ӘЖ-де жерлендіру құрылғысы

ӘЖ тіреулері мен траверстеріне қойылатын талаптарды ӘЖ-ң бағытына, тіреудің материалына және ол жүретін трассаның орынына байланысты электр қондырғыларды құру ережесі (ЭҚЕ) көрсетеді.

1кВ-ке дейінгі ӘЖ жерлендіру. Жерлендірілген нейтралмен тораптарда металл тіреулерін және темір-бетон тіреулерінің арматураларын нөлдік жерлендірілегн сыммен арнайы тармақтардың болттық қыспаларының көмегімен жаңаш өткізгіштен жасалған мойнақ арқылы жалғайды. Қыспаларды желінің металы сияқты металдан дайындайды. Толық жерлендірілген нейтралмен тораптарда тіреудің керу металын нөлдік жерлендіру сымына жалғайды.

Оқшауламаланған нейтралмен тораптарда металл тіреулері мен темір-бетон тіреулердің арматуралары да, тіреуге монтаждалған жерлендіруші құрылғыға жалғау арқылы жерлендіріледі, немесе жерлендіргіш ретінде металл тіреулердің негіздемелерін, кабелдердің металл қабықшаларын және с.с. пайдаланады. Жерлендіруші құрылғының кедергісі 50Ом-нан артық емес болуы тиіс. ӘЖ тіреуіндегі жерлендіруші түспенің диаметрі 6мм-ден кем болмауы тиіс. Жерден 2,5м-ден кем биіктікте төменгі аяқ ұшымен бекітілген тіреудің металл керулері, кейде 10Омнан артық емес жерлендіруші құрылғының кедергісімен жерге қосады, кейде изоляторлардың көмегімен оқшаулайды.

1кВ-тен жоғары ӘЖ жерлендіру. ӘЖ-де жерленуі тиіс:

а) 3-35кВ ӘЖ темір-бетон металл және металл тіреулері. Бұл кезде темір-бетон тіреулердің жерлендіруші түспелері ретінде бірі-бірімен және жерлендіргішпен жалғайтын бойлық темір арматураның элементтері пайдаланылады;

ә) темір-бетон металл және ағаш тіреулердің барлық типтері, найзағайдан қорғайтын құрылғылары орнатылған немесе арқансым ілінген кернеудің барлық желілері;

б) күштік және өлшеу трансформаторлары орнатылған тіреулердің барлық түрлері.

Темір-бетон тіреулері бар желілерде траверске бекітілген изоляторлардың бөлшектерін және арқансымдарды жерлендірілген арматурамен немесе жерлендіруші түспемен жалғайды. Жалғауларды пісіргішпен не болттық қыспалармен орындайды.

Тіреулердің жерлендіруші құрылғыларын диаметрі 1,2мм тік өзектік жерлендіргіштерді топыраққа бұрандап қадау түрінда немесе болат тілімдемелермен бір-біріне жалғанатын бұрыштық болаттан жасалған тік жерлендіргіштерді топыраққа көму түрінде орындайды.

ӘЖ жерлендірушілер 0,5м-ден кем емес тереңдікте жатуы тиіс, ал жыртылатын жерде – 1метрде. ӘЖ тіреулерін жерлендіруші құрылғыға жалғау, металл тіреулерде тіреудің аяғына қарай бұрылған қуысты болат кесінділердің көмегімен болттық бекітпелермен орындалады, ал темір-бетон тіреулерде – арнайы шықпаға немесе тіреуді арматурамен жалғаған жерлендіруші түспеге жасайды. Тіреулердегі әрбір түспенің қимасы кем болмауы тиіс, ал талсым түспелер үшін диаметр d 10мм.

ӘЖ тұрғызу

ӘЖ-н тұрғызу ағынды әдіспен жүзеге асырылады және операциялар қатарынан тұрады.

1. Желіледі трассалау. ӘЖ трассалары қайсыбір жерлермен жүруі мүмкін және инженерлік ғимараттарға (теміржолдарға, көпірлерге, байланыс желілеріне және с.с.) жақындауы немесе оларды қиып өтуі мүмкін. Бірақ олардың орналасуы, үйлердің кірмелеріне, аулалардың кіреберістеріне бөгет жасамауы және көліктер мен жаяу жүрушілердің қозғалысына қиындық жасамауы тиіс. Көліктің тіреулерге соғу қауіпі бар жерлер, соққыға төзімді құбырлармен қорғалады. ӘЖ орман массиві мен көк ағаш екпе бойымен жүрген кезде, ағаштарды кесіп соқпақтау міндет емес. Бірақ ең үлкен салбырау бағыттама кезінде сымнан бұта-шоқтарына, ағаштарына және басқа өсімдіктерге дейінгі қашықтық 0,5м-ден кем болмауы тиіс. Әрбір тіреуде 2,5…3,0 м биіктікте реттік нөмірі мен тіреуді қондырған жылы қойылады.

2. Тіреулерді қондыру. Бұл операция мындан тұрады:

а) шұқырларды қазу, арнайы бұрғылау машиналарымен, тракторға не автомашинаға монтаждалған шұңқыр бұрғылауыштармен жүзеге асырылады. Бұрғылау тереңдігі 3…3,5м, бұрғылау уақыты 5мин. Тікбұрышты пішінді шұқырларды қазу үшін жиналмалы және монолитті темір-бетон тіреулердің астына біршөмішті экскаваторлар қоданылады. Тоңланған немесе тасты жерде қопару жұмыстары пайданылады;

ә) тіреулурді қондыру, трасса бойына апарылған дайындалған немесе орынныда жиналған тіреулерді арнайы механизмдердің көгегімен орнатады. Салмағы 4тоннаға дейінгі ағаш, темір-бетон және металл тіреулерді кранмен, 10 тоннаға дейінгі – кранмен және трактормен, 10 тоннадан артық – «құламалы» бағыттамамен және тракторлармен орнатады. Таулы, қиын қиыстырмалық жерлерде тіреулерді қондыру үшін тікұшақтар қолданылады. Ригелдерді мырышталған қамыттардың көмегімен бекітіп, сонан соң шұқырды көмуді жүргізеді;

б) тіреулерді тексеру, көтерілген тіреулердің қалпын бекіту алдында тексереді. 10кВ дейін қоса тіреудің тіктігін әдетте тіктеуішпен тексереді. Күрделі тіреулерді, ал сондай-ақ 35кВ-тен жоғары ӘЖ-ң барлық тіреулерін қондыру дұрыстығын геодезиялық аспаптармен (теодолитпен, нивелирмен) тексереді.

Таңдап алынған тіреулерді шұқырда не іргетаста бекітеді. Қазып алынған топырақ қабаттарымен шұқырларды көміп, темір-бетон тіреудің әрбір қабатына мұқият трамбовка жасап, цементтік ерітіндімен құйып, ал сонан соң жобамен сәйкес етіп тіреудің жанжағына топырақты төгеді.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *