Ерте, ерте, ертеде Баласағұн шаһары болғаны рас. Ол Шу өзенінің бойында тұрған екен. Ал дауласып жүрген қазақ пен қырғыз оқымыстылары. Шу өзені екеуінің де аумағында жатыр. Сонда Баласағұн сол Шудың қай тұсында тұрған?Қырғыздар айтады: «Шудың бойында Тоқмақтың тұсында Бурана деген мұнара тұр. Әне, сол Баласағұн», – дейді. Оны да көрдік. Мұнара бар екені рас. Бірақ Баласағұн егер де кәдімгідей қала болса, қала тұрмақ, кішігірім ауыл сиятын жер жоқ. Бір жағы – жар, бір жағы – Шу. Ал профессор Шалакенов айтатын Баласағұн Ақсу дейтін өзеннің Шуға құятын қиылысында құладала жерді алып жатыр. Айналасы ат аптырым қазылған ордың сұлбасы да көрінеді. Қазақтың әл-Фараби атындағы мемлекеттік университеті тарих факультетінің студенттері жылда жазда осында қазба жұмыстарын жүргізеді. Көне қаланың толып жатқан белгілері табылған. Бұл жайдың басы қашан ашылады?
Бір кем дүние.
Шерхан Мұртаза