ҚҰРАМАЛЫ сәулелендіру қондырғылары. Түрлері,құрылысы, басқару сұлбалары.

15 Дәріс. ҚҰРАМАЛЫ сәулелендіру қондырғылары. Түрлері,құрылысы, басқару сұлбалары.

Ауылшаруашылығында төлдер мен балапандарды бір уақытта ультракүлгін сәулелендіруте және инфрақызыл жылытуға ИКУФ-1 және «Луч» автоматталған қондырғылар қолданылады.

Әр қондырғы 40 сәулелендіргіштен және басқару шкафынан тұрады. Әр сәулелендіргіштің құрамына екі ИКЗК 220-250 типті инфрақызыл шамдар және бір ЛЭ-15 типті эритемдік шам немесе бір ЛЭО-15 сәулелендіргіш кіреді. Әр сәулелендіргіштік инфрақызыл шамдарын екі ауыстырып қосқыштар арқылы мына режимдерде жұмыс істетуге болады: екі шам электр торабының толық кернеуіне жалғанады; екі шам бір-бірімен тізбектей жалғанады; әр шам электр торабының жарты кернеуіне қосылады. Эритемдік шам үшінші ауыстырып қосқышпен басқарылады. Әр сәулелендіргіштің қуаты 520 Вт. Шамдарға берілетін кернеу автотрансформатормен реттелінеді. Қондырғы торайлар мен бұзауларды инфрақызыл сәулемен жылытуға және ультракүлгін сәулемен сәулелендіруге пайдаланылады.

1-Сурет. ИКУФ-1 қондырғының құрылысы:1-ИҚ шам; 2-эритемдік шам;

 3- ажыратқыштар орнатылған қаптама; 4-ілмек; 5-қорғаушы тор.

                   2-Cурет.ИКУФ-1 сәулелендіру қондырғының электрлік негіздік сұлбасы.

 «Луч» қондырғылары торайларды, бұзауларды, қозыларды және тауық, үйрек және күрке тауық. балапандарын инфрақызыл сәулемен жылы-туға және ультракүлгін сәулелерімен сәулелендіруге қолданылады. Қондыр-ғыда инфрақызыл шамдарын жылытылатын бетке 45,70 және 90° бұрышпен орнатуға болады. Осы себептен ИКУФ қондырғыларына қарағанда инфра-қызыл ағынын тиімді пайдалануға болады. Қондырғылар қол және автомат-тық режимдерде жұмыс істей алады. Қол режимінде шамдар бастырмалар арқылы, ал автоматтық режимде екі бағдарламалық уақыт релесі көмегімен басқарылады. Бір бағдарлама инфрақызыл шамдарды, ал екінші бағдарлама ультракүлгін шамдарды басқаруға пайдаланылады. Мал мен құстардың түріне және жасына байланысты бағдарламаны өзгертумен сәулелену уақытын реттеуге болады.

3-Сурет . «Луч» сәулелендіру қондырғының құрылысы.

1-эритемдік шам; 2-ИҚ-шам; 3-ЖРА қаптамасы; 4-ілмегі; 5-қорғаушы торы.

                      Жергілікті жылытуға арналған құрамалы жүйелер.

Бұл жүйелерде төлдері жанжағынан жылытылады. 4-суретте торайларды құрамалы жылыту сұлбасы берілген.

Торайларды астынан жылытуға электрлі жылытылатын еден, ал үстінен жылытуға инфрақызыл сәулелендіргіштер пайдаланылады. Осы кезде торайлардың өсіп-өнуіне қолайлы жағдай туғызылады және төлдер тұрмайтын жерде ауа температурасын төмендетуге мүмкіншілік пайда болады. Осы себептен қораны жылытуға қажетті шығындар азаяды.

4-сурет. Торайларды құрамалы жылыту сұлбасы:

1-электрлі жылытылатын еден; 2-торайлар аланы;

3-инфрақызыл сәулелендіргіш; 4-мегежін апаны.

Еміп жүрген торайларды жылытуға арналған «Комби» типті қондырғы шығарылады. Ол 30 бірдей жинақтардан тұрады. Әрбір жинақ құрамына қуаты 120 Вт электрлі жылытылатын панель және қуаты 250 Вт «Ирис» типті инфрақызыл сәулелендіргіш кіреді. Қондырғы құрамына температура реттегіш, уақыт релесі, ақпа (негізгі тізбекпен өтпейтін) ток релесі, сигналдау және коммутациялау аппараттары кіретін пульттен басқарылады.

Қозыларды жергілікті құрылмалы жылытуға арналған ЭИС-0,37-И1 «Руно» типті құрылғы шығарылады. Құрылғы бір-бірімен кронш-тейін арқылы қосылған жоғарғы және төменгі жылытқыштардан тұрады. Төменгі жылытқыш ретінде екі панель пайдаланылады. Әрбір панель саңылаусыз винипласт тұрықтың ішінде орнатылған полимер материалдық қабықшалы қыздырғыш элемент түрінде орындалған. Жоғарғы жылытқыш ретінде сәулелену температурасы 700…7500С болатын «қараңғы» инфрақызыл сәулелендіргіш қолданылады. Құрыл-ғының техникалық сипаттамалары: қуаты – 370 Вт (соның ішінде панельдердің жалпы қуаты – 120 Вт, инфрақызыл сәулелендіргіштің қуаты – 250 Вт); номинал кернеуі – 220 В; жылыту аймағындағы температура қора температурасынан 10 градусқа жоғары келеді; бір уақытта массасы 5 кг онбес қозыны жылытуға болады.

          5- Сурет . Құрамалы жергілікті жылытуға арналған ЭИС-0,37-И1

 «Руно» қондырғы: 1 – клеммалық қорап; 2 – инфрақызыл сәулелендіргіш;

3 – жылытылатын алаңша; 4 –аяқша; 5 –кронштейн

       Университетте қозыларды жылытуға арналған камералық электр-панельді жылытқыштар д ойлап шығарылды. Олар үйшікте жаңа туған қозыларды үш жағынан құрамалы жылытады: астынан, үстінен және жанынан. Жылытқыш электр панельінің модульдерінен жиналады. Жылытқыштағы модульдер саны үйшікте саулықтардың ұстау тәсіліне және үйшіктің өлшемдеріне байланысты келеді. Саулықтар жеке торларда ұсталғанда модульдер саны, яғни жылытқыш мөлшері, тордың және қозының мөлшерлеріне орай анықталады. Бұл жолы жылытқыш жеке торлардың аралығында орнатылады. Саулықтар топтық торларда қозылағанда, жылытқыштың мөлшері мен саны топтық торлардың (оцаркалардың) өлшемдеріне байланысты анықталады. Бұл жолы жылытқыштар үйшіктің қабырғаларын жағалай орнатылады.

Электр панельдің модулі (6-сурет) құйматас тұрықтан 1 және оның ішінде монтаждалған қаңқадан тұрады. Қаңқа толқындары бір-біріне қарсы орналастырылған өлшемдері 850х300 мм екі толқынды асбест-шиферден 3 дайындалады. Қаңқаны сыртынан диаметрі 3…5 мм болат сыммен 4 орап байлайды. Оқшауламалық қанқа модульдің электрлік және өрттік қауіпсіздігін жоғарылатады. Сонымен қатар ол сыртында оралған сыммен бірге модульдің тұрқын құйматастан құй-ғанда арматура ретінде де пайдаланылады. Модульде қыздырғыш элементті төсеуге арналған екі канал 2 бар.

7-сурет. Электр панельдің модулі:

1- құйматас; 2-канал; 3-шифер; 4-сым орау.

Қыздырғыш элемент ПОСХВ, ПОСХП, ПОСХВТ маркалы жылытқыш сымдардан, оқшауламасыз болат сымнан, нихромнан, фех-ральден және басқа материалдардан спираль түрінде дайындалады.

Модульдің негізгі техникалық мәліметтері: кернеуі – 24-36 В; қуаты 170 Вт шамасында; бетінің температурасы – 250С; өлшемдері – 850х320х120 мм. Модульдің электрлік және өрттік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін және бетінде электр потенциалын теңдестіру үшін қаңқаның болат орауы жермен қосылған контурға немесе нөлдік сымға жалғанады.

Модульдерден жиналған камералы электр-панельді қозыларды жылытқыштарды қойлар қозылайтын үйшікте орналастыру сұлбасы (бір вариант) 8-суретте берілген.

8-сурет. Камералы электр-панельді қозыларды жылыт қойлар қозылайтын үйшікте орналастыру сұлбасы

          Жылытқыш 27 модульден жиналған: 9-модуль жылытқыштың төменгі бөлігінде, 9 модуль артқы қабырғасында және 9 модуль жоғарғы бөлігінде. Қыздырғыш элементтер «жұлдызша» қосылған. Жылыт-қыштың қуаты – 4,5 кВт; қоректену кернеуі – 380/220В. Жылытқыш камералары тек қозылар сиятындай мөлшерлі болып жасалынған. Қозылар камераларда еркін жатып жылынады. Сонымен қатар жылыт-қыш саулықтар мен қозылардың еркін қарым-қатынасын қамтамасыз етеді.

Жылытқыштың жылу энергиясын шоғырлап жинау қабілеті жоғары келеді. Осы себептен қозыларға қажетті температуралық-ылғалдық режимді жасауға электр жүйесіндегі жүктеме аз уақыттағы энергияны пайдалануға болады. Жылытқыштар университетте ойлап шығарылған шкап көмегімен белгіленген бағдарлама бойынша автоматты басқарылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *