ЖАСТАР ЖЫЛЫ

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Жастар жылының ашылу салтанатының
С Ц Е Н А Р И ЙІ

Пролог
(Сахнаға ҚР картасы шығарылады, қыздар флешмоб билейді)
Өлең
Арыстандай айбатты,
Жолбарыстай қайратты –
Қырандай күштi қанатты.
Мен жастарға сенемiн!- Барлығы бірге
Көздерiнде от ойнар,
Сөздерiнде жалын бар,
Жаннан қымбат оларға ар,
Мен жастарға сенемiн!- Барлығы бірге
Жас қырандар – балапан,
Жайып қанат ұмтылған.
Көздегенi көк аспан.
Мен жастарға сенемiн! — Барлығы бірге
Жұмсақ мiнез жiбектер.
Сүттей таза жүректер.
Қасиеттi тiлектер –
Мен жастарға сенемiн! — Барлығы бірге
Тау суындай гүрiлдер,
Айбынды алаш елiм дер,
Алтын Арқа жерiм дер,
Мен жастарға сенемiн!
Қажу бар ма тұлпарға,
Талу бар ма сұңқарға,
Иман күштi оларда,
Мен жастарға сенемiн!… — Барлығы бірге
1 : Армысыздар, құрметті Жанайдар Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің бүгінгі салтанатты іс-шараға келген қадірменді қонақтары мен жастары!
2 : Жастар – барлық прогресстің қозғаушы күші, еліміздің әлемдік аренада бәсекеге қабілеттілігінің басты факторы, ұлы даланың дәстүрі мен салтын келер ұрпаққа жеткізер болашағы. Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың жариялауымен 2019 жылы жастар жылы болып бекітілді.

1: Осы уақытқа дейін жастарға жасалынып келе жатқан мүмкіндіктер толассыз. Әлеуметтік — экономикалық немесе тұрмыстық бағыттардағы жобалар жетерлік. Әйтседе, жастар жылында бастау алар бастамалардың орны ерекше. Оны Елбасымыз жастар жылының ашылу салтанатында жасаған баяндамасында кеңінен тоқталды. Жастардың сапалы әрі қолжетімді білім алуы, тұрақты жұмыспен қамтамасыз етілуі, тұрғын үй мәселесі басты назарда болуы тиіс екендігін алға тартты.

2: Соның ішінде студент жастарға біршама жобалар нақтыланды:

  1. Жұмыспен қамту;
  2. Дипломмен ауылға;
  3. Білімді маман;
  4. Елбасы соның ішінде 4К қасиеттерді дамытуды алға тартты. Олар: критикалық ойлау, коммуникация, коллаборация және креативтілік.
  5. Open Astana University;
  6. Жасыл Ел. «Жасыл қала — жасыл ауыл» бағдарламасы жүзеге асып студенттік құрылыс отрядтары көбейетін болды.

1:
Егеменді елімнің болашағы,
Кімге де ой тастамас бала қамы.
Білімді ұрпақ елімнің шам-шырағы,
Өшпесін мәңгі бақи бала шамы.

Еркін өссін жастарым елімізде,
Тәуелді болмай өссін жерімізде.
Жастар аман бақытты болып тұрса,
Желбірейді көк байрақ төрімізде.

2:
Міне биыл жастар жылы аталды.
Қазақ елім жаңғыруға бет алды.
Енді сірә, тоқтата алмас ешбір күш,
Жібітеміз қиынменен қаталды.

Оян, досым, тізгін міне бізде енді.
Ескі талап жаңа қадамға өзгерді.
Біздің қолда енді келер болашақ,
Зор үмітпен нақты мақсат көзделді

1: Бүгінгі салтанатты жиынымыздың ашылуына орай сөз кезегін ………………………….беріледі.

2: Келесі сөз кезегі (қонақ) …………………………………………………………………….. беріледі.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *