Дефектология

Дефектология (лат. defectus – жетімсіздік және гр. λόγος – ілім) – педагогиканың көру, есту, сөйлеу мүшелерінде, ақыл-ойының дамуында табиғи кемістігі бар балаларды оқыту мен тәрбиелеу мәселелерін зерттейтін арнаулы саласы.

Дефектология төрт салаға бөлінеді: сурдопедагогика – мылқау балаларға, тифлопедагогика – зағип балаларға, олигофренопедагогика – ақыл-ойы кеміс балаларға, логопедия – тілінің кемісі бар балаларға білім және тәрбие беру проблемаларын зерттейді. Дефектология, сондай-ақ дене кемістігі күрделі (соқыр және саңырау, саңырау және ақыл-ой кемістігі бар, т.б.) балаларды оқытып тәрбиелеуді де қамтиды.

Дефектология невропатологиягенетикапсихологияпедагогика, тіл білімі секілді бірқатар ғылым салаларымен де тығыз байланысты. Шет елдердің көпшілігінде «Дефектология» терминінің орнына «арнайы оқыту» термині қолданылады. Ал ГерманиядаАвстриядаШвецияда бұл сала «емдік педагогика» деп аталады. Бұрынғы КСРО-даДефектология жөніндегі ғылым-зерттеу жұмыстарын Мәскеудегі Педагогика ғылымдар академиясының Дефектология институтында, Киев педагогика және психология институтында, басқа да педагогикалық институттардың дефектология факультеттерінің кафедраларында, мектептерде жүргізілді. 1931 жылы Алматыдақұлағы мүкіс, 1932 жылы көз кемістігі бар балалар үшін алғашқы арнаулы мектептер ашылды. XX ғасырдың 60-жылдарынан бастап көмекші мектептер жұмыс істеп келеді. Мұндай мектептерде жұмыс істейтін арнаулы кадрлар 1976 жылдан Алматы мемлекеттік университетінде, 1984 жылдан Қарағандымемлекеттік университетінде даярланады. Қазақстанда табиғи кемістігі бар балалар мемлекет есебінен арнаулы мектептерде тегін оқытылады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *