Бастауыш сынып оқушыларының дүниетану пәнінен географиялық және химиялық ұғымдарын қалыптастыру әдістемесі

Зерттеу жұмысының көкейкестілігі.

Егеменді еліміздің қоғам өмірдегі табандылықпен жүзеге асырылып жатқан әлеуметтік-экономикалық, әлеуметтік-мәдени, экологиялық және білім беру жүйесінде түбегейлі өзгерістер бүкіл халықтық мәселеге айналып отыр. Мұндай ғылым мен техниканың даму талаптарына қарай білім берудің қарқыны да мазмұны мен жүйесі де және оған қойылып отырған талаптар да үлкен өзгеріске ұшырауда.

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында «Білім берудің бастауыш және орта білім беру, сондай – ақ кадрларды қайта даярлау жүйесін халықаралық стандарттарға жақындата түсу» — деп аталатын бөлімінде сапалы білім беруге жан–жақты қол жеткізудің маңыздылығы туралы ерекше атап өтті.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында және Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында: «Бастауыш мектептің негізгі міндеті баланың жеке басын бастапқы қалыптастыруды қамтамасыз ету, оның қабілеттерін анықтау және дамыту» -деп көрсетілген. Бұл қағида оқушыны тұлға ретінде қалыптастыруды көздеуден туындап отыр. Себебі, білім жүйесінде болатын қайта құру мәселесі заңды түрде бастауыш сыныптардан басталатыны анық. Бүкіл орта білімнің іргетасы осы сатыдан бастау алатыны белгілі. Сонымен қатар, орта мектепте оқылатын барлық пәндердің алғашқы ғылыми ұғымдары осы бастауыш сыныптардан бастап-ақ, оқушылардың білім қорына ене бастайды.

Қазіргі таңдағы бастауыш сыныптарда білім берудің басты талаптарының бірі — баланың жеке бастық дамуына, өмірге көзқарасының дұрыс қалыптасуына дайындығын қамтамасыз етуге бағытталған. Осы тұрғыдан алғанда қоршаған дүниені терең түсінген, ондағы үздіксіз болып тұратын өзгерістерді байқап, бақылай алатын оқушы ғана даму мүмкіндігіне ие болады.

Осы міндеттерді жүзеге асыруда оқушыларға қоршаған табиғи және әлеуметтік, ортадағы заттар мен құбылыстардың өзара байланыстарын тануға ықпал ететін жаратылыстану ғылымдары негіздерінен берілетін ғылыми ұғымдарын қалыптастыру келешекте олардың білімді саналы меңгеруіне және дамуында үлкен рөл атқарады.

Жалпы адамның тұлға ретінде қалыптасуына табиғаттың тигізетін әсерін және алғашқы алатын ұғымдардың рөлін философтар мен психологтар атап көрсетеді. Шығыс ғұламасы Әбу Насыр Әл-Фараби өз еңбегінде ғылымның бастауы ұғымдар, қағидалар, алғышарттардан тұратындығын атап кеткен. Философия ғылымын зерттеушілер И.П.Сафронов, Д.И.Фомин, А.Гуссейнов, В.И.Фурсов және Қазақстандық белгілі философтар: Д.Кішібеков, Ә.Нысанбаев, Ғ.Ақманбетов, Ұ.Сыдықов, Ә.Жақсыбековтердің еңбектерінде де бұл мәселе жайында толық пікір айтылған.

Оқушыларда бастапқы ғылыми ұғымдардың пайда болуы олардың танымның жоғарылауына ғылыми деңгейінің көрінуіне әсер етеді. Бастауыш сынып оқушыларында дүниенің ғылыми бейнесін қалыптастыруда ұғымды меңгеру ең мағызды рөл атқарады. Оқушылардың ғылыми ұғымын қалыптастыру таным теориясымен, логикамен, психологиямен тығыз байланысты.

Бірқатар психологтар П.Я.Гальперин, Н.Ф.Талызина, П.П.Блонский, С.Л.Рубинштейн, В.В.Давыдов, Д.Б.Эльконин, В.В.Репкин т.б., еңбектерінде ұғымдардың жинақталуына әкелетін ақыл-ой әрекеттерінің сатылай қалыптасуы, ұғымның нақты білім екендігі, ұғымның сан-алуан құрылымы, ұғымдардың жеке және жалпы түрлері көрсетілген. Сондай-ақ, оқушылардың эмпирикалық білімдерінің қайта жаңғыртылуы, оқыту барысында бастапқы ғылыми ұғымдардың меңгерілуі, бастауыш және негізгі мектептердегі географиялық, химиялық мазмұндағы материалдарды оқушылардың практикалық әрекеттер барысында қалыптастыру теориясы атап көрсетіледі.

Зерттеуші ғалымдар Б.Г.Ананьев, Д.М.Богоявленский, Н.Б.Менчинская, Е.Н.Кабанова-Меллер оқушылардың ғылыми ұғымдардың меңгеруі үшін толық түрде жетілген тәжірибенің қалыптасуы қажет деп атап көрсетсе, И.Ф.Свадновский, П.Баранов, И.Д.Лушников, И.С.Якиманская, Ф.Н.Шемякин т.б. теориялық танымның дамуы тұлғаның ынталығы мен сезімталдығына байланыстылығын, ұғым мен түсінік арасындағы айырмашылықтарды және оларды қалыптастыратын жүйелерді талдап көрсетеді.

Оқушыларға ұғым беруде бақылап зерттеуге мүмкіндік беретін олардың көзіне айқын түсетін қоршаған ортада кездесетін нысандарға негіздеудің маңызы туралы педагог-ғалымдар Я.А.Коменский, Ж.Ж.Руссо, И.Г.Песталоцци, А.Дистерверг, К.Д.Ушинский, В.А.Сухомлинский ерекше атап көрсетсе, қазақ ағартушылары: М.Дулатов, М.Жұмабаев, С.Қожахметов т.б. қазақ халқының ерекше құнды деп табылатын асыл қазыналарының бірі – қазақ ауыз әдебиетінің үлгілері: географиялық тиым сөздер, нақыл сөздер, жұмбақтар, мақал-мәтелдер, болжаулар арқылы бастауыш сыныптардың оқу-тәрбие үрдісінде географиялық ұғымдарды тереңірек қалыптастырудың бірден-бір жолы екенін дәлелдеген.

Бастауыш мектепте географиялық білім беруге байланысты оқу әрекеттері теориясын ұсынған Е.А.Гудинова, Е.Н.Букварева, Л.В.Тарасов, А.А.Вахрушев, А.С.Раутиан еңбектерінде оқушыларға ғылыми ұғымдарды меңгертуде практикалық іс — әрекеттің басым болу керектігін дәлелдейді.

Қазақстандық белгілі ғалымдар: Қ.Б.Жарықбаев, А.Е.Әбілқасымова, Ж.А.Қараев, Т.С.Сабыров т.б. жастардың дамуын жетілдіруде олардың танымдық әрекетіне баса мән беруді ұсынады. Бастауыш сыныптарда жаратылыстару ғылымдарынан оқушыларда ғылыми ұғым қалыптастыруға байланысты пікірлер оқулық авторлары әдіскер-ғалымдар Т.Мұсақұлов, Т.Коргулин, Ә.Бірмағамбетов, Қ.А.Аймағамбетова, А.Мырзабаев, Қ.Сарманова, т.б. еңбектерінде элементарлық химиялық, химиялық ұғымдардың дамуы, химиялық, географиялық ұғым қалыптастырудың психологиялық және педагогикалық мәселелері, бастауыш сыныптарда жаратылыстану материалдары бойынша білім берудің теориялық және әдістемелік мәселелері кеңінен қарастырылады.

Оқушылардың тұлға ретінде дамуында олардың санасында ғылыми ұғымдардың қалыптасуы үлкен әсер етеді. Әр пәннің мазмұны мен мақсатына орай оқушыларға беретін ғылыми ұғымдарының да мазмұндық, жүйелік, көлемдік ерекшеліктері бар.

Ұғым арнайы ғылымдар шеңберінде туындап, түрлі іс-әрекеттер негізінде қалыптасады, сондықтан да біз географиялық, химиялық ұғымдарды қалыптастыру туралы сөз еткенде бастауыш сыныпта оқытылатын дүниетану пәні бойынша нақты географиялық мазмұндағы материалдар арқылы білім беру негізіне сүйенеміз. Біз зерттеген психологиялық-дидактикалық жеке әдістемелік әдебиеттерде білім берудің төменгі сатысына яғни, бастауыш сынып оқушыларының географиялық, химиялық ұғымдарын қалыптастыруды жеке зерттеу нысаны еткен ғылыми әдістемелік еңбектердің жеткіліксіздігі байқалды.

Қазіргі таңда оқушыларға білім беру жеке тұлға дамытуға бағыттала жүргізілетін болғандықтан, бағдарламалық материалдарды оқытуда олардың ғылыми ұғымдарын қалыптастыру мәселесіне баса көңіл бөлудің керектігі туындап отыр. Бастауыш сыныптарда білім беру жүйесіне жүргізілген бақылаулар мен іс-тәжірибелер және ғылыми-әдістемелік әдебиеттерге шолу жасау нәтижесінде оқушылардың географиялық. химиялық ғылыми ұғымдарын қалыптастыруға байланысты бірнеше қарама-қайшылықтардың туындап отырғандығы байқалды:

— білім стандарты мен пән бағдарламасында бастауыш сынып оқушыларының ғылыми ұғымдарын қалыптастыруға қойылып отырған талаптар мен білім беру барысында оны жүзеге асыру арасындағы қарама-қайшылық;

— бастауыш сыныпта географиялық, химиялық материалдарды оқытуға байланысты арнаулы әдістемелік нұсқаулардың жеткіліксіздігі;

— бастауыш сынып оқушыларының ғылыми географиялық және химиялық ұғымдарын қалыптастырудағы мол мүмкіндік пен қажетті дидактикалық материалдарың жетіспеушілігі арасындағы қарама-қайшылық;

— географиялық, химиялық материалдарды оқытуда бастауыш сынып мұғалімдерінің оқушылардың ғылыми ұғымын қалыптастыруға байланысты тәжірибелерінің төмендігі;

Бастауыш мектептерде «Дүниетану», «Қоршаған дүние» пәндерін оқытудың қазіргі жағдайын зерттеу географиялық, химиялық ұғымдарды қалыптастыру үрдісін белсендіруде дидактикалық құралдар жүйесін қолдануға аса назар аударылмай отырғандығын көрсетумен қатар, бұл ұғымдарды меңгеруге ықпал ететін әдіс-тәсілдердің жетіспеушілігі біздің зерттеу нысанымызды анықтауға себеп болды.

Жоғарыда көрсетілген қарама-қайшылықтарды шешудің жолдары мен әдістерін зерттеу тақырыбымызды «Бастауыш сынып оқушыларының дүниетану пәнінен географиялық және химиялық ұғымдарын қалыптастыру әдістемесі» деп алуымызға тура келді.

Зерттеудің мақсаты — Бастауыш сынып оқушыларының географиялық, химиялық ұғымдарын қалыптастыруды теориялық тұрғыда негіздеу, оны жүзеге асырудың әдістемесін беру.

Зерттеудің нысаны — Бастауыш сыныптарда «Дүниетану» пәнін оқыту үрдісі

Зерттеудің пәні — Бастауыш сынып оқушыларына географиялық, химиялық ұғым беру үрдісі.

Зерттеудің ғылыми болжамы — егер, бастауыш сыныптарда дүниетану пәнін оқытуда оқушыларда географиялық ұғымдарды қалыптастырудың теориялық моделі берілсе географиялық, химиялық ұғымдарды қалыптастырудың әдістемелік жүйесі жасалса, географиялық, химиялық ұғымдардың мазмұны мен көлемі анықталса, онда оқушылардың оқу іс-әрекетіндегі белсенділігі артып, сабақ барысында оқушылардың ұғымын қалыптастыруға көмектесетін дидактикалық құралдар кеңінен қолданылып, білімді саналы түрде меңгеріп, географиялық, химиялық ғылыми ұғымдары қалыптасады.

Зерттеудің міндеттері:

1.Философиялық, психологиялық-педагогикалық және әдістемелік әдебиеттерді ғылыми тұрғыдан талдау арқылы бастауыш сынып оқушыларында географиялық, химиялық ұғымдарын қалыптастырудың теориялық негізін саралау.

2.Бастауыш сынып оқушыларында қалыптасатын географиялық, химиялық ұғымдардың мазмұнын, жүйесін, көлемін анықтау.

3.Бастауыш сынып оқушыларына географиялық, химиялық ұғымдарды қалыптастырудың құрылымдық-мазмұндық моделін беру.

4.Бастауыш сынып оқушыларының географиялық, химиялық ұғымдарын қалыптастырудың әдістемесін жасап, оның тиімділігін педагогикалық эксперимент арқылы дәлелдеу.

Зерттеудің жетекші идеясы: Бастауыш сыныптарда «Дүниетану» пәнін оқыту-оқушыларының географиялық, химиялық ұғымдарын қалыптастырудың негізгі көзі ретінде қарастырылса, сол арқылы оқушылардың дүниенің біртұтастығы туралы дүниетанымын, білім деңгейі мен біліктіліктерін дамытуға жағдай туады.

Зерттеудің әдіснамалық және теориялық негізі: танымның философиялық теориясы, ұғымның қалыптасуы мен дамуының жалпы дидактикалық теориясы, жеке тұлға және оның әрекеті, зерттеу мәселесі бойынша оқушылардың психологиялық-педагогикалық және физиологиялық жас ерекшеліктері туралы ғылыми қағидалар.

Зерттеу көздері ретінде: Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы (2007), Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы, 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасын зерттеу мәселесіне қатысты философтар, психологтар, педагогтар, әдіскерлердің еңбектері, Қазақстан Республикасы жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты, пәндік оқу бағдарламалары, оқу-әдістемелік кешендер, алдыңғы қатарлы ұстаздардың және автордың педагогикалық ғылыми іс-тәжірибелері алынды.

Зерттеу әдістері:

— теориялық (философиялық, педагогикалық-психологиялық әдебиеттерге талдау жасау, жалпылау және салыстыру, абстрактілеу және нақтылау, зерттеу болжамын модельдеу шолу)

-эмпирикалық (мектеп құжаттарына сүйену, сауалнама жүргізу, зерттеу, педагогикалық жағдайларды сараптау, үлгілеу)

-статистикалық (зерттеу нәтижелерін сандық және сапалық өңдеу).

 Зерттеу кезеңдері: зерттеу жұмысы (2003-2009) жылдар арасында жүргізіліп, үш кезеңнен тұрды:

Бірінші кезеңде (2003-2005 ж.ж.) зерттеу тақырыбы бойынша философиялық, әлеуметтік, психологиялық, педагогикалық еңбектерге талдау жасалынып, бастауыш сынып оқушыларына географиялық, химиялық ұғым берудің қазіргі жағдайына теориялық және әдістемелік тұрғыдан талдау мен бағалау жұмысы жүргізілді, зерттеудің негізігі ұстанымдары анықталып, міндеттері айқында лып, сараптамалық материалдар даярланды. Эксперименттік және бақылау сыныптары белгіленді..

      Екінші кезеңде (2005-2007ж.ж.) бастауыш сынып оқушыларына дүниетану пәнінен географиялық, химиялық ұғым берудің құрылымдық-мазмұндық моделі жасалды. Анықтау эксперименті кезінде оқушылардан, мұғалімдерден сауалнамалар алынып, әңгімелесу, бақылау барысында оқушылардың географиялық және химиялық ұғымдарының деңгейі анықталды. Тәжірибелік-бақылаудың нәтижелері өңделіп, қалыптастыру экспериментіне керекті материалдар дайындалды. Осылардың нәтижесінде қалыптастыру эксперимент жүргізіліп, нәтижелері талданды.

Үшінші кезеңде (2008-2010ж.ж.) Зерттеу мәселемізге байланысты тәжірибелік эксперимент жұмыстарының нәтижесі қортылып, тақырыпты теориялық және әдістемелік негізде диссертациялық жұмыс ретінде рәсімдеу ісі орындалды.

 Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық мәнділігі:

— бастауыш сынып оқушыларының географиялық, химиялық ұғымдарын қалыптастырудың теориялық негізі жасалды.

— бастауыш сынып оқушыларында қалыптасатын географиялық, химиялық ұғымдардың мазмұны, жүйесі, көлемі анықталды.

— бастауыш сынып оқушыларының географиялық ұғымын қалыптастырудың моделі берілді.

— бастауыш сынып оқушыларының географиялық, химиялық ұғымын қалыптастырудың әдістемесі беріліп, эксперименттен өткізілді.

 Зерттеудің практикалық маңыздылығы:

— бастауыш сынып оқушыларының географиялық, химиялық ұғымын қалыптастырудың жолдары мен әдіс- тәсілдері берілді.

— дүниетану пәнінде оқушылардың географиялық, химиялық ұғымын қалыптастыру әдістемесі бастауыш сыныптардың оқу үрдісіне ұсынылды.

— оқушыларының географиялық, химиялық ұғымын қалыптастыру әдістемесін бастауш сыныптар мұғалімдерінің іс-тәжірибесінде, колледжде, педагогикалық маман дайындайтын жоғарғы оқу орындарында және мұғалімдер білімін жетілдіру институттарында қолдануға болады..

Қорғауға ұсынылатын қағидалар:

1. Бастауыш сынып оқушыларының географиялық, химиялық ұғымын қалыптастырудың теориялық негізі.

2. Бастауыш сынып оқушыларының географиялық ұғымын қалыптастырудың моделі.

3. Бастауыш сынып оқушыларының географиялық, химиялық ұғымын қалыптастырудың мазмұны, жүйесі, көлемі.

4. Бастауыш сынып оқушыларының географиялық, химиялық ұғымын қалыптастырудың әдістемесі.

Зерттеу нәтижелерінің дәлелділігі мен негізділігі: Негізгі ұстанымдардың әдіснамалық дәлелдігіне негізделеді, ақпараттардың әр түрлі бастамалары мен сандық және сапалық талдауды үйлестірумен қамтамасыз етіледі, тәжірибелік – сараптамалық жолдармен, алынған нәтижелерді өңдеу және талқылаумен расталады.

 Негізгі пікірлер мен нәтижелерді тәжірибеден өткізу: жоғарғы оқу орындары арасындағы ғылыми практикалық конференцияларда, бастауыш сынып мұғалімдерін қайта даярлау мен біліктілігін көтеру курстарында баяндама оқылды.

Зерттеу базасы: Зерттеу нәтижелерін сынықтан өткізу және тәжірибеге енгізу Алматы қаласы Алатау ауданы №169 орта мектеп, №123 орта мектебінде, Алматы облысы Панфилов ауданы Қоңырөлең ауылының Қожбанбет би атындағы орта мектебінде жүзеге асты. Экспериментке 270 оқушы қатысты. Оның 134-і бақылау тобы, 136-сі эксперименттік тобы.

Зерттеу нәтижелерін сынақтан өткізу және ендіру. Зерттеу жұмысының нәтижелері халықаралық, республикалық ғылыми-теориялық, ғылыми-практикалық конференцияларда (Алматы 2003, 2004, 2006, 2007, 2008 жж.), (Ташкент 2008) баяндалды. Сондай-ақ, мерзімді басылымдарда, ғылыми жинақтарда, әдістемелік нұсқауларда көрініс тапты. Оқу әдістемелік кешендері дайындалып ұсынылды.

