Электр тартылымды монтаждау.

Электр тартылымның түрлері, оларды тарту тәсілдері.

4.2. Электр тартылымды жүргізетін элементтер.

4.3. Электр тартылымға қойылатын талаптар және оларды қолдану нұсқамалары.

4.4. Электр тартылымға арналған сымдар, кабельдер және шнурлар. Сымдардың қимасын таңдап алу.

1. Электр тартылымның түрлері (терминдер және анықтамалар)

Электр тартылым – бұл тартылған сымдар мен кабельдердің жиындығы, оларды бекітетін, ұстап тұратын және қорғайтын конструкциялар мен бөлшектер.

Электр тартылымға күштік, жарықтандыру және оқшауланған орнату сымдарының барлық қимасының қолданылуымен айнымалы және тұрақты токтың екінші реттік тораптары, сондай-ақ, фазалық тарам қимасы 16мм2 дейінгі металл, резина немесе пластмасса қабықшадағы резиналы немесе пластмассалы оқшауламасымен брондалмаған күштік кабельдер жатады.

Электр тартылым мынадай түрлерге бөлінеді: ашық, жабық және сыртқы.

Ашық – бұл қабырғалардың, төбелердің бетімен, ферма, сырық, колонна және үйжайдың басқа құрылыс элементтерінің бойымен тартылатын электр тартылым.

Жабық – үйжайлар мен ғимараттардың конструкциялық элементтерінің ішімен тартылатын электр тартылым.

Сыртқы – үйжайлар мен ғимараттардың сыртқы қабырғаларымен, бастырма астыларымен, сондай-ақ, көшелер мен жолдардан тыс (құрылыс алаңдарына, аулаларға, үй алдындағы бақшаларға және с.с.) үйжайлардың арасында бағаналарда (4 тартылымнан артық емес, әрқайсысының ұзындығы 25 м-ге дейін) электр тартылым.

Электр тартылымды жүргізудің мынадай тәсілдері қолданылады:

ашық – тікелей құрылыс негіздемесі мен конструкциясының бойымен қапсырмалардың, роликтердің, изоляторлардың көмегімен тартылатын; арқансымда (ішекте, темір табықшада, лентада); лотоктарда және қорапшаларда; пластмассалы және болат түтікшелерде, иілгіш металл рукаваларда; электр техникалық плинтустарда және маңдайшаларда; еркін ілмектерде тартылатын электр тартылым.

жабық – үйжайлардың құрылыс конструкция каналдарында (қабырғаларда, едендерде, іргетастарда, төбелерде), тікелей алынбалы еден астында, трубаларда, иілгіш металл рукаваларда тартылатын электр тартылым. Тұрғын және қосымша үйжайларда сылақ астында қабырға бойымен, сыланатын қарықтарда, оларды даярлау кезінде құрылыс конструкцияларындағы біртұтас қуыстарында тартуға рұқсат етіледі.

сыртқы электр тартымдарды көбінесе, ашық, кейде изоляторларда және болат трубаларда сымдармен, кейде үйжайлардың тікелей қабырғалар бойымен немесе арқансымдарда кабельдермен орындалады.

Кірме (электр берілістің әуе желісінен) – үйжайдың немесе ғимараттың сыртқы бетінде (қабырғада, шатырда) орнатылған изоляторлардан бастап, ішкі электр тартылымымен әуе желісінен, кірмелік құрылғының қышқыштарына дейінгі тармақты жалғайтын электр тартылым.

Сымдар мен кабельдерді тарту түрін және тәсілін таңдап алу, келтірілген шығындардың минимумы бойынша электр- және өрт қауіпсіздігіне қойылатын талаптардың есебімен жүзеге асырылғаны дұрыс.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *