Мұрагерсіз патша
Баяғыда бір патша, өзі Құдай емес, Құдайдан былай емес бола тұрса да, бір ұл балаға зар болыпты.– Ұлым болса, мұрагерім болар еді-ау, – деп армандайды. Сонда бір уәзірі ақыл айтады. – Бұл өмірде армансыз әйел болса, сол әйелдің дамбалын өз жұбайыңызға кигізсеңіз, Құдай бұйыртса, ұл бала табады, – дейді. Содан соң патша жер-жерге шабармандар шаптырады. Бірақ еш жерден армансыз әйел табылмайды. Бәрінің әйтеуір бір арманы бар. Шабармандар салдары суға кетіп, бастары салбырап қайтып келе жатса, әріректе бір қатын отын арқалап бара жатыр екен. Шабармандар:– Бұл байқұста арман жоқ деймісің, – деп бұрылғысы келмесе де, – кім біледі, мүмкін, жолымыз болар, – деп әлгі әйелді атқа мінгестіріп ала кетеді. Патша алдына келгенде, патша сұрайды: – Шыннан арманың жоқ па? – деп. Сонда әлгі отын арқалаған қатын: – Е, арманым да жоқ, дамбалым да жоқ, қараң қалғыр! – деп қойып қалыпты.
Бұл да бір кем дүние.