Қайыршы кемпір усадьбаның қақпасын қақты. Кигені кемпірдің алба-жұлбасы, аяғында шылғаудан жаман кемпірдің жыртық шұлығы, башпайы ағаш, көз уайымнан шүңірейіп кеткен.
Қолына елу тиын ұстатып сөзге тарттым:
— Әжей, сенің бармаған жерің, баспаған тауың жоқ, сонда не қызық көрдің?
Кемпір егіліп тұрып жылады:
— Оның несін сұрайсың, қарағым, мен не көрмеді дейсің!
Аяғын шалыс сүйретіп жынды Ваня келе жатыр, шашы аппақ. Онысын жұлмалап қырқып тастаған, үстінде әйелдің көйлегі, иығында дорба.
— Ваня, амансың ба! Қал қалай?
Ол сілекейін шұбыртып ыржиып күлді:
— Жүрміз ғой, көке, көл-көсір жастың көмегімен! Көл-көсір жастың қуатымен!
Иван Бунин
1930.