Электр берілістің әуе желілерін (ӘЖ) монтаждау

1. ӘЖ негізгі терминдері және жіктелуі;

2. ӘЖ негізгі элементтері;

3. ӘЖ тіреулері, арналымы және жіктелуі;

4. ӘЖ арналған сымдар.

1. ӘЖ негізгі терминдері және жіктелуі

Электр берілістің ӘЖ деп, ашық ауада тұратын және тіреуге немесе басқа ғимаратқа (көпірге, жолөтпеге) бекітілген траверстің (кронштейндердің), изоляторлар мен арматуралардың көмегімен сым бойымен электр энергияны беруге немесе тарату үшін арналған құрылғы аталады.

ӘЖ құрамына, тұтынушыларға үзіліссіз электрмен жабдықтауды және желінің нормалды жұмыс істеуін қамтамасыз ететін сондай элементтер кіреді. Оларға найзағайдан қорғайтын арқансымдар, зарядсыздандырғылар, жерлендіру, ал сондай-ақ эксплуатациялаудың қажетіне арналған көмекші жабдық жатады.

1) Токтың тегі бойынша тұрақты және айнымалы токтың ӘЖ-і болуы мүмкін. Көп жағдайда, ӘЖ-ң бойымен айнымалы ток беріледі; тұрақты ток желілері кейбір жағдайларда, мысалы, энергия жүйесінің байланысы, темір жолдың, трамвайдың, троллейбустың және басқалардың түйіспелік торабын қоректендіру үшін пайдаланылады.

2) Арналымы бойынша ӘЖ бөлінеді:

— өте алыс – негізінен энергия жүйесінің байланысы үшін қызмет ететін, кернеуі 500кВ және жоғары;

— магистралдық – қуатты электр стансалардан электр энергияны беру үшін, ал сондай-ақ энергия жүйесінің ішінде электр стансаларды біріктіру үшін, кернеуі 220 және 330кВ;

— таратушы – мекемелерді және ірі аудандардың қоныстану пунктерін электрмен жабдықтау үшін, кернеуі 35, 110 және 150кВ;

— тұтынушыларға электр энергияны жеткізетін, 20кВ және төмен электр беріліс желілері.

3) Кернеуі бойынша ӘЖ 2 топқа бөлінеді:

— 1 кВ-қа дейінгі U кернеуімен;

— 1 кВ-тан жоғары U кернеуімен.

ӘЖ әрбір топтары үшін есептік жағдайлар мен қиыстырмалар бөлігінде ЭҚЕ әртүрлі талаптарды қарастырады.

4) Жұмыстың электр режимі бойынша оқшауланған нейтралымен (генератордың немесе трансформатордың орамаларының жалпы нүктесі – нейтраль – жерлендіруші құрылғыға жалғанбаған немесе үлкен кедергісі бар аппараттар арқылы оған жалғанған) және толық жерлендірілген нейтралымен (нейтраль жермен толық жалғанған) ӘЖ-і болуы мүмкін.

ӘЖ механикалық күйіне байланысты олардың жұмысының 3 режимі болуы мүмкін: нормалды – сымдар мен арқансымдар үзілмеген; апаттық – олар толығымен немесе бөлшектеліп үзілген кезде және монтаждық – тіреулерді, сымдарды және арқансымдарды монтаждау кезінде.

ӘЖ элементтеріне механикалық жүктемелер, ауданның климаттық жағдайларына және оның бойымен желі жүретін жердің сипатына тәуелді. Осы айырмашылықтарды есепке алу үшін ӘЖ-гі жүктемені анықтау кезінде мемлекеттің территориясы жел бойынша 7 ауданға және көк мұзы бойынша 5 ауданға бөлінеді. Бұл кезде негізі үшін, берілген ауданда 15, 10 және 5 жылда бір рет ӘЖ 500, 6…380 мен 3 кВ-қа дейін қоса ретіне сәйкес байқалатын, желдің ең үлкен жылдамдығы және көк мұздың қабат қалыңдығы қабылданған.

Жердің категориясы, оның бойымен жүретін ӘЖ, оның адамдар, көлік және ауыл шаруашылығы үшін қолайлылығына байланысты, 3 категорияға бөлінеді: қоныстанған, қоныстанбаған (үй салынбаған территория, адамдар біртіндеп баратын және көлік пен ауыл шаруашылық машиналары үшін қолайлы) және қол жетпейтін

 

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *