ТӨРТ ЖЫЛ ӨТТІ…

ТӨРТ ЖЫЛ ӨТТІ…

Төрт жыл өтті алды жөн, арты сырдаң,
Қарғын ақты қаншама жалқы шыңнан.
Қоңырауын төрт рет қағып өтті
Сенің есіл жылдарың дәл тұсымнан…

Қоңыраулы жылдардың үнін бөліп,
Жыр оқыдым мен саған бүгін келіп.
Ерте түскен сол күзге қайта барып,
Сол күз болып өртендік… дірілдедік.

Тұңғиыққа шым батып лағыл арман,
Тарам-тарам жол шықты тағы да алдан.
Ақ жүзіңді күні ертең сағынам-ау,
Ерінімде бал тәтті табы қалған.

Жағасына жағалай ел қонбаса,
Көрікті боп көрінбес көлдер де аса.
Бір-бір тамшы ащы жас үзейікші,
Сол екеуі қосылсын ең болмаса…

Автор: Есенғали РАУШАНОВ

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *