- Ағайынмен алыстан сыйласқан жақсы.
- Алыста жүрсе кісінескен ағайын,
Жақында жүрсе тістескен ағайын. - Ағайын дауға керек,
Мал жауға керек. - Ағайының барда дұшпаным жоқ деме,
Абысының барда күндесім жоқ деме. - Ағайынның сырты бүтін, іші түтін.
- Ағайынға қарап мал өсер,
Қарағайға қарап тал өсер. - Ағайын – ағайынның айнасы.
- Ағайын-туғанның қызығы – алыс-беріс,
Құдалықтың қызығы – барыс-келіс. - Ата-анадан жар жақын,
Туысқаннан мал жақын. - Ағайын ащы, мал тұщы.
- Ағайың үйі – ақ жайлау.
- Ағайын бірде араз, бірде тату.
- Асу-асу белдер бар,
Аса алмай жаудың аты өлсін.
Ағайынмен тату бол,
Айыра алмай жат өлсін. - Ақша қарда көп жүрсең,
Көзің бір қарығар.
Ағайыннан шет жүрсең,
Көңілің бір күн тарығар. - Ағайынның азары болса да,
Безері болмас.
Ағайын өкпеге қиса да,
Өлімге қимас. - Аталастың саудасы айында қайтады.
- Жалғыздың жоғы жоғалса табылмайды,
Көптің жоғы жоғалса да табылады. - Жақыны көп жасқанбайды.
- Жалғыздың өзі сығай,
Екеудің бірі жұбай.
Үшеудің бірі шарана,
Төртеудің бірі қаймана. - Жанашыры жоқ адам,
Жал-құйрықсыз атпен тең . - Жаттан жеген майлы астан ,
Жақынның жұдырығы артық . - Жақынды жат етсең ,
Жатқа күлкі боларсың . - Жауда да бір үйің болсын.
- Жақыннан қорған, алыстан айбар.
- Жан алып жат болма.
- Көпшіліктен береке кетпес,
Берекелі жерден мереке кетпес. - Көсеуің ұзын болса, қолың күймес,
Ағайының көп болса, ешкім тимес. - Қанына тартпағанның қары сынсын
- Жетім бала секілді жездем пақыр.
- Жаман күйеу қайыншыл.
- Жиен мыңнан, күйеу жүзден үлкен.
- Жиенді ұрғанның қолы қалтырар.
- Жиен келді дегенше,
Жеті бөрі келді де. - Жиеннің назары жаман.
- Жақсы қасиет нағашыдан жұғады.
- Қарағай бойы қар жауса да,
Жұтамайды сауысқан.
Қанды қалпақ кисе де,
Қиыспайды туысқан.
1) Ана туралы
- Ана жүрегі теңізден терең .
- Аналы баланың өзі тоқ,
Анасыз баланың көзі тоқ. - Ананың алақаны балаға айдынды қоныс.
- Ағайынның алтын сарайынан,
Ананың жыртық лашығы артық. - Ағайын алтау, ана біреу.
- Ананың сүті – бал,
Баланың тілі – бал. - Анасын сүйгеннің баласын сүй.
- Анасын көріп, қызын ал,
Қарасын көріп, бөзін ал. - Ана сүтін ақтамағанды ешкім мақтамайды.
- Асығу – баланың ісі,
Аттандыру – ананың ісі. - Ана сүтімен көрмесе,
Пана сүтімен көрмес. - Әке – жезде, шеше – күйме.
- Тапқан ана емес, баққан ана.
- Туғанына мекіренбеген ана безбүйрек,
Тумысында уызына уызына жарымаған төл қатпа. - Жұмақ аналардың табанының астында.