Ұлымды ұйықтатпақ болып, төсегіне жатқыздым, ол болса, “Кереуетімнің астында мақұлық бар”, — дейдi. Таңғалып кереуеттің астына иiлiп қарасам, ол жерде ұлым:- Әке, төсегімде басқа бiр бала жатыр, — деп қорқып отыр.
Таң ата ұялы телефонымнан өзiм ұйықтап жатқан суретiмдi тауып алдым. Мен үйде жалғыз тұрамын.
Джектің 23:00-де болатын “Қауіпті сәт” бағдарламасы басталғанда теледидар пультiн таба алмай қалатыны бар. Осыдан екі жыл бұрын қайтыс болған ағасы да бұл бағдарламаны ұнататын едi…
Жарым кеште жалғыз өзім такси тоқтаттым. Жүргізушісі:- Қай мекенжайға барасыңдар? — деп сұрады.
Қорқынышты түс көріп, арпалысып жатыр екенмін. Зорға оянып көзімді ашсам, төсегімнің аяқ жағында ағам отыр.
— Не болды? — деп сұрады.
— Түсімде бір топ шайтанның бастарын қолыңа ұстап мені қуалап жүрсің, — деп едім.
Ағам басын жұлып алды да, “Былай ма?”, — деді…
Кешкісін жұмыстан қайтып бара жатып, төменге түсу үшін лифтті шақыру нүктесін бастым. Қарасам, адам жоқ. Тез ішке ендім. 10-қабаттан түсіп келемін, 6-қабатқа жеткенде, лифт тоқтатылып, есігі ашыла бергенде қыз бен жігіт кірмекші болды да, іркіліп кейін шегініп кетті. Лифт жабылар-жабылмастан бір-біріне айтып жатқан: — Не деген көп адам еді! — деген таңғалысқа толы сөздерін құлағым шалды…
Түн ішінде компьютер ойнап отырғанмын. Кенет терезе тықылдағанға барып қарасам, көрші досым сыртқа шығып ойнап келуге шақырды. Мен терезені ашып ойынға шыға алмайтынымды айтуға оқталғанымда ойыма өзімнің бүгін ғана 1-қабаттан 10-қабатқа көшіп келгенім түсті.