Бақытжан Тұрсынұлы Жұмағұлов (1953 жыл 18 тамыз Алматы облысы) — мемлекет және қоғам қайраткері, ҚР Білім және ғылым министрі (2012 жылдан бастап).
Әкесі — Жұмағұлов Тұрсын, марқұм, ҰОС ардагері. Анасы — Қасаболатова Кенжетай, зейнеткер, мәдениетсаласының Еңбек сіңірген қызметкері.С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университінің механика және қолданбалы математика факультетін (1979)
«Қолданбалы математика» мамандығы бойынша; «Әділет» Жоғарғы заң мектебін (1999) заңгер мамандығы бойынша бітірген.
Физика-математика ғылымдарының кандидаты (1989).
Техника ғылымдарының докторы (1997). Докторлық диссертациясының тақырыбы: «Біртекті емес сұйықтықтардың математикалық үлгілері мен сүзілуі және олардың мұнай кен орындарына арналған компьютерлік технологиялардағы қосымшалары».
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры (1999 жылдан).
Халықаралық инженерлік академияның (1996 жылдан), ҚР Ғылыми ақпараттық агенттігінің (1997), Нью-Йоркғылым академиясының (1999 жылдан), Қырғыз Республикасының ҰҒА (2003 жылдан), Белорус инженерлік академиясыңың академигі (2003 жылдан). ҚР ҰҒА құрметті академигі (2003 жылдан).