ХVІІІ ғасырдағы неміс әдебиеті
Лессинг Готхольд Эфраим (1729-1781) – немістің көрнекті ағартушысы. Лессинг — өнердің теоретигі («Лаокоон», «Гамбургтік драматургия»). Лессинг эстетикасының материалистік мазмұны.Лессинг драматургиясы. «Минно фон Барихелм» пьесасындағы жеті жылдық соғыс дәуіріндегі неміс өмірінің шынайы суреті, халық бейнесі. «Эмилия Галотти»- немістік абсолютизмнің озбырлығына қарсылық. «Дана Натан» драмасының ағартушылық бағыты.
Лессингтің өлең танудағы реформалары. Неміс тілін дамытудағы Лессинг шығармаларының мәні.
«Дауыл мен тегеурін» әдебиеті, штюмерлер бүлігінің кертартпалыққа, тоқыраушылыққа қарсылық мазмұны.
Гете Иоганн Вольфганг (1749-1832) – неміс халқының ірі ақыны. «Жас Вертердің азап шегуі» және неміс сентиментализмі. Гетенің алғашқы эстетикалық ойлары. («Шекспир күніне»). «Гец фон Берлихинген» тарихи драмасындағы бүлікшіл қайшылықтар. Гете Италияда. «Вильгелм Мейстер» — философиялық роман,ондағы әлеуметтік қиялшылдық. «Фауст» трагедиясы. Трагедияның тууы және көркемдігі. Композиция. Фаусттың іздену жолы.. Мефистофель және таным диалектикасы. Фауст және Маргарита трагедиясы.
«Фаусттың екінші бөлімі». Фауст және шығармашылық белсенділік. Фауст — ғылымдағы артта қалушылық пен кертартпалыққа қарсы бүлікші-күрескер. Фауст және әдемілік туралы ежелгі дәстүрлі табыну. Фауст- ойдағыдай қоғамды құрушы. Фауст пен Мефистофель – трагедияның пәлсапалық келбетіндегі қарама-қайшылықтардың тұтастығының бейнесі. Фаусттың, Мефистофельдің, Маргаританың көркем портреттері. Фауст туралы аңызды Пушкиннің өзіндік шешіммен жазуы. Т.Манн және И.Бехер Гете туралы.
Шиллер Иоганн Фридрих (1759-1805). Шиллердің алғашқы драмалары және «Дауыл мен тегеурін» қозғалысы. «Қарақшылар», «Зұлымдық және махаббат» драмалары. Республикашыл Верина бейнесі.Өлеңмен жазылған «Дон Карлос» драмасы. Эстетикалық тәрбие туралы теориялық еңбектері.
Шиллер трагедиялары: «Валленштейн»,«Мария Стюарт», «Вильгелм Тиль» трагедиясындағы бостандық туралы ойлар. Шиллердің көркемдік әдісі.. Жуковскийдің аудармалары.