Қыран бүркіттің мойнына шығатын жалғыз құс бар екен. Ол-қарға. Ол бүркіттің желкесіне сүлікше жабысады. Бірақ бүркіт қарсылық көрсетіп күреспек түгілі, оған бола уақыт пен күшін сарп етпейді. Бар болғаны қанатын кеңге жайып, көкке самғайды. Ол биіктеген сайын ауа тарылып,қарғаның дем алуы қиындайды. Ақыры дем жетпегесін, жан керек қарғаның өзі-ақ төменге құлдилайды. Сол сияқты, өз мақсатыңа жетуің үшін сенің де біреуге бірдеңе айтып, дәлелдеп жатуыңның қажеті шамалы. Бар болғаны-алға жүре бер, қалғаны өз-өзінен артта қалады.