Марғасқа жырау туралы дерек

Марғасқа жырау (туған және өлген жылдары белгісіз) (XVII ғ.)– ақын, жауынгерлік рухтағы жырларды шығарушы, қазақ поэзиясындағы көне дәстүрді жалғастырушы. Жалпы жыраудың өмірі, шығармашылығы туралы бізге жеткен деректер тым аз. Дегенмен қолда бар деректерге қарағанда Марғасқа жырау Есім ханның жорық жырауы, қол бастаған батыры болған. Қилы замандарда шапқыншылықтар мен жорықтардан халықтың жанын сақтап, малын қорғау ханмен қатар осы тұлғалардың да жауапкершілігінде болған. Есім ханның жорық жырауы ретінде елдің тыныштығы үшін аянбай еңбек еткен ол халықты жәбірлеген мейірімсіз хандарды аяусыз сынаған. 1627 жылы Ташкент өңіріне билігін жүргізіп тұрған Тұрсын ханның Есім ханға қарсы бүлігін басуға қатысқан. Жырау Есім ханның өмірі мен ерлік істері суреттелген «Еңсегей бойлы ер Есім» атты жеті мың жолдық тарихи жырды алғаш жырлаушы болған деген болжам бар.

 

Ей, Қатаған хан Тұрсын!
Кім арамды ант ұрсын.
Жазықсыз елді жылатып,
Жер тәңірісің, жатырсың,
Хан емессің қасқырсың,
Қара албасты басқырсың!
Алтын тақта жатсаң да
Қазаң жетті қапылсың!
Еңсегей бойлы ер Есім,
Есігіңе келіп тұр,
Шашқалы тұр қаныңды,
Кешікпей содан қатарсың!

Марғасқа жырау

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *