«Балаға мейірімді Қазақстан» республикалық балалар Форум-фестивалі

Жариялау күні: 06.11.2017

2017 жылғы 20-21 қараша күндері Дүниежүзілік балалар күнін мерекелеу аясында Астана қаласында «Балаға мейірімді Қазақстан» атты республикалық балалар Форум-фестивалі өтеді.

Іс-шара Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің, Қазақстан Республикасындағы балалар құқығы бойынша уәкіл және Қазақстандағы БҰҰ балалар қорының (ЮНИСЕФ) қолдауымен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ұйымдастыруымен өтеді.

Республикалық Форум-фестивалдің мақсаты — «Мәңгілік ел» жалпыұлттық патриоттық идеясы негізінде өскелең ұрпақтың бай рухани құндылығын, жасампаз азаматтық ұстанымын қалыптастыру.

Балалар Форум-фестивалінің жұмысына республикамыздың барлық өңірлерінен келген әлеуметтік жобалар конкурсының, ғылыми жарыстар, әлеуметтік жобалар, республикалық және халықаралық шығармашылық байқаулардың 320 шығармашыл жеңімпаз-балалар қатысады.

Форум-фестивалге қатысушы балалар үшін пікір алмасу алаңдары ұйымдастырылады, онда балалар пікір алмасу алаңдарында сөз сөйлеп, республикамыздағы балалар қозғалысын жандандыру мен ұйымдастырудың өзекті мәселелерін, балалардың шығармашылық, ғылыми, қоғамдық әлеуетін, сондай-ақ балалар арасындағы шығармашылық байланысты нығайту, балалардың шешім қабылдауға қатысуындағы құқықығын іске асыру бойынша мәселелер талқыланатын болады.

Форум-фестивалге қатысушы балалар Астананың көрнекі  жерлерін аралайды.

Форум-фестиваль жұмысы Форум-фестивалге қатысушы балалар өнер көрсететін гала-концертпен аяқталады.

Форум-фестивалдің қорытындысы бойынша  балаларға сертификаттар мен естелік сыйлықтар табыс етілетін болады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *