Логопедия

Логопедия (гр. logos — cөз, ілім, paіdeіa — тәрбиелеу, оқыту) — психология мен педагогиканың тіл кемшілігін, оны жою мен оның алдыналудың әдістері мен қағидаларын зерттейтін саласы. Бала тілінде болатын кемістіктерді зерттеп, оны жоюдың жолдарын іздестіретін арнайы педагогика тарауының бірі.

Алғаш 17 ғасырда қолға алынғанымен тілінің мүкісі бар балаларды медицина және психология жолдармен зерттеп, тиісті емдеу шараларын қолданудың жолын табу әрекеттері 20 ғасырдың 30-жылдарына дейін созылды. Кемшіліктердің қайсыбірі сөйлеу жағынан (мәселен, тіл мүкістігінен) байқалса, екіншісі оқуы мен жазуының (дислекциядисграфия) бұзылуынан да көрінеді. Фонетика, сондай-ақ, лексикаграмматика жүйені (алалияафазия) қамтитын бұзылулар бар. Көбінде тілдің кемістіктері оның қарқыны мен созылмалығына (тұтықпа) қатысты болады. Тілдің кемістігін зерттеу мен жою білімнің басқа салаларының психология, тіл біліміфизиология, медицина деректерін ескере отырып жүргізіледі.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *