Тұнығындай едің сен толған айдың

Құрметті оқырман, сіздерге жас,  сыршыл ақын Айбек Құндақбаевтың өлеңдерін ұсынамыз. Жылы лебіздер мен пікірлер күтеміз. 

Тұнығындай едің сен толған айдың,
Боларында білмегем олда қайғым.
Саған хат қып жазамын өлең, арнап
Бірақ жазған хатымды жолдамаймын.

Дейсің бе сен несіне мұңданасың,
Білмейсің бе жанымның тыңдамасын.
Жазымышқа өкпем жоқ тартып алған,
Жүрегімнің бөлшегін бір парасын.

Сенсіз енді кетеді таңым атып,
Сенсіз енді келеді түнім батып.
Сен онлайн отқанда көзімді ілем,
Өзіңнен хабарлама күтіп жатып.

Махаббаттың шыдаған өртіне кім,
Несіне мен өткенге өкінемін.
Хабарлама арнаймын бірақ соңын,
Сағынамын деп жазып өшіремін.

Жарығым ау жанымда болмағасын,
Кімге барып емдетем жан жарасын.
Өлеңімді арнаудан жалықпаймын,
Өмірімді өзіңе арнағасын.

***

Сені іздеп жортады жорға құнан,
Ысырып сынақтарды жолдарынан.
Қызғанышты әдетке айналдырдым,
Сенің сұлулығыңның салдарынан.

Сен өзгемен билейсің биле күнім,
Мен мазасыз түсермін күйге бүгін.
Болмасты да болады деп естісем,
Қызғанышым басылар күйгелігім.

Сөйлесетін жандармен сөйлесе бер,
Ойыңды улап алған олда шебер.
Мен сенің сөзіңді сөйлей берем,
Дұшпандарың тілдесе күндесе егер.

Суретке де түсесің басқа жанмен,
Араласып құралас басқа адаммен.
Мен кейде өз өзіме сұрақ қоям,
Сүймесе не табамын бастағанмен.

Жаныңа жылу болып бара алғанмын,
Сен үшін жаман адам саналғанмын.
Сен де мені түсінуге тырыссаңшы,
Мен де ет пен сүйектен жаралғанмын.

Мен ұнатқан ару қыз епті мықты,
Сенімсіздеу жағына бет бұрыпты.
Өліп өшіп сүймей ақ мына мені,
Жақсы көрем дегені жеткілікті.

***

Бақытта барлығыда айыпты шын,
Сен де жаным бақытқа лайықтысың.
Сүйгеніме мен сені айыптымын,
Сен де жаным сүйгізген айыптысың.

Сен жанымда болғаныңда ұғатын,
Бар едіғой менің асыл мұратым.
Мен сырласың болайыншы жарығым,
Күндіз түні мен ойыңда тұратын.

Мен емеспін арыңды кеп ластайтын,
Жақыныңмын жақсылыққа бастайтын.
Мен ағаңда бола аламын қаласаң,
Сен үшін деп жанын отқа тастайтын.

Көрсетпеймін өзіңді төмен қылып,
Сен кілт болсаң өзімді етем құлып.
Мен ақының болайыншы жалғыз ақ,
Мүсініңді жазатын өлең қылып.

***

Білмегем тәңір бізді сынайтынын,
Бақытты бақытсыздар құрайтынын.
Күннің өзі көрсетіп тұрған жоқ па,
Жүрегімнің сені ойлап жылайтынын.

Бар сырымды ақтарайын бүгін бір,
Сезіміңнің бар екенін ұғындыр.
Аспан жерді сағынғаннан жылайды,
Ал сен мені сағынғанда күліп жүр.

Өмір ашып көрсеткесін түймесін,
Құлай сүйем махаббатым сүйгесін.
Қыста жауған ақ ұлпада көрсетер,
Саған деген көңілімнің бейнесін.

***

Жазылардай өлең жыр туындымыз,
Түсірмейміз қалқам ау құныңды біз.
Мені бүгін сағынып сағынтатын,
Бұрымыңнан айналдым бұрымды қыз.

Жарасымын тапқандай балдай мүсін,
Күтіп сені жүдеді бұл байғұсың.
Ақылыңмен баурайтын жүрегімді,
Ақымағым бар сенің қандай күшің.

***

Айбек Құндақбаев

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *