Физика, химия және биология пәндері бойынша қазақстандық оқушылар 6 медаль жеңіп алды

Физика, химия және биология пәндері бойынша халықаралық жасөспірімдер олимпиадасында қазақстандық оқушылар 6 медаль жеңіп алды

IJSO зияткерлік жарысы 2-12 желтоқсан аралығында Богота қаласында (Колумбия) өтті. Оған әлемнің 60 елінен барлығы 300-ден астам оқушы қатысты.
Жүлдегерлерді Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов құттықтады.

«Халықаралық аренада оқушылардың жеңістер легі жалғасуда. Біздің жүлдегерлерді жоғары жетістіктерімен құттықтаймын! Жаңа жеңістер тілеймін! Биыл Президенттің тапсырмасы бойынша халықаралық пәндік олимпиадалардың жеңімпаздары ЖОО-да оқу үшін грант пен 4 млн теңгеге дейін қомақты ақшалай сыйақы алды. Мұндай олимпиадалардың тізімі тағы 7-мен толықтырылады», — деп атап өтті Оқу-ағарту министрі.

Биыл қазақстандық оқушылар ең беделді халықаралық пәндік олимпиадаларда 27 медаль жеңіп алып, жаңа рекорд орнатты. Сыйақының жалпы сомасы 73 млн теңгеден асты.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *