САБАҚ ЖОСПАРЫ

«Балалардағы жоғары нерв әрекетінің типтері» интеграциялық сабақ жоспары

Пәні: Психология

Сабақ тақырыбы:  Балалардағы жоғары нерв әрекетінің типтері

(Темпераменттердің психологиялық сипаттамасы)

Сабақтаң мақсаты:

білімділік: Балалардағы жоғарғы нерв әрекетінің типтерін анықтау, баланы оқыту, тәрбиелеу кезінде баланың жоғарғы нерв әрекетінің типтеріне сәйкес педагогикалық әрекет жасауға үйрету. Мінез, темперамент қабілеттерінің қалыптасуын бақылау;

тәрбиелік: жаңа білімді игеру арқылы студенттерді ұжымдылыққа тәрбиелеу, әр адамның темперамент типін ескере отырып, қарым-қатынас мәдениетін ұйымдастыруға үйрету. 

дамытушылық: әр студенттің өзіндік көзқарасын дамыту, өз пікірлерін қорғай білуге баулу.

Күтілетін нәтиже:  1. Студенттер әр адамның жоғары нерв әрекетіне байланысты темперамент типтерін өздігінен ажырата алады.

2. Жоғары жүйке әрекеті мен темперамент жайлы білімнің жүйелі, тиянақты болуын қамтамасыз етеді.

Қолданылатын әдістер:

                     1. Case-study әдісі

                     2. Сұрақ-жауап әдісі

Қажетті құралдар: Интерактивті тақта, электронды оқулық

Сабақтың типі: интеграциялық сабақ

Оқыту технологиясы:

1. Ақпараттық-инновациялық

2. Іскерлік ойын технологиясы

Көрнекіліктер: интерактивті тақта, слайд, әуен және т.б.

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі. (Студенттер назарын сабаққа аудару. Студенттерді түгендеу. Сабақтың өту тәртібімен таныстырып, топты топшаларға бөлу, топ басшысын тағайындап, бағалау парақтарымен жұмыс жасауын қадағалау).

«Менің темперамент типім» атты іскерлік ойын.

2. Үй тапсырмасын тексеру.

«Ми қыртысындағы нерв процестері» тақырыбы бойынша студенттерді топтастыру. Төрт топ бойынша қарастырылатын мәселелер:

1. Иррадиация-тежелу, қозу

2. Индукция-теріс, оң

3. Доминанта принципі

4. Динамикалық стереотип

         Студенттер өз ойларын жеке, сосын жұпта, содан кейін топта талқылап, қағаз бетіне түсіріп, ортаңыздан ойларыңызды дәлелдеп, қорғаушы спикер дайындаңыздар. Спикер тақырыпты қорғайды.  Студенттер берілген тақырып бойынша өз ойларын ортаға салады.

         3. Жаңа материалды меңгерту.Жоғары жүйке жүйесінің типтеріне сәйкес музыкалық шығармалар орындалады:

  1. Моцарт «Турецкий марш» — сангвиник;
  2. Шостакович «Романс» — флегматик;
  3. Бетховен  «Лунная соната» — меланхолик;
  4. Вагнер «Полет Валькирий» — холерик.

«Балалардағы жоғарғы дәрежелі нерв әрекетінің типтері». Әр баланың нерв жүйесінің тұқым қуалау жеке қасиеттер мен өмірден алған тәжирбесіне сыртқы ортадан алған мінез құлқынтарына жоғарғы нерв әрекетінің типтері деп жинақтайды.

И.П.Павлов жоғарғы нерв әрекетінің типтерін ми қыртысындағы қозу мен тежелудің негізі үш қасиетке байланысты төрт типке бөледі.

  1. қозу мен тежелу күшті
  2. қозу мен тежелу тепе тең
  3. қозу мен тежелу алмасады
Күшті ширақ Күшті ұстамсыз Күшті енжар Әлсіз
Қозу мен тежелу күштіҚозу мен тежелу тепе-теңҚозудың тежелуге алмасуы тез Қозу мен тежелу күштіҚозу тежелуден басымҚозудың тежелуге алмасуы кейде тез, кейде баяу Қозу мен тежелу күштіТежелу қозудан басымҚозудың тежелуге алмасуы баяу Қозу мен тежелу әлсізТежелу қозудан басымҚозудың тежелуге алмасуы баяу

Темперамент – сөзінің шығу тегі латынша «темпераментум» – қоспа, ұйқастық  дегенді білдіреді. Яғни бұл атаудың мәні нәрселердің не заттардың мөлшер шамаластығы деген түсінікті білдіреді.

Темперамент – адамның психикалық әрекетінің нақты динамикасын айқындайтын психиканың дара қасиеттерінің жиынтығы.

Темперамент жөніндегі ғылымының ірге тасын қалаған ежелгі грек дәрігері Гиппократ (б.э.д. Vғ.). Оның тұжырымы бойынша, адамдар төрт «дене шырындары» арқылы ажыратылады. Бұл теория гуморальді  теория деп аталады (латынша «гумор» − сұйықтық). 

  • Қан  [кровь]– денені жылытады.
  • Шырыш (сөл)  [макрота]– салқындатады.
  • Өт  [желчь]– құрғатады.
  • Запыран (қара өт) [черная желчь] – дымқылдатады.

Ежелгі дүние дәрігері Клавдий Гален (б.э.д. ІІ ғ.) Гиппократтың теориясын арқау ете отырып,  алғашқы темперамент түрлеріне ғылымдық сипат берді. Гален темперамент түрін денедегі шырындардың бірінің басымдылығымен байланыстырды. Ол біздің заманымызға дейін жеткен темперамент түрлерінің атауларын белгіледі.

  • Сангвиник (sangius — қан)
  • Флегматик (phlegma — шырыш)
  • Холерик (chole — өт)
  • Меланхолик (melanа chole — запыран)

Неміс психологы Э.Кречмер (1888—1964) теориясы

(Батыс Европада кең қолдауын тапты)

Ежелгі дәуірлерден бастап зерттеушілер адамдардың дене құрылымы және физиологиялық қызметінің ерекшеліктерімен сай келетін көптеген әрекет-қылықтарды топтап, ретке келтіруге ат салысты. Осыған орай темпераменттің көп түрлі типологиясы қалыптасты. Бұлардың ішінде назар саларлықтай – адамның дене құрылымына байланысты дараланып, тума темперамент қасиеттеріне негізделген – конституциялық типология (Э.Кречмер). Бұл теорияның мәні: әр адам өз дене құрылымына орай өзіндік психикалық ерекшелікке ие. Осыдан дене мүшелерінің (қол, аяқ, бас, кеуде, т.б) сырттай өлшемдеріне байланысты төрт конституционалды тип белгіленген:

Конституционалды  психикалық тип                                                                                 

1. ПИКНИК – мығым, семізшең, кіші немесе орта бойлы, қарны қампиған, домалақ бас, қысқа мойын.

2. ЛЕПТОСОМАТИК – бойшаң, нәзік денелі, көкірек тұсы жайылыңқы, тар иықты, қол- аяғы ұзын.

3. АТЛЕТИК – бұлшық еттері күшті дамыған, денесі мығым, берік, ұзынша не орта бойлы, кең иықты, жамбас сүйектері тартылған.

4. ДИСПЛАСТИК – дене бітімі қисынсыз. Бұл адамдар әрқилық мүшелік зақым-сырқаттарға ұшырағандар (тума

аяқ-қолы кемістер)

Темперамент типінің жүйке қасиеттері

И.П.Павлов теориясы

(Эксперименталды дәлелденген)

И.П.Павлов иттің шартты рефлекстік ерекшеліктерін зерттей отырып, олардың қылық-әрекеттеріндегі даралық өзгешеліктердің пайда болуына назар аударды. Мұндай айырмашылықтар ең алдымен иттердің рефлекстік қозулары мен сол қозулардың  сөну теңдігі мен дәлдігінен көрінген. Бұл жағдайлардың көрінуі жүйке процесінде қалыптасатын тұрақты қасиеттер – қозу мен тежелуге байланысты екендігі жөнінде эксперименттермен дәлелденген. И.П.Павлов темперамент типінің жүйке қасиеттері ретінде қозу мен тежелу күшін, тепе-теңдігін және қозғалмалылығын атап көрсетті.

Темперамент типінің жүйке қасиеттері

Аталған жүйке процестерінің қасиеттері негізінде жүйке жүйесінің типі немесе жоғары жүйке қызметінің типі деп аталатын құрылым түзіледі. Бұл жүйе әр дара тұлғаның жүйке жүйесіне тән негізгі қасиеттер бірлігінен құралады. Ол қасиеттер: қозу мен тежелу процестерінің күші, тепе-теңдігі, қозғалмалылығы. Осы үш қасиетті негізге ала отырып, И.П.Павлов жүйке процесінің күшіне орай және күшті тип пен әлсіз типті айыра, дәстүрлі Гиппократ типологиясына жақын жүйке жүйесінің төрт негізгі типін ажыратты:

  • күшті, қозу мен тежелуі теңдей, қозғалмалы – сагвиник;
  • күшті, қозу мен тежелуі теңдей, салғырт – флегматик;
  • күшті, қозуы басым – холерик;
  • әлсіз тип  – меланхолик.

Сонымен, И.П.Павлов түсінігінде, жүйке жүйесінің типі тума беріледі, тәрбие мен қоршаған орта ықпалынан өзгеріске келе бермейді. Осыдан жүйке жүйесінің қасиеттері – жүйке жүйесінің жалпы психикалық көрінісі болған темпераменттің физиологиялық негізін қалайды, яғни адам темпераменті – жоғары жүйке жүйесінің сырттай әрекет қарқынында танылатын психикалық бейнесі.

«Case study» әдісі бойынша практикалық тапсырма. Әр топ төмендегі кестеге темперамент типтері бойынша бір жағдаят қарастырады:

І топша – Проблемалық талдау

ІІ топша – Жүйелік талдау

ІІІ топша – Праксеологиялық талдау

ІV топша – Прогностикалық талдау

«INSERT» кестесін толтыру:

Білемін Білгім келеді Үйрендім
     

Үйге тапсырмасы:

  1. Темпераментті анықтайтын тестілер мен әдістемелерді жинақтау
  2. Оқушы темпераментімен санасу  

Бағалау: Студенттерді бағалау (бағалау парақтарына сүйену)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *