Ағылшын тілінің қолданыс аясы жыл санап артып келеді. Күн сайын 1000 жаңа сөз еніп, осыншалықты сөз қолданыстан шығады. Біз сіздерге қазір қолданыста жүрген жаңа неологизмдерді ұсынбақпыз.
1. To binge-watch [bɪn(d)ʒwɒtʃ] Бір сериалды көріп бастағанда өзіңізді тоқтата алмай, әр бөлімін бірінен соң бірін жалғастырып қарай беретін әдетіңіз болса, бұл сөз сол мағынаны білдіреді.
2. Cat lady [ˈkæt ˌleɪdi] Мысық асырау, оны өсіру қазір трендте. Әсіресе, тұрмысқа шықпаған, жалғыз қыздар мысыққа құмар. Біздің тіліміздегі «тәуелсіз, күшті» әйел адамның ағылшынша нұсқасы осылай.
3. Clicktivism [ˈklɪktɪvɪz(ə)m] Бұл – нағыз қазақтың әдеті. Белгілі бір саяси, қоғамдық жұмыстарға байланысты тек өз пікірін айтып қана қоятын адам. Ал, оны істеуге келгенде, әдетте әрекетсіздік орын алады.
4. Couplie [ˈkʌpli] Егер әлеуметтік желілерде қос ғашық бірге түскен суреттерін жиі жариялайтын болса, онда бұл тіркес – соларға арналған жаңа атау. Бәріне мәлім «селфи» сөзіне ұқсас жасақталған, тек түбірі – couple («жұп») сөзі.
5. To drunk-dial [ˌdrʌŋkˈdaɪəl] Көңілді кештерден соң масайып қалған досыңыз әлдекімге телефон шала бастады ма? Бұл жағдай ағылшын тілінде to drunk-dial деп аталады.Қызық, иә?!
6. Froyo [ˌfrəu’jəu] Froyo — «frozen yoghurt» сөзінің қысқартылған нұсқасы. Бұл тағам түрі соңғы уақытта кең қолданысқа ие. Бүкіл әлем бұл тағамды үздік десерттердің қатарына қосып қойған.
7. Gloatgram [gləut’grɑm] Instagram қолданушыларының арасында өзінің көлігімен, сыйлықтарымен, киімі мен өзге де артықшылықтарымен мақтанатындар көп. Gloatgram — автордың қаншалықты жақсы өмір сүріп жатқандығын дәлелдейтін жазба.
8. To humblebrag [ˈhʌmblbræɡ] Өзінің жетістіктерін сөз арасында айтып қала беретін адамдардарға арналған атау. Жетістіктерін мақтанып емес, көп жағдайда арызданып жеткізеді.
9. HIIT [hɪt] Нigh-intensity interval training сөзінің қысқарған нұсқасы. Оның аудармасы:«жоғары интесивті интервалды жаттығу». Кардиоға қарағанда HIIТ арықтауға тезірек әсер етеді.
10. To mansplain [mænˈspleɪn] Өзінің ақылдылығын көрсету үшін, бәріне анық затты асыра сілтеу арқылы жеткізетін адамның заманауи атауы.
11. To photobomb [ˈfəutəubɒm] To photobomb — біреу суретке түсіп жатқан сәтте, суретті бүлдіру мақсатында жасалатын әзіл әрекеттер. Мүмкін, сіз де «photobomb» адамдардың қатарына енетін боларсыз?!
12. Ringxiety [rɪŋˈzaɪəti] Егер жиі телефон қоңырауын немесе хабарламаның дыбысын еститін болсаңыз, өзіңізді шизофрениктердің қатарынан алып тастаңыз. Бар болғаны сіздегі белгілер «Ringxiety» деп аталады.
13. Screenager [‘skriːneɪdʒə] Ұялы телефон, теледидар секілді гаджеттерден бас алмайтын жасөспірімді осылай атаңыз. Сөздегі: screen («экран») және teenager («жасөспірім»).
14. Textretary [‘tekstrət(ə)rɪ] Көлік жүргізіп келе жатқан адамның орнына хабарлама теретін адамды осылай атайды. Яғни, жүргізушінің хатшысы деген жаңа қызметке берілген атау.
15. YOLO [‘jəuləu] «Уou only live once» – сен бір рет өмір сүресің! Бұл өмір сүруге шақыратын, мотивация беретін тіркес. Өмір қызық. Мүмкіндік барда, тілдерді меңгеріңіз, саяхаттаңыз, арманыңызды шындыққа айналдырыңыз. Шынымен, YOLO!
Толығырақ: https://massaget.kz/layfstayl/bilim/gumanitarly-ylymdar/48223/