Версаль-Вашингтон жүйесі

Версаль-Вашингтон жүйесі.

Бірінші дүниежүзілік соғыста жеңген мемлекеттер 1919 жылдың 18 қаңтарында Парижде бітім конферен- циясын бастады. Франция астанасына соғысқа қатысушы мемлекеттердің өкілдері келді. Бітімшартын жасауға Германия мен жеңілген мемлекеттер, сондай-ақ Кеңестік Ресей қатыстырылмады. Конференцияның негізгі мақсаты Германиямен бітім- шартын дайындау болды. Конференцияға Францияның, Ұлыбританияның басшылары және АҚШ президенті жетекшілік етті. Француз делегациясы өзінің негізгі қарсыласы — Гер- манияны барынша әлсіретуді талап етті. Франция Саар көмір алабын және Рейннің сол жағалауындағы неміс жерін қосып алғысы келді. Ұлыбританияның алдына қойған мақсаты орындалды. Германия оның теңіздегі және дүниежүзілік саудадағы бақталасы болудан қалды. Алайда Германия отарларын және Таяу Шығыстағы түріктер иемденген мұнай байлы- ғын бөлісуде Ұлыбритания мен Францияның арасында келіспеушілік байқалды. Ағылшын премьер-министрі Ллойд Джордж Германияны сақтап қалуды ұсынды. Ол Еуропада Франция күшейетін болса, оған қарсы Германия- ны пайдалануды ойлады.

Ұлттар Лигасын құру. Мандаттық жүйе. АҚШ пре- зиденті В. Вильсонның халықаралық бейбітшілік ұйымын құру идеясы, онда АҚШ-тың басты рөл атқаруы ең қызу мәселелердің бірі болды. Ұлттар Лигасына халықтар арасындағы ынтымақтастықты дамыту, бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету міндеті жүктелді. Халықаралық мәселелерді талқылау үшін жыл сайын Ұлттар Лигасының Ассамблеясы шақырылатын болды және ассамблеямен бірге дәл сондай өкілеттігі бар Кеңес құрылды. Кеңестің тұрақты мүшелері қатарында 5 мем- лекет — АҚШ, Ұлыбритания, Франция, Италия және Жапония болды. Ұлттар Лигасы Жарғысында басқыншы мемлекеттерге ұжымдық шара қолдану әрекеті белгіленді. Вильсонның талабымен Ұлттар Лигасы Жарғысына мандат ұғымы енгізілді. Ұлттар Лигасы атынан 1919 жыл- ғы мамырда Ұлыбритания мен Франция герман отарлары мен Осман империясына қараған бірқатар елдерге қам- қоршы ретінде мандат алды және Того мен Камерун жерін өзара бөлісті. Мариан, Каролин және Маршалл аралдарына, сондай-ақ Шаньдун түбегіне Жапония мандат алды. Эльзас пен Лотарингия Францияға қайтарылды. Саар облысын басқару ісі 15 жылға Ұлттар Лигасына берілді. Кезінде Германия иеленіп алған Польша жері (Познань, Пруссия мен Померания аудандары) Польшаның өзіне қайтарылды. Бельгия, Дания, Литва елдері Германия қарамағындағы өз жерін қайтарып алып, аумақтарын кеңейтті. Версаль бітімшарты Германиядан дүниежүзілік со- ғысты ушықтырушы ел ретінде төлем өтеуін талап етті және оған әскери шектеулер қойды. Антанта елдерінің соғыс шығындарын өтеу үшін Германия репарациялық төлем (лат. reparatio — орнына келтіру) төлейтін болды. Германияға әскери флот, авиация, жаяу әскер ұстауға тыйым салынды. Армияның қызметі тек мемлекеттің ішкі тәртібін сақтауға ғана бағытталды. Германия делегациясы 1919 жылы 28 маусымда Вер- саль шартына қол қойды. Бұл шарт неміс халқына үлкен ауыртпалық әкелді. Германияның одақтастарымен жасалған бітімшарттар Версаль шарты үлгісінде құрастырылды. 1919—1920 жылдары Австриямен, Венгриямен, Болгариямен және Түркиямен келісімшарттарға қол қойылды. Германияның одақтастарына әскери шектеу белгіленді. Олар да төлем төлеуге міндетті болды. Версаль жүйесі арқылы Франция Еуропадағы басым жағдайын, Ұлыбритания Таяу Шығыс- та және теңіздегі үстемдігін қамтамасыз етті. АҚШ делегациясы Париж конференциясында көздеген мақсаттарына толық жете алмады. АҚШ сенаты Версаль бітімшартын бекітуден бас тартты. Шаньдун түбегінің Жапонияға берілгеніне қарсылық білдіріп, Қытай да қол қоюға келіспеді. Париж бітім конференциясынан кейін отарлы дер- жавалардың Қиыр Шығыс пен Тынық мұхит алабындағы қайшылықтарын реттеу қажеттілігі туды.

1921—1922 жылдардағы Вашингтон конференциясы. Бірінші дүниежүзілік соғыс жылдарында Жапония Тынық мұхиттағы және Қиыр Шығыстағы үстемдігін нығайтып алды. Ол Қытаймен бірқатар келісімдер жасасу арқылы экономикалық жеңілдіктер алып, Қиыр Шығыс- тан АҚШ пен Ұлыбританияны ығыстыруға талаптанды. Париждегі бітім конференциясында Жапония Шань- дун түбегіне өзінің құқығын бекітіп, Тынық мұхиттағы Германияның бірқатар отарларын иеленіп алды. Осыған байланысты АҚШ-тың басқарушы топтары Қиыр Шығыс- қа қатысты Париж шартының шешімдерін қайта қарап, теңіз қарулы күштері туралы мәселе талқылау қажет деп шешті. Аталған мәселелерді қараған конференция Вашинг- тонда 1921—1922 жылдары өтті. Оған АҚШ-пен бірге Ұлыбритания, Жапония, Франция, Италия, Бельгия, Португалия, Голландия, Қытай мемлекеттері қатысты. Кеңестік Ресей Тынық мұхиттағы ірі держава болғанымен, 20 бұл жолы да конференцияға шақырылмады. Конферен- ция отырыстары үш негізгі келісімшартқа қол қоюымен аяқталды:

1. Төрт держава келісімі (Ұлыбритания, АҚШ, Франция, Италия) Тынық мұхит аумағындағы аралдар иеліктеріне қол сұқпауға халықаралық кепілдіктер берді.

2. Бес держава келісімі (Ұлыбритания, АҚШ, Фран- ция, Жапония, Италия) салмағы 35 мың т-дан артық әскери кемелер шығаруға тыйым салды, бұл АҚШ дипло- матиясының үлкен жеңісі болды. АҚШ-тың теңіз күштері аса ірі кемелер иесі — Ұлыбританиямен теңестірілді.

3. Тоғыз держава келісімі бойынша Вашингтон конфе- ренциясына қатысушы мемлекеттер Қытай аумағына қол сұқпауға, барлық елдер үшін Қытай аумағының есігі ашық болғандықтан, оның тәуелсіздігі мен егемендігін сыйлауға келісті. Шаньдун түбегі Қытайға қайтарылды.

Әділетсіз Версаль — Вашингтон жүйесі 1929— 1933 жылдардағы дүниежүзілік экономикалық дағ- дарыстың қысымына шыдай алмай, ыдырай бастады. Еуропа аймағында монополистік топтардың қолдауымен өкімет басына келген фашистік күштер дүниежүзін қайта бөлісуге бел байлады. Олардың қатарынан Германия, Ита- лия және Жапония мемлекеттері бой көрсетті.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *