Әр елдің мектептері туралы қызықты деректер

Триместрден құралатын Жапониядағы оқу жылы сәуір айынан басталады. 20 маусымда алғашқы триместр аяқталып, балалар жазғы демалысқа шығады. 1 қыркүйек пен желтоқсан аралығында екінші триместр, ал қаңтар мен наурыз айларында үшінші триместр болады. Көктемгі бір апталық демалыстан кейін бір сыныптан екінші сыныпқа өту үрдісі жүреді.

♦ Жапонияда мұғалім мамандығы тек ер адамдарға тән. Әйел адам ұстаздар өте аз.

 ♦ Көп Жапония мектебінде асхана болмайтындықтан, олар тамақты сыныпта отырып ішеді.

 ♦ Чехияда демалыс жаз бен қыс айларында болады. Жазғы демалыс 2 айға созылады.

 ♦ Еліміздегідей Чехияда да 2, 3, 4, 5 сынды бағалар қояды. Алайда олар үшін «5» — ең нашар, ал «2» — ең жақсы баға болып есептеледі.

 ♦ Чехияда бір мұғалім бірнеше пәнді жүргізеді. Мысалы, әдебиет пәнінің ұстазы дене шынықтыру сабағын да өткізеді. Ал келесі бірі чех тілі мен ән айтуды, химияны жүргізуі мүмкін.

 ♦ Финляндияда оқушыны өз еркінен тыс шақыруға болмайды. Оқушылардың кемшілігін өзге сыныптастарының көзінше айтуға тыйым салынады.

 ♦ Фин мектептерінде сыныпта бір сабақты екі ұстаз өткізеді. Олар – ұстаз бен оның көмекшісі.

 ♦ Финляндия мектептерінде әр сабақ аяқталған сайын оқушылар далаға шығып отыруы тиіс. Және жыл мезгілі мен ауа райына қарамастан міндетті түрде шығады.

♦ Куба мектептерінде жоғары сынып оқитын оқушылар белгілі бір мамандықты игере бастайды. Қалалық жерде оқитын оқушылар 5-7 аптаға ауылға барып жұмыс істейді.

♦ Швеция мектебінің директоры талантты оқушыны оқу жылы аяқталмастан келесі сыныпқа көшіре алады. Алайда міндетті түрде ата-анасының рұқсаты болуы тиіс.

♦ Қытай ЖОО-ларында сабақ небары 40 минутқа созылады.

♦ Қытайда балалар желтоқсан айының соңынан ақпан айының басына дейін демалыс болады. Бұл уақыт кезінде Жаңа жылды атап өтеді.

♦ Ирландияда 6-15 жас аралығындағы балалар міндетті түрде мектепке баруы тиіс.

♦ Норвегия мектептерінің оқушылары жасына қарай бірнеше топқа бөлінеді: бастауыш сыныптар, 14 жасар жасөспірімдер, 18 жастағылар. Осы жастарына сәйкес бөлек ғимаратта оқиды.

♦ Норвегия оқушыларына 8 сыныпқа дейін баға қоймайды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *