,
    Қайратсыз кісінің айбаты зая.
  37. Қисық қабырғадан қыңыр адам қиын.
  38. Мен жеген боқты ит жесе , қақалып өлер еді.
  39. Мың күнгі жұмақтан,
    Бір күнгі тірлік артық.
  40. Мейірбандылық кісілік үлгісі.
  41. Он бала бір әкеге жүк болмайды,
    Бір әке он балаға жүк болады.
  42. Ойхой, дүние серуен,
    Адам бір көшкен керуен.
  43. Ойы щолақ адамның ісі олақ.
  44. Отының болмаса, көршіден сұра,
    Өзің білмесен, кісіден сұра.
  45. Өз ақылым – ақыл-ақ,
    Кісі ақылы – шорқақ.
  46. Өз үйінде шекпен пішпеген,
    Кісі үйінде мақтал пішер.
  47. Өзі отырған адам,
    Келгенге орын береді.
  48. Пәлегі таза қауынның,
    Түйнегі таза болады.
    Жүрегі таза адамның,
    Түйіні таза болады.
  49. Пәк пенде пілесіз.
  50. Су да төмен қарай ағады,
    Кішіпейіл кісіге жағады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *