Итаяқтың кесірі

Шiлденiң шықылдаған ыстығында күншығыстан қарасаң, күнбатыс жақта Келiншектау ағып жатқан асау алтын өзен сияқты. Күннiң аптабы қайтып, кешкi салқын түсе Келiншектау анық көрiне бастайды. Сонда Келiншектау туралы ерте-ерте ертедегi аңыз еске түседi.Отыз күн ойын, қырық күн тойы болып, байдың қызы ұзатылады. Қырық түйеге артылған жасаудың бәрi алтын, күмiс, гауһардан екен дейдi. Ұзыннан ұзақ созылған дәулетжар көштiң алдында келе жатқан қыз әкесi қызынан:– Қалай қызым, жасауыңа көңiлiң тола ма? – деп сұрапты. Сонда ұзатылып бара жатқан қыз: – Ризамын, әке, тек итаяғым алтыннан болмады-ау, – дептi. Мұндай тойымсыздыққа не айтарын бiлмеген әке байғұс қос қолын терiс қарата жайып жiберiп: – О, қанағатсыз мұндар, қаратас болып қатып қал! – деп, қатты қарғапты. Қарғыс Құдайдың құлағына шалынып, бүкiл асыл көш лезде қаратас болып қатыпты да қалыпты.

Қанағатсыздыққа, тойымас…

Шерхан Мұртаза

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *