АДАМГЕРШІЛІК ТУРАЛЫ МАҚАЛ-МӘТЕЛДЕР

  1. Адам зейіні алмастан өткір.
  2. Адамзаттың баласы кім болса да,
    Жолда жатыр деп басып өтпе.
  3. Адамның қолы гүл,
    Маңдайдағы тері нұр.
  4. Адамның жаманы бар,
    Күннің жаманы жоқ.
  5. Адамды тұрар адам қып,
    Ақ жүрек, кең адалдық.
  6. Адам – адам үшін.
  7. Адамның жаманы кетпес,
    Күннің жаманы кетер.
  8. Адамды еңбек,
    Ағашты – миуасы көркейтеді.
  9. Адам арын ойлайды,
    Надан дүниеге тоймайды.
  10. Адам тілінен жазады,
    Ұры – ізінен жазады.
  11. Адам ақылымен бай,
    Жер дақылымен бай.
  12. Адам баласы ит жанды.
  13. Адамды көңіл семіртеді.
  14. Адам жылқы мінезді:
    Бір күнде түлейді, бір күнде жүдейді.
  15. Арық атаңды жүк қартайтады,
    Семіз қойды май қартайтады,
    Күйгелек адамды ой қартайтады.
  16. Адам жақсы көргенін шұнағым дейді.
  17. Ат өледі, ер қалады,
    Адам өледі, жер қалады.
  18. Адам болатын бала алысқа бармайды.
  19. Адам асыққанмен Алла асықпайды.
  20. Ат жақсысын мақта,
    Адам жақсысын жақта.
  21. Адамға ақыл көптік қылмайды.
  22. Адам жүрмеген жермен адам жүреді,
    Біреу білмегенді біреу біледі.
  23. Адам қатасыз болмас, көл бақасыз болмас.
  24. Адамдықтың белгісі – иіліп сәлем бергені,
    Шын достықтың белгісі – көп кешікпей келгені.
  25. Адам ұйымшыл, мал үйіршіл.
  26. Адам жайын ауылдас білмейді, істес біледі.
  27. Адам мен адам арасы –
    Аспан мен жердей.
  28. Адам бір-біріне қонақ.
  29. Адам әдет етеді, әдет түпке жетеді.
  30. Ағаның үйі – ақ жайлау,
    Інінің үйі – іннен тар,
    Қыздың үйі – қыннан тар.
  31. Ажал отызға дейін артыңда жүреді,
    Отыздан кейін алдыңнан күтеді.
  32. Айналдырған құдай алмай қоймайды.
  33. Ақылды адам айтқызбай біледі,
    Ақсұңқар құс қаққызбай іледі.
  34. Ақыреттің мың күні
    Жалғанның бір күніне садаға.
  35. Ажал жетпей шыбын өлмес.
  36. Ажал сұрап келмейді.
  37. Ажал ажарға қарамайды.
  38. Ажал адамды өмір бойы аңдиды.
    Бір-ақ рет алады.
  39. Ажалда жаңалық жоқ.
  40. Адам қырықта қылау,
    Елуде елік.
  41. Адам – адамға, жан – кеудеге мейман.
  42. Ауылдағының аузы сасық.
  43. Адамның жаны – Алланың аманаты.
  44. Асылып өлген адамның үйінде,
    Арқан туралы әңгіме айтпа.
  45. Алланың шайтаннан адамның шайтаны күшті.
  46. Аш адам алты көрпе жамылса да, ұйықтай алмайды.
  47. Айыбы бар адам кеңестен қалмайды.
  48. Ақ жүрген адам азбас.
  49. Аш адам құдайын ұмытады.
  50. Аш адам – ұрысқақ,
    Ақсақ қой – тырысқақ.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *