5. Тұрақты ток электр жетектері 5.1 Электр жетегінің түрлері

№5 дәріс

5. Тұрақты ток электр жетектері

5.1 Электр жетегінің түрлері

Электр жетегінде-негізгі элемент (электр энергияны механикалық энергияға түрлендіретін) электр қозғалтқыш болады.

3.1 сурет — Автоматтандырылған электр жетегінің құрылымдық сұлбасы

Жүйе үш негізгі бөлімдерден құралады:

а) өзінің ішіне жұмысшы механизмді (ЖМ), жұмысшы машинаның орындаушы құралына электр жетегінің электр қозғалту құрылғыдан механикалық энергияны беру және жылдамдығын өзгертуге арналған беру құрылғыны (Бер. Қ) енгізетін механикалық бөлік (МБ).

б) электр қозғалту құрылғы (ЭҚК) — электр энергияны механикалық энергиясына түрлендіретін электрмеханикалық түрлендіргіш (ЭМТ).

в) күштік түрлендіргіштен (Т), баскару құрылғыдан (БҚ) тапсыру құрылғыдан (ТҚ) және кері байланыс бергіштерден (электрлік ҚБЭБ және механикалық КБМБІ, КБМБ2) құралған басқару жүйе (БЖ). Түрлендіргіш (Т) қозғалтқышты қоректендіру және басқару әрекетін істеу үшін тағайындалған. Ол қозғалтқышқа берілетін токтың жөне кернеудің түрін, жиілігін немесе электр энергияның сапа көрсеткіштерін өзгертеді.

  Түрленгішті басқаратын (Т), басқару құрылғы (БҚ), тапсыру құрылғыдан (ТҚ) тапсыру дабылдарды, ал электр жетегінің және технологиялық процестерінің өтіп жатқан күйінің мәліметтерін, кері байланыстардың бергіштерінен алады. Бұл бергіштердің көмегімен қозғалқыштың тоғы, кернеуі, қуаты немесе оның басқа шамалары және жылдамдық, момент, орындаушы құрылғының тұратын орыны осы шамаларға пропорционалды дабылдарға түрлендіріледі, ал олар, содан кейін басқару құралға (БҚ) беріледі. Оның ішінде электр жетегінің жөне технологиялық процестердің өтіп жатқан күйі тапсырылғанмен салыстырылады, ал егер де айырмашылық болса, онда электр жетегінің басқару құрылғысы (БҚ) арқылы айырмашылықты талапталған дәлдікпен және жылдам әсерлікпен жоюға бағытталған басқару дабыл өндіріледі.

Әр түрлі электр жетектерді, олардың механикалық энергияны тарату әдістері бойынша негізгі үш түрге бөлуге болады: топты, дербес және өзара байланысты.

Топты ЭЖ бір электр машина арқылы бірнеше жүмысшы машинаның орындаушы құралдарын қозғалысқа келтіреді.

3.2, а сурет. Электр жетектердің топтық және дербестік өзара байланыстық сұлбалары

3.2, б сурет. Конвейер жетегінің өзара байланыстық сұлбасы

Басқару дәрежесі бойынша электр жетектері:

а) реттелмейтін-бір ғана өзгермейтін жылдамдығы бар жұмысшы машинаның орындаушы құралдарын іске қосу үшін;

б) реттелетін-жұмысшы машинаның орындаушы құралына өзгеріп тұратын жылдамдықты әсер етуге келтіру үшін;

в) бағдарламалық басқарылатын-тапсырылған бағдарлама бойынша басқарылады;

г) бақылаушы-белгілі дәлдікпен жұмысшы машинаның орындаушы құралдың жылжуын бақылау.

Автоматтандыру дәрежесі бойынша:

а) автоматтандырылмаған-қолмен басқарылатын электр жетегі;

б) автоматтандырылған- шамалары автоматты реттелу арқылы басқарылатын электр жетегі. Токтың түрі бойынша тұрақты және айнымалы ток электр жетегі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *