Өзгенің киімі


Бір адам жария түрде Омар Хаямды балағаттайды.
— Сен, опасыз! Ұрлықшы! Мұндай сөздерге жауабына Омар Хайам тек күлімсіреп кетті.Мұндай көріністі байқаған барқыт киген белгісіз адам одан сұрады: Мұндай дөрекілікті қалайша көтересіз? Сіз мұндай қорлыққа қалайша төзісіз?
Омар Хаям жауапқа тек күлді. Жүр менімен, — деп жауап қатты.
Белгісіз оның шаң басқан үйіне еріп барды. Хаям шамды жағып, сандықты ақтара бастады, оның ішінен түкке тұрғысыз жыртық халат алып шықты. Оны жаңағы барқыт киген белгісізге киюді ұсынды.
Белгісіз халатты алып, оны қарап, таңданды: — Маған мұндай кір киілген киім неге қажет? Мен тәуір киінгенмін, сіздің мұныңыз не? – деп, киімді өзіне лақтырып жіберді.
— Көрдің бе, деді Хайам, — сен алба-жұлба киімді кимедің. Дәл солай мен, әлгі адамның лас сөздерін кимедім.
Мораль: Біреуге ренжу, әрекетін сөгу – ол дәл осындай киімді киюмен тең.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *