Бекітемін
Директор
______________
____ ___________ 20 жыл
№1 САБАҚТЫҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК ЖОСПАРЫ
Оқытушы
Пән Салыстырмалы грамматика
Мамандық «Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі»
Топ
Күні
Сабақтың тақырыбы Қазақ және орыс тілдеріндегі фразеологизмдер
Сабақтың негізгі сатыларына уақыттың мөлшерленуі
1. Ұйым-дастыру кезеңі | 2.Тірек білімдерін қайталау | 3. Жаңа материал-ды баяндау | 4. Жаңа матери-алдарды бекіту | 5. Білік-дағдылардықалыптас-тыру | 6. Үй тапсырмасы | 7. Са-бақтың қорытындысын шығару | 8. Бар-лығы |
3 | 15 | 15 | 10 | 10 | 4 | 3 | 60 |
Сабақтың типі:
Сабақтың түрі семинар
Сабақтың технологиясы: Сындарлы оқыту технологиясы
Сабақтың SMART мақсаты:
Cтуденттер фразеологизмдердің мағынасын зерттейді, орыс және қазақ фразеологизмдерінің аудармасына тоқталады. Қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде фразеологизмдердің қолданылу ерекшеліктерін қарастырады.
Пәнаралық байланыс: Ағылшын, орыс тілдері.
Материалдық-техникалық құралдар: оқулықтар, кітаптар, сызбалар, интерактивті тақта, слайд
Негізгі әдебиеттер:
1. Г.Шалқарова, А.Сатыбаева «Салыстырмалы грамматика» Фолиант. Астана, 2007 ж.
2. Фразеологиялық сөздіктер.
3. Абайдың үш тілдегі өлеңдер жинағы.
4. Ү.Кеңесбаева «Ағылшынша-қазақша фразеологиялық сөздік», Алматы, 2006 ж.
САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ
1.Ұйымдастыру кезеңі(оқушылардың сабаққа қатысуын, сабаққа дайындығын тексеру) Оқушылар түгенделіп, сабақ мақсатымен таныстырылады. Жаңа материалды түсіндіруге дайындық жүргізіледі.
2.Тірек білімін тексеру — сұрақ-жауап (топпен, жеке-дара, тапсырмаларды орындау, тесттер, кроссвордтар)
Сұрақ-жауап, әңгімелесу әдістері және сындарлы оқыту технологиясының элементтері арқылы студент білімі тексеріліп, өтілген материал тақырыбы өтілетін материалмен байланыстырылады.
3. Жаңа материалды баяндау
4. Жаңа материалды бекіту
Студенттер екі тілдегі дыбыстардың жіктелуін зерттеп, салыстырып, білімдерін дамыту мақсатында практикалық тапсырмалар орындайды.
5. Білік-дағдыларын қалыптастыру (өзіндік жұмыс)
Өзіндік жұмыстарға тапсырма беріледі (ауызша, жазбаша түрде).
Студенттер оқулықтағы жазбаша тапсырмаларды, суретті тапсырмаларды орындайды.
6. Үй тапсырмасы
Фразеологиялық сөздіктен 10 тұрақты тіркес жазып, сөйлем құрастыру.
Оқытушы _ __ _______________
(Ф.А.Ә.) (қолы)
Онлайн сабақтың барысы: — Салеметсіздер ме, құрметті ұстаздар, әріптестер және студенттер!? Бүгін салыстырмалы грамматика пәнінен ФБ-41 тобымен «Қазақ, орыс тілдеріндегі фразеологизмдер» атты интеграциялық онлайн сабағымызды өткізгелі тұрмыз. «Тілдің фразеологиялық қоры – халықтың, ұлттың ділі мен мәдениетінің қайнар көзі, ұлттың өзіндік ерекшелігі мен рухы, қайталанбастай бейнеленетін кез келген ұлттық тілдің жаны» деп ғалым В.А.Маслова фразеологизмдердің ұлттық болмысын тануда, ұлттың ұлттығын сақтауда аса маңызды екендігін атап көрсеткен. Онлайн сабақтың smart мақсаты – студенттер фразеологизмдердің мағынасын зерттейді, орыс және қазақ фразеологизмдерінің аудармасына тоқталады. Қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде фразеологизмдердің қолданылу ерекшеліктерін қарастырады. Сабақтың құрылымы сындарлы оқыту технологиясына сай негізделгендіктен, мынадай кезеңдерден тұрады: Ұйымдастыру кезеңі, Үй тапсырмасын сұрау кезеңі, Кері байланыс, Кіріспе сөз, Проблеманы анықтау кезеңі, Сергіту сәті, Проблеманы шешу кезеңі, Кері байланыс, Проблеманың шешімін қолдану кезеңі, Рефлексия, Үй тапсырмасын беру, өзіндік бағалау кезеңдері.
- Ал балалар, сабағымызды жалғастырайық. «Kahoot» әдісі арқылы үй жұмысын сұраймын.
Бұл әдістің алгоритмі мынадай:
- «Көңілді смайликтер» әдісі арқылы бір-бірімізді тапсырма орындау арқылы бағалаймыз. Топшада ең көп жинаған балаларға көңілді смайликті сыйлап, есімдерін атап өтейік.
Кіріспе сөз: — Good morning, Rezida Zeinulayevna!
- Good morning, Aizhan Orazbaevna! How are you today?
- Thanks, good! And you?
- Me too, thanks.
- Rezida Zeinulayevna, today, we are studying phraseology in Kazakh Russian and English languages online. We focused on phraseology in Kazakh, Russian and English, now we want to listen to the phraseology in English as it an integration lesson. Tell us about phraseology.
- Ал енді қазір проблеманы анықтау кезеңі. Балалар, Алдарыңызға берілген жаңа тақырыптың мәтінімен танысып, талдап, сол бойынша постер қорғайсыздар. («Қазақ тілі» тобына «Фразеологиялық түйдектер мен тіркестер», «Орыс тілі» тобына Қазақ және орыс тілдеріндегі фразеологиялық синонимдер, «Ағылшын тілі» тобына «Ағылшын және қазақ тілдеріндегі фразеологизмдердің қолданылуы» тақырыптары беріліп, әр топ постер қорғайды.)
Сергіту сәті. Студенттер өздерінің жиі қолданатын фразеологизмдері жайлы видео көрсетеді. Зер салайық.
Проблеманы шешу кезеңі. Балалар «Түрлі-түсті асықтар» және «Пирамида» әдісін қолданып, асықтар таңдау арқылы деңгейлік тапсырмалар орындап, білімдерін нығайтады. Студенттер тапсырманы орындау барысында Дина Нүрпейісованың «Әсемқоңыр» атты күйін тыңдай отырып орындайды.
- Репродуктивті деңгейде студенттер семантикалық картаны толтырады.
Семантикалық картаның мақсаты: Төменде берілген фразеологизмдердің мағыналарын сәйкесінше тауып, семантикалық карта толтырыңыз.
- Алгоритмдік деңгейде 4-5 фразеологизмдерді сәйкестендіру. Берілген тапсырма үш топқа алуан түрлі етіп берілген.
- Эвристикалық деңгейде Абай өлеңдерінен екі тілдегі фразеологизмдерді табу және мәнін ашу.
- Шығармашылық деңгейде «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» тақырыбына ертегі құрастыру. (Осы топтық тапсырманы орындау барысында Құрманғазының күйі орындалады. Үш топтың ішінен ең ұтымды шыққан ертегі бағаланып, сол топ марапатталады).
- Ал енді осы кезеңнен кейін кері байланыс жасайық. Бұл жерде біз «Екі жұлдыз бір тілек» әдісі арқылы тапсырманы бағалаймыз. Әр топша стикер қолдану арқылы айналым жасап, бір-бірінің жұмысын бағалайды. Әр топтан екі-үш оқушы кері байланыс жасайды.
- Ал келесі кезең – проблема шешімін қолдану кезеңі. Бұл жерде Резида Зейнуллаевнаның тобымен бірге онлайн жүйесінде тапсырманы орындаймыз. Мұнда «Аукцион» ойыны арқылы кім аз уақытта көп тұрақты тіркес жазғанын анықтау. Екі аудиторияның студенттері суретті карточкамен жұмыс жасайды. Шыққан суретті қорғап, жұмыстарын қорытындылайды.
(«Қазақ тілі» тобына арналған)
(«Орыс тілі» тобына арналған)
(«Ағылшын тілі» тобына және онлайн жүйедегі А- тобына арналған).
Рефлексия. «Көңіл-күй букеті» тәсілі арқылы студенттер гүл шоқтары арқылы кері байланыс жасайды. Сабақты қорытындылайды. Әр студент өзінің сабақтан алған әсерін айтып гүлдерін себетке салады. Студенттер гүлдерін қалтарыста ұстау керек. Әркім сабақтан алған сөзін бір ауыз сөзбен айтады.
Мұғалім сөзі: Абайдың «Сегіз аяғынан» үзінді:
Білгенге жол бос,
Болсайшы қол бос,
Талаптың дәмін татуға.
Білмеген соқыр,
Қайғысыз отыр,
Тамағы тойса жатуға.
Не ол емес, бұл емес,
Менің де күнім – күн емес.
Ғылымды іздеп,
Дүниені көздеп,
Екі жаққа үңілдім.
Құлағын салмас,
Тіліңді алмас
Көп наданнан түңілдім.
Екі кеме құйрығын
Ұста, жетсін бұйрығың.
Осымен, онлайн жүйедегі интеграциялық сабағымыз аяқталды. Көріп тамашалағандарыңызға көп рахмет!