Ағылшын тілін үйренген кезде олардың сөздері өзіміздің қазақи сөздеріне ұқсастығы барын байқадым. Сол жайлы сізге айтып берейін. Сөздерінің ұқсастығын түсіну үшін, келесе теориямен танысыңыз…
Сәлем! Ағылшын тілін үйренген кезде олардың сөздері өзіміздің қазақи сөздеріне ұқсастығы барын байқадым. Сол жайлы сізге айтып берейін. Сөздерінің ұқсастығын түсіну үшін, келесе теориямен танысыңыз. Бұл менің жеке ойым, және ақиқаттан алыс болуы мүмкін, оны тек ағылшын тілін жақсы үйрену үшін қолайлы деп түсіну керек, саяси не басқа да кемсіту ойым жоқ тұғын. Түсіністікпен қарайсыз деп сенемін.
Баяғы заманда Көк Түрік аталарымыз жер бетін кезіп жүріп тұманды Альбионға кемелерінің басын тірепті мыс. Бәлкім адасып келді ме, апатқа ұшырап қалған аталарымыз, әлде әдейі Тәңір жайлы ақиқатты жеткізем деді ме, білмедім. Әйтеуір аяғы ағылшын жеріне жетіпті, тек жол бойы діңгене (цинга, құрқұлақ) деген ауыруға шалдығып, алдыңғы тістері түсіп қалыпты. Содан айтқан сөздерінің бәрі шала естілетін болды жергілікті халықтарға. Осыдан th деген дыбыс пайда болды. Әрине аталарымыз мықты болғандықтан жергілікті адамдар оларға құдайдың елшісіндей қарады. Әр бір сөзін тыңдап түсінуге тырысып жүрді. Содан көне түрік сөздерміз олардың сөздік қорына еніп тіл байлығын толтыра түсті. Сол сөздердің мысалдары:
Дюйм — Түйме деген сөзге өте жақсы келіп тұр. Одан шығатын Түймеқыз ағылшындағы Thumbelina сөзіне келіп тұр.
Sir — Сері (Сэр). Еркектерге берілетін дәреже.
Birmingham — Бір мың ем (Қала аты). Бәлкім осы қалада емшілер тұрған шығар.
Peer — Пірі (Пэр). Сенат ішіндегі жоғары лауазымды ерлер. Ел серкелері.
Home — Үйім(өз үйім — өлең төсегім).
House — Қуыс (пана, үй).
Manage — Меңгеру (бақылау, қадағалау).
Boot — Бұт (аяқ киім) деген сөз бұл жерде қырғызша аяқ дегенге келіп тұр.
Boy — Бойі ердің түсына жеткен (боз бала).
Baby — Бөпе (бөбек).
Steak — Ыстық (құырылған еттен жасалған тағам).
Queen — Күн(Патшайым). Егер патшалардың басына киетін тәжді алсаңыз, онысы күнге әбден ұқсап тұр. Домаланып жан жағына нұрларын шашып. Сонда патшайымды күнмен теңестірген ғой сірә.
And — Енді (және). Ары қарай не болды деген сияқты.
Men, Man — Мен (ер адам) деп ерді атаған болар. Әйелдерін көрмеді ме, жоқ әлде әйел жанға «мен» деп айтуға болмады ма екен. Қазақша біз мысалы айтамыз: арбамен, қамшымен, кемемен дегендей …
Women — Үй мен(әйел адам). Үйге тиесілі, үйге қарайтындарды солай атаған болар.
Suan — Су аңы (аққу). Сол баяғы өзгермей қалған атауы.
Негізі осындай ұқсас сөздер өте көп. Келесі жолы тағыда қосармын. Ары қарай айтсақ, ұқсастығы сөз құрастыруда тағы бар. Мысалы ағылшын тілінде ер дегенді істеген адамды көрсету үшін сөз соңына қосады. Онысы тұра қазақи естіліп тұр. Мысалы: Ардагер, Қаламгер, Мұрагер және т.б.
Ағылшын тілінде: eater, broker, soldier, engineer және т.б.
Одан ары, етістікті (глаголды) көрсету үшін ағылшын тілі to (ту) деп сөздің алдына қосады:
to do, to watch, to see, to love…
Ал енді қазақ тіліне қарасаңыз, тіптен ұқсас -ту деген сөз тіркесі бар. Мысалы: Жасату, Бастырту, көбейту. Тек ағылшын тілінде ол сөздің алдында тұрса, қазақша ол соңында қойылып, оған қоса -ду, -у болып қолданылады. Тағыда қазақша мынандай сөз айтылады: жақсы ету, әдемі ету, бос ету. Осы ету сөзі де ағылшын тілінде to болып қалды.
Тағыда, ағылшын тілінде көптеген ерекшеліктер бар. Мысалы, болу деген сөз бір неше түрінде жазылады: to be, is, was, were, will. Тағыда осыған ұқсас сөздер бар. Бұл ерекшеліктін шыққан тегі менімше өзге елдің ықпалынан түуындап отыр. Баяғыда, ағылшын тіліне өзге елдің мәдениеті билік еткен, содан ерекшеліктер қосылды. Тұра солай, Кеңес дәуіріндегі орыс тілі басым болып қазақ тіліне біраз ерекшелкітерді кіргізіп қойды. Әріптердің өзін алып қарасақ — щ, ц, ъ, ь, э, ю, я. Сол тәрізді баяғыда құдіретті елдің аузынан естілген сөздер сол күйінде ене берді де, қазір тіпті мақтанышқа айналып кетті олар үшін. Жалғасы бар…
Болат: https://yvision.kz/post/207541