Жазушы Пауло Коэльоның ұстаз туралы жазбасынан:
Бір күні ұстаз шәкірттеріне от жағып, айнала отырып әңгімелесуді ұсыныпты. Кешке шәкірттері ұстазын от жағып, дөңгелене отырып күтіпті. Ұстазы шәкірттеріне:
- Сендер отты жаққанда қандай күй кештіңіздер?
- Шәкірттер: Біз от тұтанам дегенше түтінге тұншықтық, қолымызды ағаштардың қиындылары ауыртты, тоңдық…
- Ұстаз: Ал қазір?
- Шәкірттер: Қазір маздап жанған оттың жылуына жылынып, әңгімелесіп рахаттанып отырмыз.
Ұстаз: Сендерді үлкен өмірге тәрбиелейтін ұстаздың да білім берудегі мақсаты осындай. Білім алар кезде шаршайсыңдар, бірақ артынан сол білімнің нанын жейсіңдер!