Словакия Республикасының Білім, ғылым, зерттеулер және спорт министрлігі «Ұлттық стипендиялық бағдарламасы» (NSP) шеңберінде шетел азаматтарына, соның ішінде Қазақстан Республикасының азаматтарына, студенттердің, аспиранттардың, университет оқытушыларының, Словакияның жоғары оқу орындары мен зерттеу ұйымдарының зерттеушілері мен суретшілерінің оқу/зерттеу/оқытушылық мобильділігін қолдау үшін стипендия ұсынады.
Бағдарлама үміткердің санатына сәйкес стипендия төлейді және халықаралық сапардың ақысын өтейді.
Стипендияның нысаналы аудиториясы:
бакалавриат (кем дегенде 3-курстық оқу) және магистратура студенттері:
Стипендияның (оқудың) ұзақтығы: 1–2 семестр (4 айдан 10 айға дейін)
Стипендия көлемі: 350 еуро.
PhDдокторанттары:
Стипендияның (оқудың) ұзақтығы: 1 айдан 10 айға дейін
Стипендия көлемі: 580 еуро.
Оқытушылар/зерттеушілер/өнер саласы:
Стипендияның(оқудың) ұзақтығы: 1 айдан 10 айға дейін
Стипендия көлемі: 580-нен 1000 еуроға дейін.
Өтінім беру үшін қажетті құжаттар:
түйіндеме;
уәждемелік хат;
Словакиядағы университетте болу үшін толық оқу жоспары;
екі ұсыныс хаты;
оқу орнынан анықтама;
Словакия университетінен шақыру хаты және оқуға қабылдау туралы хат.
Өтініш онлайн режимінде беріледі. Өтінімдерді қабылдау мерзімі: 2018 жылдың 31 қазаны, Словакия уақыты бойынша 16:00-ге дейін.
NB: стипендия және оның шарттары туралы нақты ақпарат https://www.scholarships.sk/en/ «Ұлттық стипендиялық бағдарламасы» (NSP) сайтында