Асан Қайғы Сәбитұлы XIV ғасырда ғұмыркешкен, Алтын Орда, қазақтың данышпан ақылгөй жырауы, өз дәуірінің абызы, бас биі, Шоқан Уәлихановтың айтуы бойынша, қазақ халқының қамын, болашағын ойлаған «дала философы», осындай ойшыл, ел қамын жеп, қайғы-қасірет кешкен Асан атына кейін «қайғы» сөзі қосылып аңыздалып кеткен. Шежіре-аңыздардың айтуынша Асанның әкесі Сәбит ұзақ жасаған, он сегіз мың ғаламның, құстың, жан-жануардың тілін білетін, өзі көріпкел әулие, атақты саятшы болса керек. Ол баласы Асанды ес білгеннен осындай қасиеттерге баулып өсіреді. Сондай өнегелі, ұлағатты тәрбие көрген Асан жас кезінен-ақ туған халқынын қамын, оның келешекте ірі де, іргелі ел болу жағын ойластыра бастайды. Сондықтан да ол жас болса да хан, сұлтан, би, бектермен бірге жүріп, оларға ақыл қосысады, ой-пікір жарыстырып, тайталасып ержетеді. Бозбала кезінен-ақ ол ақындық-жыраулық, шешендік, тапқырлық өнерді жете меңгереді. Ел дауын, жер дауын, әдет-ғұрып мәселесін шешерде оның ақылдылығы, алғырлығы, кесімді, шешімді билік сөздері өзге би, шешендерден үстем боп шыға береді. Әз Жәнібек (туған жылы 1342) Бүкіл Алаш жұртын билеген, Алтын Орда ханы Асан жырау сол Әз Жәнібекпен бірге талай-талай мәселелерді баскаруға, шешуге араласады. Әз Жәнібек өлген соң Асан би Дешті Қыпшаққа қайта оралады. Алайда ордадан бөлінген рулар Шу, Сарысу бойына орналасқан соң, ел іргесі берік, ағайын арасы тату болуы жолында күреседі. Асанқайғы ең алдымен хандық үкіметті күшейту, елдің қорғаныс қабілетін арттыру қажет деп санайды. «Әз Жәнібек ханды уақытша табысқа мастанып кеттің, қазақ халқының, Алтын Орда болашағын жете ойламайсың деп сөгеді».Асанқайғы қойға қошқар, жылқыға айғырсалмай, бура шөгермей, сиырдыбұқасызсақтап, малды үш жылға дейін ту қылып ауған екен. Мұнысы көшкен елге төл аяқ байлау болмасын дегені болар. Сол ауып бара жатқан бетінде Алтын Орданың ханы Әз Жәнібекке кез болыпты. Бұрын үш рет той жасап шакырғанда Асанқайғы бармаған екен. Ауып бара жатып кез болған соң, Әз Жәнібек айтыпты:- Бұрын бір хан болыпты. Ханның қасында бір қараша кедей коңсысы болған екен. Ханның малының сүмесінен қозы қарын май мен бір қап құрт алған екен. Күзді күні күздеуге қонар мезгілде, қараша: «Ханның бәйбішесі ханымды шақырып алып, осы құрт пен майдын алдын таттырып кетейік. Сонда бізге қалғаны жұғым болар. Ханымға таттырмай кеткен соң берекесі болмас» — дейді.
Ханымды үйіне шақырса, қарашаның үйіне кіріп шығуға намыс қылып керіліп, «әне барамын, міне барамын» деп ақыры бармапты. «Құрт, майдың алдын ханымға таттырмай кетпейміз» деп әлгі байқұстар ханымды сарғайып күтіп көп уақыт көшпей отырып калыпты. Күндердің күнінде ханым келе жатса, ханның кісі алатын бурасы оны қуыпты. Ханым сасқанынан, қараша үйге қойып кетіпті. Сонда шал байғұс айткан екен:Шақырса келмес ханымды,Бура қуып келтірді.Қалжы-бұлжы дегізбей,Тура қуып келтірді.Бастай көр қатын құртыңды,Сала көр қатын майыңды, —
— депті. Сол айтқандай, үш рет тойыма шақырдым, келмедің. Ақыры қадірсіз, аяқсыз келдің-ау Асаным!- Рас айтасың, Әз Жәнібегім. Ойың ұрғашыға ауған екен, — дейді Асан-қайғы. — Өз бойымдағы ағат ісіңе ие бола алмаған жан едің. Сондықтан айтып отырсың, сен өзің неге той қылдың, білесің бе? Бірінші рет той қылдың, қарақалпақтың қызы Қарашаш сұлуды алдым деп. Екінші рет той қылдың, Жайық судың бойынан дауыл өтпесе, жан өтпейтін үй салдырдым деп. Оған несіне келейін, — деп Асан жырлап кетті:- Ай, Жәнібек хан!Айтпасам білмейсің.Жайылып жатқан халқың бар,Аймағын көздеп көрмейсің.Қымыз ішіп қызарып,Мастанып қызып терлейсің.Өзіңнен басқа хан жоқтай,Өзеуреп неге сөйлейсің?Қорған салдың бейнет қып,Қызметшің жатыр ішіп-жеп.Он сан ноғай бүлінді,Мұны неге білмейсің?Қатын алдың қарадан,Айрылдың хандық жорадан.Ел ұстайтын ұл таппас,Айрылар ата мұрадан.Мұны неге білмейсің?Құладың құстың құлы еді,Тышқан жеп жүні түледі.Аққу құстың төресі,Ен жайлап көлде жүр еді.Аңдысып жүрген көп дұшпан,Еліңе жау боп келеді.Құлың кеп сені өлтірер,Осыны Асан біледі.Мұны неге білмейсің?Осыны көрдім түсімде,Біл десе де білмейсің.Ей, Жәнібек, ойласаң…Қилы-қилы заман болмай ма,Суда жүрген ақ шортан,Қарағай басын шалмай ма?Мұны неге білмейсің?Айтқан тілді алмасаң,Енді мені көрмейсің!
Асанқайғының айтқанына басын шұлғығаннан басқа хан дәнеме демепті. Сол жолы екеуі дос болып, жалғыз жетім Жәнәліні сұрап алып қалыпты. Сол Жәнібек хан тұсында Қаратауатырабымен Түркістан тәңірегіне жан- жақтан анталаған көз тігушілер көбейеді. Шығыстан монғолдар, батыстан Әбілқайыр тұқымдары Түркістандағы өмірін жүргізіп, сауда-саттықты өркендетпек болады.
Бұл кезде Сарайшықта отырған Жәнібек хан Еділ, Жайықты, Жем, Ойылды тастап Түркістанға қарай үдере көшіп, қоныс аударады. Сонда Жәнібектін бұл әрекетін Асан би жақтырмай, оған былай деп сын айтады:Қырында киік жайлаған,Суында балық ойнаған,Оймауыттай тоғай елінің,Ойына келген асын жейтұғын,Жемнен де елді көшірдің,Ойыл деген ойыңды,Отын тапсаң тойынды,Ойыл көздің жасы еді,Ойылда кеңес қылмадың.Ойылдан елді көшірдің,Елбең-елбең жүгірген,Ебелек отқа семірген,Екі семіз қолға алып,Ерлер жортып күн көрген.Еділ деген қиянға,Еңкейіп келдің тар жерге.Мұнда кеңес қылмасаң,Кеңестің түбі нараду…Ақылды белден алдырдың,Көңілді жаман қалдырың…Нәлет біздің жүріске!Еділ менен Жайықтың,Бірін жазға жайласаң,Бірін қысқа қыстасаң,Ал, қолыңды маларсың,Алтын менен күміске