Диссертация құрылымы: диссертация кіріспеден, 2 тараудан, қорытынды, қолданылған әдебиеттер тізімі мен қосымшалардан тұрады.

 Кіріспеде тақырыптың көкейкестілігі дәлелденеді, теория мен практикадағы мәселенің жағдайы сараланып, зерттеудің нысаны, пәні, болжамы, мақсаты, міндеті мен әдісі анықталады, оның ғылыми жаңалығы, теориялық және практикалық маңыздылығы, зерттелу сатылары мен қорғауға ұсынылатын қағидалар анықталады.

  «Бастауыш сыныпта оқушылардың географиялық және химиялық ұғымдарын қалыптастырудың теориялық негіздері» атты бірінші тарауда зерттеу тақырыбына байланысты теориялық және әдістемелік әдебиеттерге ғылыми тұрғыдан шолу жасай отырып, бастауыш мектептегі географиялық материалдарды оқытудың қазіргі жағдайы, осы мәселені психологиялық және педагогикалық тұрғыдан негіздеу мақсаттары жүзеге асты. Сонымен қатар қазіргі кезге дейін бастауыш сыныптарда географиялық және химиялық білім берудің даму тарихына тоқталдық. Осыған орай осы ұғымдарды қалыптастырудың теориялық моделі берілді.

 «Бастауыш сыныптарда оқушылардың геграфиялық ұғымдарын қалыптастыруға байланысты педагогикалық эксперимент және оның нәтижелері» атты екінші тарауда географиялық ұғымдарды қалыптастыруға байланысты ұйымдастырылған педагогикалық эксперименттің мақсаты, барысы және нәтижесі әр сатыға бөліне отырып талданады. Осы тұста тәжірибелік-сараптамалық жұмыстардың мазмұны, географиялық, химиялық ұғымдарды қалыптастыруға байланысты берілген дидактикалық құралдар оны қолдану жүйесі, ғылыми әдістемелік нұсқау берілді.

 Қорытындыда зерттеудің жалпы нәтижелері анықталып, әрі қарай мәселені зерттеуге ұсыныстар берілді.

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

Қазіргі қоғамдағы өзгерістер, адамның жаңа әлеуметтік рөлге ие болуы жан-жақты білімді, эстетикалық мәдениеті жоғары, қоғамға еркін араласуға дайын, қабілетті тұлғаны тәрбиелеуді талап етіп отыр. Сондықтан да бастауыш сынып оқушыларына білім берудің негізгі мақсаттарының бірі — олардың өзін қоршаған ортадан берілетін білімді өмір тәжірибесімен байланыстыру арқылы ғылымдар бастамасынан ғылыми ұғымдар жүйесін қалыптастыруды, оқушының мәдени мұраларды меңгеруіне және оның жеке тұлға ретінде дамуына көмектесу. Соңғы уақытта білімді сапалы меңгерту жолында жүргізілген зерттеулер нәтижесінде оқушыларға ғылыми ұғым беру арқылы олардың танымын кеңейту, ғылыми деректерді меңгертудің бірізділігі мен логикалық жүйелілікпен тиімді әдістер негізінде ұйымдастыруды жүзеге асыру мәселелері қарастырылуда.

Ұғым дегеніміз – шындықтағы заттардың айрықша өзіндік қасиеттері мен олардың арасындағы қарым-қатынастарды бейнелейтін ой. Ұғым мәні жағынан біртұтас білім ретінде бейнелейтін шындықты көрсетеді де, сонымен қатар, ойлау әрекетіне негіз болады. Ұғым өзінің пайда болуы жағынан өмір тәжірибесін жинақтау ретінде де анықталады.

Философиялық еңбектерде ұғым сипаттамасы әртүрлі анықталады: ұғымның «оймен» құрылуы, «ұғым-ойлау формасы», «ұғым-ой»; ұғымда бейнелейтін қасиеттердің, байланысы мен ара-қатынастарының болуы; көргенін, байқағанын, сезгенін қорытындылау. Ұғым өзінің пайда болу жағынан тәжірибені қорытындылау ретінде анықталады. Осыған байланысты ұғым нанымның ең жоғары дерексіз теориялық сатысы ретінде көрінеді. Бірақ адам санасындағы түсінік форма және объективтік шындықты бейнелейтін саты ретінде дерексіздік те болады. Ұғым бұл түсініктің тиянақталып, негізгі белгілері арқылы санада берік сақталуы.

Сонымен, ұғым — философиялық өлшем, логикалық таным деңгейі ретінде өз белгісі бар тұрақты құбылыс. Ал әр түрлі ғылымдардың өз өлшемдері болғандықтан, түсінікке өз мәртебелерін береді: географиялық, биологиялық, медициналық, тарихи, т.с.с. Философияда ұғымды құрау үрдісі дерексіздік ретінде анықталады да, бірнеше сатыларға бөлінеді.

Ұғымды психологиялық тұрғыдан қарастырсақ, ол түсінікке қарағанда көп қырлы және мазмұны мен мәні жағынан да түсініктен айырмашылығы бар. Олар бір-бірімен байланыста және қарама-қайшылықта дамиды. Түсініктер бейнелі көрнекі, ал ұғым көрнекі емес, ұғым құбылыстың маңызды жақтарын, өзара байланысын ашады. Түсініктер үнемі ойлау процесімен байланысты, сөзсіз оның туындауы мүмкін емес. Ұғым затты сырттай қарап қол жеткізетін сезіну мағынасында емес, ол заңдылықты бейнелік ойлау мен сезімдік таным негізінде оқушының сезімдік тәжірибесінде қалыптасатын жағдай екендігін алдыңғы қатарлы психологтар дәлелдей келе, оқушылардың ойлауының дамуы сезімдік тәжірибеден тыс жүзеге асырылуы мүмкін емес деген пікірге тоқталады. Түсінік үнемі өзгеріп, толықтырылып отырады, сүйтіп, біртіндеп ұғымға айналады. Ұғымдардың негізгі көзі — обьективті болмыс болғандықтан, географиялық және химиялық ұғымдар нақты табиғи нысандар мен құбылыстарға негізделіп берілетіндіктен, бастауыш сынып оқушыларының түсінігіне лайық болып келеді. Түсініктер мен ұғымдар өзара тығыз байланыста болғанда ғана нақты ұғым қалыптасады.

Психологиялық тұрғыдан алсақ, түсінік бар және ұғым бар. Осы екеуінің қайсысы алдыңғы десек, оқушы алдымен әрбір заттың қасиетін, құбылыстарды, осыған байланысты деректерді түсінуге тиісті. Белгілі психолог Л.С.Выготскийдің пікірі бойынша ұғымдардың түсінікке қарағанда мазмұны бай, жалпылау жолы жеке белгілері формальды болмайды, берілген заттың басқа затпен қатысын, байланысын ашады. Егер зат тікелей әсерленумен ғана емес, көп бейнелі байланыстар мен қатынастарда ашылса, онда ұғым солғұрлым терең, болмысқа сәйкес және түсінікке қарағанда дәл, толық болады. Ұғымның мазмұнымен қатар көлемі бар. Ол – ұғымға енетін барлық нысандардың елеулі белгілерінің жиынтығы ретінде қаралады. Сонымен қатар ұғым нақты және саналы меңгертілуі үшін әр пәннің арасындағы байланыстар болуы керек. Ұғым, ойлау, ой, білім жүйесі ретінде қарастырылады, онда заттар мен құбылыстардың ерекше қасиеттері, байланыстары мен ара қатынастары қорытынды түрінде бейнеленеді.

География – біртұтас ғылымдар жүйесі. Оның негізгі салалары мектептегі географияда көрініс тапқан (геологиялық-геоморфологиялық, климаттық, гидрологиялық, топографиялық-картографиялық, т.б.) білімдер жүйесі – мектеп бағдарламасында белгіленген арнайы біртұтас ғылыми білім ретіндегі өзара байланысқан көптеген элементтерден (түсініктер, ұғымдар, заңдылықтар, фактілер) тұрады. Сонымен қатар, берілетін химиялық ұғым әр түрлі заттардың жеке қасиеттеріне байланысты қаралады.

Географиялық және химиялық білім жүйесі әр сыныпта жалғаса отырып, біртіндеп кеңейеді және мазмұны жағынан тереңдейді. Жоғарғы сыныптарда география тұтас курс ретінде оқытыла отырып, оқушылардың санасында географиялық білім жүйесінің қалыптасуына жағдай жасаса, химиялық элементарлық білімдер осы пәнді оқытудың ғылыми мазмұнының негізін құрайды. Әр сынып сайын географиялық білім мазмұны мен химиялық ұғымдар тереңдеп, оның көлемі кеңейеді.

Бастапқы ұғымдар және оларды қалыптастыру туралы зерттегенде ұғым қарастырылған нысандар мен құбылыстардан біршама алшақтағанын байқатады. Көбінесе, бұл практикада жиі кездеседі. Мәселен, бастауыш сынып оқушылары ойпат жерден, жазықтық пен таудың айырмасын жақсы түсінуін, жоғарғы деңгейде ұйымдастыру үшін олардың ойпатты жерді білуі керек, оны өмір тәжірибесінде кездестіруге тиіс. Сонда ғана олар салыстыра отырып ұғынады. Қоршаған ортадағы әр түрлі объектілер мен құбылыстардың өзара байланыстары (түпнұсқа) туралы білімдер яғни, ұғымдар жиынтығы оқушылардың осы объектілер мен құбылыстар туралы алғашқы ұғымдарынан туындап, біртіндеп кеңейте отырып қалыптасады. Егер осы үрдіске баланың түпнұсқаны қалай елестететіндігін, бастапқы дерексіздікте сезімдік бейне қандай құндылыққа ие болатындығын ескеретін болсақ, онда төменгі сынып оқушысының ұғымды саналы меңгеру сапасы мен оның даму деңгейі көтеріледі.

Бастауыш сыныпта оқытылатын бастапқы географиялық, химиялық ұғымдар табиғи заттар мен құбылыстар туралы шындықты әрі қарай тереңдете отырып тануда маңызды бастама болып табылады. Географиялық, химиялық ұғым – қоршаған дүниедегі географиялық нысандар мен құбылыстардың ерекшеліктері, қасиеттері, заңдылықтары туралы ұғыми дерек. Осы бастапқы географиялық және химиялық ұғымдар негізінде оқушылар табиғи заңдылықтарды, құбылыстарды олардың себептерін меңгереді. Таным үрдісіндегі адам ойының тереңдеуі туралы сөз болғанда, көптеген психологтар адамның зат, құбылыс, үрдіс, т.б. туралы алатын ұғымдары танымды кеңейтіп, оны тереңдете түсуі ұзақ уақытты керек екендігін атап көрсетеді. Ұғымды саналы меңгеру әр уақытта қабылдауға негізделеді. Бастауыш сынып оқушыларының кез-келген құбылысты, заттарды, олардың ерекшеліктері мен қасиеттерін дұрыс қабылдауы көптеген жұмыс жүргізуді керек етеді.

Қазақстанда бастауыш сыныптардағы жаратылыстану ғылымдарына байланысты білім мазмұнын жетілдіру, мемлекеттік міндетті білім стандартын жобалау, оқу-әдістемелік кешендермен қамтамасыз ету мәселерін жүзеге асыруда үлкен үлес қосып жүрген әдіскерлер: Қ.А.Аймағамбетова, К.Жүнісова, Ә.Бірмағамбетов т.б. Бұл авторлардың еңбектерінде бастауыш сыныптарда жаратылыстану ғылымдары негізінен берілетін білім мен оны оқытудың әртүрлі бағыттағы тұжырымдамаларында оқушылардың танымдық әрекетіне негіздей отырып, олардың дүниетанымын қалыптасыру жолдары айқын көрсетілген.

Ұғым беру кезінде мұғалім мен оқушының оқу және оқыту әрекеттері үндестік тауып, бір мақсатқа орай бірін бірі толықтырып,сол мақсатты жүзеге асыруға бағытталады. Осы үндестіктер болғанда ғана кез келген ұғымды саналы, нәтижелі меңгерту ісі қамтамасыз етіледі.

Біз зерттеу барысында қоршаған дүние туралы оқушылардың дұрыс ұғымдарын қалыптастырудың жолдары мен оны жүзеге асыруды жоғарыда келтірілген қағидалар негізінде қарастырамыз.

Ұғымдардың қалыптасуы – сезімдік таным мен логикалық ойлау өзара байланыста қаралатын және алынған білімдерді практикада қолдану арқылы жүзеге асатын біртұтас үрдіс.

Зерттеу мәселелерін мазмұндық жағынан ашуға тырыса отырып, алдымен бастауыш сыныптарға географиялық, химиялық білімдер шеңберін анықтап алу көзделді. Осы тұста химиялық элементтердің қосындысы ретінде беріліп отырған және жеке нысан ретінде қаралатын су, ауа, топырақ және пайдалы қазбалардың басты және негізгі қасиеттері жайындағы элементарлық химиялық ұғымдарды қалыптастыруға көмектесетін білімдер жиынтығы біртұтастықта қарастырылады. Олардың өзара бір-бірімен байланысы, әрекеттесуі, әр түрлі жер бетінде таралуы, оның заңдылықтары география пәнінің зерттеу көзі. Бұл ғылым өзіне ауа райы, климат, топырақ, өсімдік, жануарлар, адамдар мен өндіріс орындары және олардың арасындағы қарым-қатынастар туралы білімдерді біріктіріп, бізді қоршаған дүниені біртұтас жүйе ретінде қарастырады. Дүниеге деген кең де жүйелі көзқарас географияны Жер туралы басқа да ғылымдардан ерекшелендіріп, көптеген пәндер арасында жоғалып кетпеуіне жол бермейді. Сондықтан да, адамның ойлау әрекетінің жемісі ретінде пайда болатын ұғымдар бастауыш сыныптарда оқытылатын дүниетану пәнінің білім мазмұнына енген. Мысалы, географиялық карта туралы ұғым географиялық білімнің құрамдас бөлігіне айналып отыр. Өйткені белгілі бір аумақты арнайы таңбалар көмегімен бейнелеп көрсету осы географиялық ұғымның негізгі бір бөлігі.

Бастауыш сыныпта географиялық, химиялық ұғымдар жүйесін топтау кейбір ұғымдарды меңгертуде теориялық білімге негіздеп, оны сөз арқылы талдау, жинақтау, түсіндіру, баяндау басым болса, кейбір ұғымдарды қалыптастыруда сарамандық, жаттығу, тәжірибе жасау және бақылау әдістері басым болатыны белгілі. Ұғым қалыптастыруды дұрыс жүзеге асыру үшін мұғалімнің қалыптасу кезеңін және дамытудың барысын біліп отыруы негізгі шарттардың бірі. Ұғым қалыптастыру бірден көзге түсе қоятын үрдіс емес. Бастауыш сынып оқушыларында бұл өте күрделі жұмыстар жүргізуді қажет етеді. Біріншіден, бастауыш сынып оқушыларының есте сақтау көлемі тар, екіншіден, олар көріп, байқап, салыстыру арқылы ғана нақты түсінікке ие бола алады. Ал осы түсініктері болашақта дерексіздендіру негізінде ұғымға айналып, абстрактілі оймен жалғасады. Әсіресе бастауыш мектеп жасындағы оқушыларда олардың зейіні, ойы, бір затты талдау үстіндегі танымдық іс-әрекеттері қатар жүре отырып және сол іс-әрекетте өздігінен белсенділік көрсету арқылы ғана жақсы нәтижеге қол жеткізуге болады. Талдау кезінде оқушылардың басқа пәннен алған ұғымдарымен байланыстыру ғана емес, кіріктіру басым орын алуға тиісті. Мәселен, жыл мезгілдерінің табиғаты туралы олардың ауа райындағы, жалпы табиғаттың өзгерісіндегі ерекшеліктерді талдау барысында оқушылардың ана тілінен жыл мезгілдерін суреттейтін көркем шығармалардан алған ұғымдарын міндетті түрде кіріктіру арқылы әр жыл мезгілінің ең басты көрінісін оқушының есінде мәңгі қалдыруға болады.

Зерттеу жұмысымызда бастауыш сыныптарда берілетін географиялық, химиялық білім мазмұны сараланып, негізгі ұғымдардың көлемі нақтыланды.

(кесте №1)

Бастауыш сыныпқа арналған географиялық білімдердің ұсынылып отырған жүйесінің мазмұнының жаңалығы логикалық-мазмұндық жайына сәйкес төменгі сынып оқушыларын пропедевтикалық даярлауда географиялық нысандарды, заттарды, құбылыстарды оқуда практикалық біліктіліктері мен білімдерін күшейтуде білім мен біліктіліктердің жетілдірілген мазмұнын меңгеруге бағытталып қана қоймай, сонымен қатар, осы танымның адам өміріндегі рөлін көре білуге бағытталады.

Бастауыш сыныптарда берілетін географиялық, химиялық білім мен білік оқушылардың білімді пайдалану шеберліктерін жетілдіруге арналған жүйесі мына мәселелерді шешеді:

— оқушыларға географиялық, химиялық білімдер мен оны іс жүзіне қолдану шеберліктерін жетілдіру;

— оқушының қоршаған дүниеде болатын құбылыстар мен нысандар туралы алғашқы ұғымдарын қалыптастыру;

— білімнің көрнекті қайталанбас көзі ретіндегі географиялық картаның түрлері мен түрлі табиғи заттардың қасиетін анықтау әдістерін меңгерту;

— оқушыларды географиялық және химиялық терминдер мен атаулар тілін қолдануға жаттықтыру;

— сарамандық жұмыстар атқаруға дағдыландыру;

— қоршаған ортаға бақылаулар жүргізу, оның нәтижесін іс-әрекетте пайдалануға үйрету;

— географиялық және химиялық ұғымдарын қалыптастыру арқылы ғылыми білім беру;

— танымдық, қарым-қатынастық, ақпараттық құзыреттіліктерін қалыптастыру.

Біздің зерттеуіміздің негізі бағыты ұғымдарды қалыптастыру болғандықтан, оның төмендегідей анықтамасына көңіл қоюмыз. Ұғым – шындықтағы заттар мен құбылыстарды олардың жалпы және ерекше белгілерінің жиынтығы бойынша қорытындылайтын ой немесе ойлар желісі. Ұғымның белгісі ретінде заттар мен құбылыстардың қасиеттері мен олардың арасындағы қарым-қатынастар алынады. Зерттеу барысында географиялық, химиялық ұғымдардың пайда болуы мен қалыптасуы және дамуы туралы мәселелерді қарастыру көзделіп отыр.

Ғылыми әдебиеттерге шолу жасай отырып, бастауыш сынып оқушыларының географиялық, химиялық ұғымдарын қалыптастыру мотивациялық, мазмұндық, іс-әрекеттік компоненттердің тұтастығында құрылды. Мотивациялық компонент бастауыш сынып оқушыларының географиялық білімге қызығушылығымен сипатталады. Мазмұндық компонент географиялық, химиялық алғашқы білімдер көлемімен анықталады. Іс-әрекеттік компонент табиғат заттары мен құбылыстарын танып-білу бағытындағы құзыреттіліктер жиынтығын құрайды. Көрсетілген компоненттердің өзара байланыстылығы мен тұтастығын ескере отырып, бастауыш сынып оқушыларының географиялық, химиялық ұғымдарын қалыптастырудың өлшемдері мен көрсеткіштері анықталды.

                                                                                                                (кесте №2)

Компоненттер Өлшемдер Көрсеткіштер

Мотивациялық Бастауыш сынып оқушыларының географиялық, химиялық білімге қызығушылығы — табиғи жеке заттардың қасиетін білуге қызығушылығы;

— табиғат құбылыстарының сырын білуге ұмтылысы;

— меңгерген ұғымдарды қолданып, қортынды шығаруға ниеттенуі.

Мазмұнд

ық Географиялық, химиялық бастапқы білімдер -табиғи заттардың қасиеттері туралы білімі;

-табиғат құбылыстарының себеп-салдары туралы түсінігі;

-табиғат заттары мен құбылыстары туралы ұғымдардың болуы:

Іс-әрекеттік Табиғат заттары мен құбылыстарын танып –білудегі іс-әрекеттері — табиғат заттары мен құбылыстарын бақылай білу құзыреттілігі;

— табиғи заттармен (су, ауа, топырақ, т.б.) тәжірибе жасай білуі;

— жер сұлбасымен, географиялық картаның түрлерімен жұмыс жасау, шартты белгілері дұрыс оқи білуі;

— пайдалы қазбалардың түрлерін бір-бірінен ажырату және қасиетін анықтай білуі.

Бастауыш сынып оқушыларының географиялық ұғымын қалыптастырудың құрылымдық-мазмұндық моделін құрастырып, оны педагогикалық эксперимент кезінде қолдануды көздедік. Философиялық, психологиялық, педагогикалық ой-пікірлер негізінде және зерттеу тақырыбымыздың мақсатына қарай бастауыш сынып оқушыларында географиялық, химиялық ұғым қалыптсатырудың құрылымдық-мазмұндық моделі төмендегідей тұрғыда берілді.

5-сурет – бастауыш сынып оқушыларында географиялық, химиялық ұғым қалыптастырудың құрылымдық-мазмұндық моделі

  Бастауыш сыныптарда меңгерілетін географиялық және химиялық ұғымдардың көрсеткіштері мен өлшемдерін үш деңгейде қарастырдық (жоғары, орта, төмен).

     Жоғары деңгей. Географиялық және химиялық ұғымдарды меңгеруге қызығушылығы жоғары. Оқушының географиялық, химиялық ұғымдар нәтижесінде меңгерген білімдері нақты. Берген жауаптарын дәлелдей алады. Тәжірибе, бақылау әдістерін білім алу барысында қолдана алады. Олардың нәтижесін қорытып айтуға мүмкіндігі бар. Табиғат заттары мен құбылыстарын бақылау, жер сұлбасымен, географиялық картаның түрлерімен жұмыс жасау, шартты белгілерді дұрыс оқи білуі, судың, ауаның, топырақтың, пайдалы қазбалардың түрлерін ажырату және қасиетін анықтауда өзіндік белсенділігі жоғары.

     Орта деңгей. Географиялық және химиялық ұғымдарды меңгеруге қызығушылығы бар. Оқушының географиялық, химиялық ұғымдары болғанмен, меңгерген білімдері нақты емес. Берген жауаптарын нақты дәлелдей алмайды. Тәжірибе, бақылауды мұғалімнің көмегімен ғана қолданады және оның нәтижесін қорыту деңгейі орташа. Табиғат заттары мен құбылыстарын бақылау, жер сұлбасымен, географиялық картаның түрлерімен жұмыс жасау, шартты белгілерді оқу барысында мұғалімнің көмегін қажет етеді. Судың, ауаның, топырақтың, пайдалы қазбалардың түрлерін ажырату және қасиетін анықтауда мұғалімнің нұсқауы мен көмегін керек етеді.

    Төменгі деңгей. Географиялық және химиялық ұғымдарды меңгеруге қызығушылығы төмен. Оқушының географиялық, химиялық ұғымдары төмен. Берген жауаптарын дәлелдей алмайды. Тәжірибе, бақылауды мұғалімнің көмегімен қолданғанмен, оның нәтижесін қорыту деңгейі төмен. Табиғат заттары мен құбылыстарын бақылау, жер сұлбасымен, географиялық картаның түрлерімен жұмыс жасау, шартты белгілерді дұрыс оқи алмайды. Судың, ауаның, топырақтың, пайдалы қазбалардың түрлерін және қасиетін ажырата алмайды.

      Зерттеу жұмысының міндеттеріне сәйкес тәжірибелік – эксперимент жұмысы Алматы қаласы Алатау ауданы №136 мектеп-гимназиясында, М.Әуезов атындағы №128 орта мектебінде, Алматы облысы Панфилов ауданы Қоңырөлең ауылының Қожбанбет би атындағы орта мектептерде 2005-2009 аралығында жүргізілді.. Эксперимент жұмысы анықтау, қалыптастыру, бекіту кезеңдері бойынша ұйымдастырылды. Алдымен бастауыш сынып оқушыларының географиялық және химиялық ұғымдарын қалыптастыруға арналған тәжірибелік – экспериментке материалар дайындалып, белгіленген тірек мектептерінде семинар – кеңестер ұйымдастырылып, эксперимент және бақылау сыныптары белгіленді.

     Анықтау эксперимент кезеңінде оқушыларға сұрақтар қойып, әңгімелесу, сарамандық жұмыстар орындату арқылы олардың ұғым меңгеру деңгейін байқауға тырыстық.

     Оқушылармен әңгімелесу кезіндегі сұрақтарға берген жауаптарынан географиялық және химиялық ұғымдарға қызығушылқтарының әртүрлілігі байқалды. Мәселен, 1-2 сынып оқушыларында қоршаған ортаға деген қызығушылық басым, бірақ соған байланысты берілген ұғымдарды ашуға келгенде шорқақтық көрсетеді. Әңгіме барысында қойылған сұрақтарға оқушылардың қайтарған жауаптарында жүйеліліктің жоқтығы, нақты ұғымдар деңгейінің төмендігі, жауапты «иә», «жоқ» түрінде дәлелсіз қысқа ғана қайтаратындығы, бір- бірінің жауабын қайталайтындығы, ой қорыту дәрежесінің жетіспейтіндігі байқалды.

     Сонымен қатар, географиялық ұғымдарға жататын ауа райы, климат, табиғат құбылыстары т.б. туралы анықтамаларды ажыратып айта алмады. Дүниетану сабақтарына керекті көрнекі және оқу құралдарының толық пайдаланылмайтындығын, ғылыми ұғымдардың жеткілікті түрде сараланбайтындығын, оқушылардың географиялық картамен жұмыс түрлерімен жаттықпағандығын, оқушылардың сөйлеу дағдысына да өз көңіл бөлінетіндігін көрсетті.

    Тест тапсырмаларын орындаудың нәтижесінде мына жағдайлар байқалды:

— оқушылардың бұрынғы оқып өткен ұғымдарды ойда сақтау дәрежесінің төмендігі;

— табиғи заттардың басты қасиеттерін нақты ажырата алмайтындығы;

— табиғат құбылыстарының себеп-салдарын ғылыми тұрғыдан түсінбейтіндігі.

— сарамандық және бақылау жұмыстарының жүйелі жүргізілмейтіндігі тәжірибе жасау, географиялық картаны пайдалану, шартты белгілерді дұрыс оқи білуінің төмендігі;

-пайдалы қазбалардың, топырақтың түрлерін бір-бірінен ажырату, судың, ауаның қасиетін анықтау деңгейінің төмендігі байқалды.

Осы жоғарыда көрсетілген жағдайларды ескере отырып, бастауыш сынып оқушыларының географиялық, химиялық ұғымдарын қалыптастыруда мынадай жұмыстар жүргізілді:

— географиялық, химиялық ұғымдардың мазмұны мен жүйесі сараланды;

— географиялық, химиялық ұғымдарды қалыптастыру формасы мен әдістері берілді;

— мұғалімдерге арналған әдістемелік семинардың бағдарламасы жасалды;

— табиғат аясында өткізілетін топ серуен жоспары берілді;

— «Жас табиғат қорғаушылар» үйірмесінің жұмыс жоспары, қызықты

   географиялық ойындар, өлкетану бұрышы, жасалды;

— географиялық, химиялық ұғымдарға байланысты тест тапсырмаларының

   үлгісі құрастырылды;

— «Дүниетану анықтамалығы (1-4 сынып)» мұғалімдерге арналған көмекші құрал.

Бақылау және эксперименттік топтарында оқушылардың географиялық және химиялық ұғымдарын қалыптастыруда байқалған жағдай: оқушылардың табиғат нысандарын және құбылыстарын бейнелі-көрнекілік деңгейде қабылдап, біртіндеп абстрактілі деңгейге көшетіні байқалды. Себебі, бастауыш мектеп жасындағы оқушылар әдетте өте сезімтал және еліктегіш келіп, айқын табиғи бейнелер мен көріністерді және нысандарды, құбылыстарды сезім мүшелерінің көмегі арқылы нақты қабылдауға тырысады.

Келесі сатыда бастауыш сынып оқушыларымен жүргізілген қалыптастыру экспериментінің мақсаты мен міндеті анықталды:

 анықтау эксперименті кезінде сараланған географиялық және химиялық ұғымдар мазмұнын, жүйесін қалыптастыру эксперименті кезінде сабақта, сабақтан тыс іс-әрекет түрлерін ұйымдастыру барысында және топсаяхат кездерінде қолданып, оны оқушыларға меңгертудің жолдарын іздестіру;

 оқушылардың географиялық және химиялық ұғымдарын қалыптастыруға байланысты дайындалған теориялық модельді іс-жүзінде қолдана отырып, зерттеу мақсатын жүзеге асыру;

 зерттеу тақырыбына байланысты өзіміз ұсынған ұғым қалыптастыру барысында қолданылатын білім беру әдістерінің тиімділігін эксперимент арқылы анықтау;

 мұғалімдердің теориялық және әдістемелік деңгейлерін көтеру мақсатымен, ұғым қалыптастыру мәселесіне байланысты семинар өткізу;

 жоғарыда көрсетілген жұмыстар нәтижесінде бастауыш сынып оқушыларының географиялық және химиялық ұғымдарын қалыптастырудың әдістемесін мектептің іс-тәжірибесіне ұсыну.

Эксперимент кезінде әрбір сынып бойынша сабақтардың мақсатын, құрылымы мен түрлерін, берілетін географиялық және химиялық ұғымдардың мазмұндық құрамын анықтау, оқытудың әдіс-тәсілдері мен қолданылатын құралдарды іріктеу, таңдау, сабақ барысында оқушылардың орындайтын өзіндік іс-әрекеттерін белгілеу мәселелері үнемі назарда ұсталып, мұғалімдерге дайын сабақ жоспарларымен бірге әдістемелік кеңестер беріліп отырды.

Қалыптастыру эксперименті кезінде сабақ түрлерін өзгертіп отыру арқылы оқушылардың өзгермелі жағдайда ұғымдарын қолдану икемдіктерін көтеруге мәселесі ескерілді. Сонымен қатар, олардың әр сынып бойынша алған ұғымдарын кіріктіре отырып ұғымдардың саналы меңгерілуіне көңіл бөлінді. Себебі, бастауыш сыныптарда білім спиралды жүйемен белілу арқылы қайталана отырып кеңейтіледі. Өйткені, бұл сыныптағы оқушылардың жас еркшелігіне байланысты білімді сызықты жүйемен беру олардың тез ұмытуына әкеліп соғуы мүмкін болғандықтан, бастауыш сыныптарда сызықты жүйемен беру қолданылмайды. Білім мазмұны қайталана отырып, кеңею арқылы оқушылардың бұрын алған білімдері тірек білімнің рөлін атқарып және ол ұғымдар әрбір кезеңде жаңа мазмұнмен толықтырылып, байытылып отырады.

Қалыптастыру эксперименті кезінде оқытудың негізгі әдісі оқушылардың алдына олардың жас ерекшелігіне сай келетін мәселелерді қойып, оны шешуге өздеріні белсенді қатыстыру арқылы ұғым беру мақсаты үнемі назарда болды. Оқыту кезінде қойылған мәселелер оқушылардың оқу әрекеттері жүйесі арқылы шешіліп отырды. Олардың бірінішісі – қойылған мәселелерді қабылдауға байланысты әрекеттер, ал екіншісі – осы мәселелерді шешуге байланысты әрекеттер. Оқу әрекеттері бойынша пәндік мазмұнға байланысты негізгі ұғымдарды меңгеріп және олардың арасындағы байланыстарды іздеу, оның жауабын табу. Оқу әрекеттерінің көмегімен оқушылар өз жауаптарын талдайды, оқулықтағы мәтінді пайдаланып практикалық жұмыстар атқарады, қортындысында тиісті жауапты табуға үйренеді.

Дүниетану пәні негізінен жаратылыстану ғылымдарының кіріккен мазмұнынан тұратын болғандықтан, ұғым қалыптастыру кезінде осы ғылым саласына тән әдістер қолданылды. Бұларға тәжірибе, бақылау, талдау, анықтау, салыстыру, қортындылау, іздену т.б., әдістер тобы жатады. Бұл әдістер арқылы оқушының іздеу қабілетін, табиғатты бақылауға, бақылау кезінде басты құбылыстар мен ерекшеліктерді байқау икемдіктерін, өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап табу қабілетін дамыту тұстарына баса көңіл бөлінді. Осылардың негізінде оқушыларға нақтылы құбылыстар, деректер мен ерекше белгілерді, заттардың қасиеттерін білдіретін теориялық және практикалық ұғымдар меңгеру мақсаты жүзеге асты.

Оқушылар қалыптастыру экспериментінің нәтижесінде табиғат туралы кез-келген сұраққа саналы түрде жауап қайтаруға, оқулық бойынша, өздігінен бақылау және практикалық жұмыстар орындау нәтижесінде, дұрыс жауап таба білуге, өзін- өзі тексеруге жаттықты. Мәселен, 2- сыныпта оқушылар көкжиек тұстарымен танысады. Оған байланысты тұстардың атын, оны қалай анықтау жоларын біледі. Енді олардың осы ұғымдарын бекіту мақсаты практикалық жұмыстар орындату арқылы жүзеге асырылады. Ол үшін мұғалім әр оқушының өз үйінің мектептен қай бағытта орналасқандығын анықтап, мектепке келетін жолындағы кездесетін заттарды әр қайсысын өз бағытында орналастырылып, шартты белгілер арқылы қағазға түсіріп, мектепке келетін жолының сызбасын жасау үйге тапсырады. Бұл жағдайда оқушылардың осы мәселені қалай шешуді, оны жүзеге асыру үшін не істеу керектігін білуі қажет. Бұл жұмыстарының нәтижесін оқушылар бүкіл сынып бойынша бірігіп талқылайды. Бір – бірінің қатесін шығарады. Жұмысты орындау барысында оқушылар әр түрлі шартты белгілерді қолдануға жаттығады. Жұмыс нәтижесін талдау кезінде оқушылар көптеген жаңа сөздерді (дүкен, жол қиылысы, базар, автокөлік, аялдама, саябақ т.б.) қолданады. Шартты белгілерді дұрыс қолдану, негізгі көкжиек тұстарын дұрыс көрсету, әр нысанда өз бағытында орналастыру бұл келешекте 3-4 сыныптарда картамен жұмыс істеуге дайындайды.

Мұғалімнің оқыту және оқушылардың оқу әрекеттерінің байланыстылығын қамтамасыз ете отырып, оқушылардың белсенділігін арттыратын әдістерді қолдану арқылы бастауыш сыныпта географиялық, химиялық ұғым қалыптастыруға болатындығына көз жеткіздік.

 Эксперимент нәтижесін қортындылау кезінде әр сыныпқа бақылау сұрақтары мен тапсырмалар беріліп, соған қайтарған жауаптар мен орындаған сарамандық жұмыстардың нәтижесі қортылды. Бақылау сыныптары мен эксперименттік сынып оқушыларының білім деңгейі, сарамандық жұмыс орындаудағы біліктіліктері және алған ұғымдарын қолдану құзіреттілігі де сараланды.

 Сұрақтар мен тапсырмаларды орындатумен қатар белгілі бір тарау бойынша оқушылардың бір- біріне сұрақтар қойғызып, өз ойларын айтқызу арқылы да, алған ұғымдарын қолдана алу деңгейін де байқауға тырыстық. Бұл жұмысты қортындылау кезінде мына мәселелерге көңіл аударылды:

1. Бақылау сыныбы мен эксперименттік сынып оқушыларының қойған сұрақтарының тақырыпқа сәйкестігі;

2. Әр сынып бойынша сұрақ қоюға оқушылардың белсенділік деңгейі;

3. Оқушылардың сұрақтарға қайтарған жауаптардың сапасы;

4. Тәжірибе әдістерін қолдануға байланысты қойылған сұрақтар;

5. Практикалық әдістерді қолдануға байланысты қойылған сұрақтар;

6. Бақылау әдістерін қолдануға байланысты қойылған сұрақтар.

7. Сұрақ қою барысында оқушылардың ұғымдарды қолдану деңгейлері т.б.

Осы жұмыстар барысында алынған мәліметтер эксперименттік топта табиғатқа байланысты ұғымдардың қалыптасқандағын байқатты. Оқушылар өздері қойған сұрақтары мен тапсырмаларында географиялық атауларды, құбылыстарды, заттардың қасиетін, шартты белгілерді, т.б. ой қорытуға қажетті ұғымдарды қолдана алды. Бақылау сыныбындағы оқушылардың сұрақты жүйелі қоюға және ойларын тұжырымдап айтуға шорқақтығын байқатты. Сұрақ қоюға ұмтылмаған оқушылар да кездесті. Ал кейбір оқушылар сұрақ қоюға ұялып, өздеріне сенімсіздік көрсетті. Көптеген сұрақтардың құрылымы мен мағынасы дұрыс болмады. Бақылау сыныбындағы оқушылардан неге сұрақ қоймайсыңдар? — деп сұрағанда, олардың жауаптар әр түрлі болды. Мысалы: «… мен не істеу керектігін мүлдем түсінген жоқпын», «менде қояр сұрақ жоқ», «Сұраққа қажетті сөздерді тауып, айту қиын», т.б.

Эксперименттік сыныптардың оқушылары географиялық және химиялық ұғымдарды қолдана отырып сұрақтары мен тапсырмаларды көп қойып, оларды өздері біріге отырып шешті. Қойған сұрақтардың географиялық және химиялық ұғымдарға тікелей қатыстылығы байқалды. Бұл эксперименттік сынып оқушыларының өздігінен жұмыс жасауға, ойларын тұжырымдап айтуға, ұғымдарын іс жүзінде қолдануға жаттыққандығын көрсетті.

     Біз тәжірибелік–сынақ жұмыстарымызды қорытындылаған кезде қойылған сұрақтар мен оған қайтарылған жауаптардың дұрыстығын бағалаумен қатар, оқушының ойлау әрекетінің деңгейін, ұғымдарды қолдану біліктіліктерін байқауға тырыстық. Эксперименттік сынып оқушыларының сұрақ шешімдерін іздеу әдістері, өз әрекеттерін бағалау, ой қорыту қабілеттілігі байқалды.

  Эксперименттік сынып оқушылары сабақ барысында мұғалімге әр түрлі сұрақтар қоюмен қатар, тапсырманы орындау әдістерін түсіндіруді талап ететін деңгейге көтерілді. Бақылау сыныбының оқушылары шартты белгілерді қиналды және дұрыс белгілей алмады. Бұл оқушылардың сабақ барысында көбінесе тыңдаушы мен көрермен ретінде болғандығын байқатты. Ал, эксперименттік сынып оқушылары өздігінен әрекет жасап, белсенділік көрсетуге, осының нәтижесінде білімді саналы қабылдауға дайын, ойлау мен елестету, іздену қабілеттерінің басымдығын байқатты.

     Тәжірибелік эксперименттің қалыптастыру кезеңі бойынша бастауыш сынып оқушыларының географиялық және химиялық ұғымдарды меңгеру деңгейінің көрсеткіштері төменгі кестеде берілді. Тәжірибелік-эксперименттің бекіту кезеңі бойынша бастауыш сынып оқушыларының географиялық және химиялық ұғымдарды меңгеру деңгейінің көрсеткіштері төмендегі кестеде (2-кесте) және суретте (3-суретте) берілді.

2 – кесте. Бастауыш сынып оқушыларының географиялық және химиялық ұғымдарды меңгеру деңгейінің көрсеткіштері деңгейлерінің салыстырмалы көрсеткіштері

Өлшемдері Бақылау тобы (134 оқушы) Эксперименттік топ (136 оқушы)

 Экспериментке дейін Эксперименттен кейін Экспериментке дейін Эксперименттен кейін

 Ж О Т Ж О Т Ж О Т Ж О Т

Географиялық және химиялық ұғымға қызығушылығы 36 59 39 37 60 37 39 64 33 49 75 12

 27% 44% 29%

 28% 45% 27% 29% 47% 24% 36% 55% 9%

Географиялық және химиялық ұғымдарының болуы 35 58 42 35 60 39 37 61 38 52 76 8

 25% 43% 32% 26% 45% 29% 27% 45% 28% 38% 56% 6%

Географиялық және химиялық ұғымдарды қолданудағы іс-әрекеттері

 25 62 37 44 76 14 38 64 34 53 78 5

 26% 46% 28% 33% 57% 10% 28% 47% 25% 39% 57% 4%

Орташа көрсеткіш 26% 44% 30% 29% 49% 22% 28% 46% 26% 38% 56% 6%

3 – сурет. Бастауыш сынып оқушыларының географиялық және химиялық ұғымдарды меңгеру деңгейінің көрсеткіштері деңгейінің салыстырмалы нәтижесі

Анықтау және қалыптастыру эксперименттеріндегі көрсеткіштерді салыстыра келе, соңғы бекіту кезеңінің нәтижесі шығарылды. Тәжірибелік-эксперименттік жұмыстың салыстырмалы нәтижесі төмендегі суретте көрсетілді

       Қорыта келгенде, бастауыш сынып оқушыларына географиялық және химиялық ұғым қалыптастыру ісі жаңа технологияларды қолданып, оқушылардың ізденушілігін дамыта отырып, сабақта және сабақтан тыс жұмыстарды байланыстыра жүргізу нәтижесінде ұсынған әдістеме тәжірибелік эксперимент жағдайында ғылыми болжамның дұрыстығын дәлелдеді.

Тәжірибелік-сынақ жұмыстары барысында педагогикалық іс-тәжірибесіне байланысты географиялық және ұғымдарды қалыптастыру үрдісін белсендіруде мұғалімдер тарапынан кездесетін кемшіліктер де анықталды. Бұл біріншіден, ұғым қалыптастыруға байланысты мұғалімдерге арналған әдістемелік құралдың жоқтығы. Екіншіден, мұғалімдердің ұғым қалыптас тыруды жүзеге асыру барысында қолданылатын белсенді әдістерді іріктеп сабақ барысында және сабақтан тыс жұмыстар барысында пайдалану шеберліктерінің төмендігі. Үшіншіден, дүниетану сабақтарының жаратылыс тану ғылымдарына сәйкес әдістермен оқытылмай, гуманитарлық пәндерге тән әдістермен оқытылатындығы. Төртіншіден, сабақ барысында оқушылардың белсенділігін арттыруға аз көңіл бөлінетіндігі және оқушының дербес өзіндік әрекетін ұйымдастырудың жеткіліксіздігі. Бесіншіден, практикалық жұмыстар орындату жағына аз көңіл бөлінетіндігі. Алтыншыдан, бақылауды ұйымдастырып, оның нәтижесін сабақта пайдалану тұстарының төмендігі.

Қорытынды

Бастауыш сыныптарға қойылатын талаптарының бірі — баланың жекебастық дамуымен, өмірге деген дұрыс көзқарасының қалыптасуына деген дайындығын қамтамасыз етуге бағытталған. Осы тұрғыдан алғанда қоршаған дүниедегі үздіксіз болып тұратын өзгерістерді байқап, бақылай алатын оны терең түсінген оқушы ғана даму мүмкіндігіне ие болады. Олай болса оқушыларға қоршаған табиғи және әлеуметтік ортадағы заттар мен құбылыстарды зерттеп тануға ықпал ететін жаратылыстану ғылымдары пәндерінде берілетін ғылыми ұғымдарды бастауыш сынып оқушыларында қалыптастырылуы олардың білімді саналы меңгеруімен білімінің көбеюіне үлкен рөл атқарады. Осы тұрғыдағы зерттеу барысында қол жеткен нәтижелер төмендегідей қорытындылар жасауға мүмкіндік береді.

1. Зерттеу мәселесіне байланысты философиялық, психологиялық, және педагогикалық талдаулар барысында бастауыш сынып оқушыларының географиялық, химиялық ұғымын қалыптастыру теориялық тұрғыда негізделіп, бастауыш сынып оқушыларының географиялық, химиялық ұғымын мазмұны, жүйесі, көлемі айқындалды.

2. Географиялық білімнің мазмұны мен құрылымы ғылыми түсініктерді, атауларды, табиғи заңдар мен құбылыстарды, географиялық деректерді географиялық нысандар туралы ұғымдармен байланысты жүзеге асады.

3. Бастауыш сыныптарда дүниетану пәні бойынша оқушыларда химиялық ұғым қалыптастыру географиялық ұғымдардың негізі химиялық элементтер жиынтығы екендігін ескеріп, ондағы заттардың химиялық құрамын ерекшелей отырып химияның элементарлы ұғымдарын қалыптастырудың білімі мен білігін игеруге ықпал ету деп тұжырымдалды.

4. Бастауыш сынып оқушыларының дүниетану пәнінен географиялық және химиялық ұғымдарды қалыптастырудың мотивациялық, мазмұндық, іс-әрекеттік компоненттеріне сәйкес өлшемдері мен көрсеткіштері, деңгейлері айқындалып, құрылымдық-мазмұндық моделі құрылды.

5. Бастауыш сынып оқушыларының дүниетану пәнінен географиялық және химиялық ұғымдарды қалыптастырудың қазіргі жағдайына талдау жасау оны сабақта және сабақтан тыс кезеңдерде жүзеге асырудың формалары мен әдіс-тәсілдерін анықтауға себеп болды.

6. Бастауыш сыныпта оқушылардың дүниетану пәнінен географиялық және химиялық ұғымдарын қалыптастыру бағдарламасы мен әдістемесінің тиімділігі тәжірибелік-эксперимент барысында тексеріліп, ғылыми болжамның дұрыстығына көз жеткізілді.

Ғылыми-зерттеу жұмысының мақсаты мен болжамына сәйкес белгіленген міндеттер орындалып, оң нәтиже алынды. Теориялық қағидалар мен тәжірибелік-эксперимент жұмыстарының нәтижесінде төмендегідей ұсыныстар жасалынды:

– бастауыш сыныпта оқушылардың дүниетану пәнінен географиялық және химиялық ұғымдарын қалыптастырудың әдістемесі мен ғылыми ұсыныстарын бастауыш мектептің тәжірибесіне енгізу;

– бастауыш сыныпта оқушылардың дүниетану пәнінен географиялық және химиялық ұғымдарын қалыптастыру бағдарламасын аудандық, қалалық, облыстық, республикалық білім беру жүйесінің басшы және ғылыми-педагогикалық кадрлар біліктілігін арттыру институттарының іс-тәжірибесіне енгізуге ұсыну, бастауыш сынып мұғалімдерінің біліктілігін арттыруға пайдалану;

– ұсынылған әдістемені 12 жылдық білім берудің оқу-тәрбие үрдісіне енгізуге ұсыну.

Бастауыш сыныпта оқушылардың дүниетану пәнінен географиялық және химиялық ұғымдарын қалыптастыру күрделі мәселесі болғандықтан, оны толығымен қарастырып, бір ғана зерттеу проблемасының аясына сыйғызу мүмкін емес. Зерттеу барысында алынған нәтижелер оны шешудің бір ғана жолы болғандықтан, бұл бағыттағы ізденістер болашақта арнайы, дербес зерттеуді қажет етеді.

Диссертацияның негізгі мазмұны келесі басылымдарда жарық көрді:

1. Бастауыш сынып оқушыларына туған өлке табиғатын қорғау барысында оқыту мен тәрбие беру бағыттары // Қазіргі таңдағы мектепке дейінгі және бастауыш білім берудің психологиялық-педагогикалық негіздері: Халықаралық ғылыми практикалық конференция материалдары. -Алматы, 2003. –Б. 56-60.

2. Бастауыш сыныптарда оқушыларға географиялық ұғым беру/ХХІ ғасырдағы қазақ мектебі: даму болашағы: Республикалық ғылыми практикалық конференция материалдары. –Алматы, 2006. –Б. 416-423

3. Бастауышта өлкетану курсын оқытуда географиялық ұғымдарды қалыптастыру // Мировая образовательная политика в контексте трансформации системы образования: Халықаралық ғылыми-теориялық конференция. – Алматы-Москва, 2006. – Б. 21-25

4. Географиялық атауларды (объектілерді) қорғауға байланысты қазақ халқының асыл дәстүрлері // Бүгінгі түркітану және оның даму бағыттары: Халықаралық ғылыми практикалық конференция материалдары. –Алматы, 2006. –Б. 181-189.

5. Бастауыш сынып оқушыларын туған өлке табиғатын қорғауға тәрбиелу//Әлемдік рухани құндылықтар және қазіргі қазақ әдебиетінің өзекті мәселелері: Халықаралық ғылыми практикалық конференция материалдары. –Алматы, 2007. –Б. 610-615.

6. Бастауыш сынып оқушыларының географиялық ұғымдарын қалыптастырудың психологиялық ерекшеліктері // Мектепке дейінгі және бастауыш білім: қазіргі жағдайы, даму тенденциялары және мәселелері: Халықаралық ғылыми практикалық конференция материалдары. –Алматы, 2007. –Б. 54-59.

7. Бастауыш сыныптарда географиялық алғашқы түсініктерді қалыптастыруда «Қызықты география» қосымша бағдарламасын оқытудың маңызы // Бастауыш мектеп, Алматы 2007жыл № 4

8. Формирование географических представлений и понятий в начальных классах. // Педагогика тағылым, Ташкент, 2008. –№4. –Б. 42-44.

9. Бастауыш сыныптарда «Дүниетану» пәнінен берілетін алғашқы географиялық түсініктердің маңызы//«Педагогикалық білімді модернизациялау: түйткілдер және болашағы»: Халықаралық ғылыми практикалық конференция материалдары. –Алматы, 2008. –Б. 199-204.

10. Географиялық түсініктерді бастауыш мектепте қалыптастыруда жаңа технологияны қолдану // География , Алматы 2008. жыл № 3

11. Географияны оқытуда оқушылардың ақыл ойының дамуы. // Вестник КазГНУ, Алматы, № (6) 2008 ж

12. Бастауыш сыныптарда географиялық алғашқы түсініктерді қалыптастыруда нақтылы ұғымдардың маңызы. // Бастауыш мектеп, Алматы 2008жыл № 4

13. Географиялық түсініктерді бастауыш мектепте қалыптасуының тарихи жайы. // Вестник КазГНУ, Алматы, № (11) 2009 ж

14. Дүниетану: Жалпы білім беретін мектептердің бастауыш сыныбына арналған анықтама — оқу құралы.–Астана: «Арман-ПВ» баспасы 2009. -144 бет. (Аймағамбетова Қ.А. авторлық бірлестікте)

15. Бастауыш сынып оқушыларының дүниетану пәнінен географиялық және химиялық ұғымдарын қалыптастыру әдістемесі. Әдістемелік құрал. Алматы, 2010.

РЕЗЮМЕ

АЛЬДИБЕКОВА ШОЛПАН НУРСАПАЕВНА

  «Методика формирования географических и химических понятий у учащихся начальных классов в процессе «Познания мира»».

13.00.02 – Теория и методика обучения и воспитания (география),

13.00.02 – Теория и методика обучения и воспитания (химия),

Актуальность темы. Одним из основных требований, предъявляемых к современной системе обучения в начальной школе, является развитие личности младшего школьника, формирование его мировоззрения. Это возможно при условии, если у учащихся будут сформированы научные понятия об окружающем мире в процессе изучения естествознания. Имеющиеся данные свидетельствуют о недостаточной разработанности проблемы формирования у учащихся начальных классов географических и химических понятий. Для решения данной проблемы необходимо теоретически обосновать и разработать методику формирования географических и химических понятий у младших школьников. Педагогическая востребованность и практическая значимость этой проблемы обусловили выбор темы диссертационного исследования – «Методика формирования географических и химических понятий у учащихся начальных классов в процессе «Познания мира»».

Цель исследования: теоретическое обоснование и практическая разработка методики формирования географических и химических понятий у учащихся начальных классов.

Объект исследования: учебно-воспитательный процесс в начальной школе.

Предмет исследования: формирование географических и химических понятий у младших школьников на основе изучения предмета «Познание мира».

Задачи исследования:

1. Раскрыть теоретические основы формирования географических и химических понятий

 у учащихся начальных классов.

2. Уточнить содержание, структуру, объем формирования географических и химических

 понятий у учащихся начальных классов.

3. Разработать структурно-содержательную модель формирования географических и

 химических понятий у учащихся начальных классов.

 4. Разработать и экспериментально проверить методику формирования географических и химических понятий у учащихся начальных классов на основе изучения предмета «Познание мира».

Методы исследования: теоретические (теоретический анализ философской, психолого-педагогической, специальной литературы; законодательных, нормативных документов, обобщение, сравнение); эмпирические (анализ школьной документации, анкетирование, интервьюирование, беседа, наблюдение, тестирование, педагогических эксперимент, обобщение передового педагогического опыта); статистические (математическая и статистическая обработка результатов, полученных в ходе исследования).

Научная новизна и теоретическая значимость исследования:

— определены теоретические основы формирования географических и химических понятий у учащихся начальных классов;

— уточнены содержание, структура, объем формирования географических и химических понятий у учащихся начальных классов;

— разработана структурно-содержательная модель формирования географических и химических понятий на основе предмета «Познание мира».

 Практическая значимость исследования:

— разработана и экспериментально доказана эффективность дошкольной программы по формированию у учащихся географических и химических понятий;

— экспериментально проверена и доказана эффективность методики формирования географических и химических понятий у учащихся начальных классов;

— разработан справочник географических и химических понятий для учащихся начальных классов;

— разработано учебно-методическое пособие «Занимательная география»;

— результаты исследования могут быть использованы в практике учителей начальных классов, в системе подготовки будущих учителей, в институтах повышения квалификации научно-педагогических и руководящих кадров в системе образования.

На защиту вносятся следующие положения:

1. Определение теоретических основ формирования географических и химических понятий у учащихся начальных классов на основе предмета «Познание мира».

2. Содержание, структура, объем формирования географических и химических понятий у учащихся начальных классов.

3. Структурно-содержательную модель формирования географических и химических понятий у учащихся.

4. Методика формирования географических и химических понятий у учащихся начальных классов.

5. Результаты экспериментальной работы по формированию географических и химических понятий у учащихся начальных классов.

 В перспективе исследование может иметь дальнейшее развитие в аспекте изучения проблемы формирования у учащихся начальных классов географических и химических понятий на основе естественнонаучных предметов.

SUMMARY

Aldibekova Sholpan Nursapaevna

Methodology of geographical and chemical conception formation on primary school pupils during process of study “World cognition”

13.00.02- Theory and methods of teaching and training (geography)

                        13.00.02- Theory and methods of teaching and training (chemistry)

Relevance of theme. One of the basic requirements lodged to modern system of teaching in primary school is personality development of pupil and forming of his world-view. It is possible provided that pupils have basic scientific knowledge over the world around during the nature science study. Available data testify insufficient development of problem of forming geographical and chemical knowledge on pupils. It is necessary for the resolving of this problem theoretically support and develop the method of geographical and chemical knowledge forming on pupils. Pedagogic important and practical significance of this problem called forth the choice of dissertation research theme – “Methodology of geographical and chemical conception formation of primary school pupils during process” .

Aim of research: Theoretical support and practical development of methods of geographical and chemical knowledge forming on pupils.

Object of research: Educational process in primary school.

Subject of research: Forming of geographical and chemical knowledge on pupils on the base of “World cognition” discipline study.

Tasks of research:

1. To reveal theoretical basics of forming of geographical and chemical knowledge on pupils.

2. To specify the content, structure, volume of geographical and chemical knowledge forming on pupils.

3. To develop structural and conceptual model of geographical and chemical knowledge forming on pupils.

4. To develop and experimentally testify the method of geographical and chemical knowledge forming on pupils on the base of “World cognition” discipline study.

Methods of research: theoretical (theoretical analysis of philosophical, psychological – pedagogic, special literature; legal, regulation documents, generalization, comparison); empirical (analysis of school documentation, questioning, interview, conversation, observation, testing, pedagogic experiment, generalization of advanced pedagogic experience); statistics (mathematical and statistical results processing received during research).

Scientific novelty and theoretical significance of research:

— Theoretical basics of forming of geographical and chemical knowledge on pupils has been defined;

— Content, structure, volume of geographical and chemical knowledge forming on pupils has been specified;

— Structural and conceptual model of geographical and chemical knowledge on the base of “World cognition” discipline study has been developed.

Practical significance of research:

— The effectiveness of preschool program under the forming geographical and chemical knowledge on pupils have been developed and experimentally proved .

— The effectiveness of method of geographical and chemical knowledge forming on pupils experimentally testified and proved .

— Educational aid “Recreational geography” has been developed;

— Results of research can be used in practice of school teachers, in system of future teachers training, in institutes of qualification advancement of scientific – pedagogic and managing staff in Educational System.

Following provisions must be defended:

1. Definition of theoretical basics of geographical and chemical knowledge forming on the base of “World cognition” discipline study.

2. Content, structure, volume of geographical and chemical knowledge forming on pupils.

3. Structural and conceptual model of geographical and chemical knowledge forming on pupils.

4. Method of forming of geographical and chemical knowledge on pupils.

5. Results of experimental work of forming of geographical and chemical knowledge on pupils.

In perspective this research can has further development in aspect of problem study of geographical and chemical knowledge forming on pupils on the base of natural scientific objects.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *