УК сәулелендіруге арналған қозғалмалы СҚ. Өсімдіктерді сәулелендіруге арналған СҚ. Түрлері,құрылысы

13-дәріс

УК сәулелендіруге арналған қозғалмалы СҚ. Өсімдіктерді сәулелендіруге арналған СҚ. Түрлері,құрылысы

 1Жылжымалы ультракүлгін сәулелену қондырғылар қүз-қыс маусымда малдар мен қустардын УК сәулелерге тапшылығының орнын толтыру үшін пайдаланылады.

 УК сәулелендіру малдар мен құстардың өнімділігін айтарлықтай жоғарылатады, олардың денсаулығын жақсартатын әрекет етеді,жүннің сапасын жақсартады, шығынды азайтады және т.б.

 Сонымен қатар жылжымалы сәулелендіретін қондырғыларда сәулелендіру көзі ретінде пайдалыналатын ДРТ типті шамдар бактерицидтік әрекет етеді. Сондықтан осы шамдармен сәулелендіруде үйжайдың іші және мал мен құстын терісі зарарсызданады.

Жылжымалы қондырғылар қозғалмайтын және тасымалды қондырғылармен салыстырғанда тиімді және үнемді болады. Оларды пайдаланғанда ақша қаражатын жұмсау 3…4 есе, эксплуатациялық шығындар 2…2,5есе төмендейді.Сонымен қатар жылжымалы қондырғылардын жақсы жағына жабдықты пайдалану коффициентінін жоғарлығы, сәулелендіруге қажетті қуаттың және электр энергиясы шығынының азаюы жатады.

 Жылжымалы УК сәулелендіретін қондырғылардың мына түрлері пайдаланылуы мүмкін:УО-4М, УОК -1,УУФ-1.

УО-4М механикаландырылған қондырғылар ірі қара малды, оның төлдерін және торайларды ультракүлгін сәулеленуге қолданылады. УО-4М-ДРТ-400 типті төрт шам орнатылған төрт жылжымалы сәулелендіргіштерден, жетек станциядан және басқару шкапынан тұратын механикаландырылған сәулелендіретін қондырғы. Қондырғының көтеріп ұстап тұратын құрылғысы мал қораның ұзындығы бойымен тартылған диаметрі 6 мм болат сымнан, диаметрі 3 мм болат арқансымнан және тартып тұратын шығыршықтардан тұрады. Сәулелендіргіштер қораның ұзындығы бойымен малдардың арқасынан 1,0…1,2 м биіктікте көтеріп тұрған болат арқансыммен қайта-ілгерімелі жылжиды. Жылжу жылдамдығы 10м/сағ. Сәулелендіргіштер редуктор арқылы қосылған қуаты 0,27 кВт асинхронды электр қозғалтқыш көмегімен қозғалады.

УОК-1 өзі жүретін қондырғы көп ярусты торларда ұсталатын құстарды ультракүлгін сәулелендіруге арналған.

УОК-1- торлы батареялар аралығандағы өтпелде рельс бойымен жылжитын қозғалмалы арба түрінде орындалған тауықтарды сәулелендіруге арналған сәулелендіретін қондырғы. Арбаның үстінде тік штангада екі /немесе төрт/ ДРТ-400 типті шамдар орнатылған екі /немесетөрт/ сәулелендіргіштер монтаждалған. Олардың бекітілу биіктігін реттеуге болады. Арба редуктор арқылы қосылған қуаты 0,27 кВт асинхронды электр қозғалтқыш көмегімен қозғалады. Электр қозғалтқыш 4 тарамды кабель арқылы қоректенеді. Кабель арба бункерінің ішіне төселінеді. Оны тарату және бункер ішіне төсеу негізгі электр қозғалтқышпен жетектелінетін арнайы механизмнің қөмегімен орындалады. Сәулелендіргіштердің қозғалу жылдамдығы 43,8 м/сағ.

1-сурет УО-4-сәлелендіру қондырғы: 2-сурет УО-4 қондырғының негіздік сұлбасы 1-сым ; 2-трос; 3-шығыршықты арба;

  4-ДРТ400 шамдарлы сәулелендіргіш;

 5-басқару шкаф; 6-сәулелендіргішті көректендіретін кабель

  7-жетек станция.

3 сурет.УОК-1тауықтарды сәулелендіруге арналған қондырғы

1-шасси; 2-эл. жетек;3-ДРТ 400шамдарлы жарықтандырғыштар;

4-штанга; 5-басқару панель;

6-ажыратқыштар

 5сурет. УОК-1 қондырғынын, негіздік

                            сұлбасы.

УУФ-1 қондырғы Қазақ ауыл шаруашылығын механикаландыру ғылыми өндірістік бірлістігінде ойлап шығарылды. Құрылысы бойынша ол УО-4М қондырғысына уқсас орындалған, бірақ автоматты басқару және УДО-1 типті автоматты құрылғынын көмегімен уақытты ұзарту арқылы сәулелендіру дозасын реттей қарастырылған.

CҚ қойылатын негізгі технологиялық талап УК сәулелендірудің ұсынылған тәуліктік дозасын қамтамасыз ету болады. Бул доза мал мен құстардың түріне және жасына байланысты 10 мэр*сағ/м2 -тан 290 мэр*сағ/м2-ка дейін болады.Ұсынылған доза шамасын қамтамасыз етерде шамның жұмыс істеу мерзімін есептеу керек. Ойткені, пайдалану нәтижесінде шамнын УК-ағыны азаяды (1000 сағат жұмыс істегеннен кейін ДРТ-400 шамның ағыны өзінің номинал мәнінен 46٪ -на дейін төмендейді).

Сәулелендіру дозасына көп көніл бөлу керек. Себебі, доза жеткіліксіз болса пайдалы әсер болмау, ал асқын сәулелендіру жағымсыз әрекет етіп, өлімге де әкелуі мүмкін.

Қондырғынын

түрі Қозғалмалы сәулелендіру қондырғылардын техникалык сипаттамалары

 торап кернеуі,

 В номинал қуты,

 кВт сәлелендіру көзінін түрі Сәулелен-діру көздерінінсаны Сәулелен-діргіштер- дің қозғалу жылдамдығы,м/ч Ғимарат-тың максимал-ды узынды-

ғы, м

УО-4 ,УУФ-1 380/220 2,0 ДРТ 400 4 18,0 90

УОК-1,

 380/220 1,5 ДРТ 400 2 43,8 —

2 Өсімдіктерді жасанды жағдайда өсіруге пайдаланылатын сәулелендіргіштер.

Жылыжайларда өсімдіктер жақсы өну үшін сәулелендрліуі 6…8 мын лк болыу керек. Жарықтандыру қондырғылармен салыстырғанда бұл шамалар он, жүз есе үлкен болады.

Осындай үлкен сәулелендіру денгейін тұғызу үшін, көздердін меншікті қуаты 800 Вт/м2 және одан үлкен болыу керек. Жай жарықтандыру көзімен және жарықтандырғыштармен осындай үлкен денгейлі жарықтандыруды жасауға киін. Және жылыжайларда t0 және ылғалдық үлкен болады. Сондықтан жылыжайларды арнайы көздері және арнайы конструкциялы сәулелендіргіштер пайдаланылады.

 Осімдіктерді жасанды жағдайда өсіруде ОТ-400 сәулелендіргіштер пайдаланылады (1-сурет). Оларда ДРЛФ-400 тіпті шамдар қолданылады. Сәулелендіргіштер кернеуі 220 В электр торабына қосуға арналған. Сәулелендіргіштер екі түрлі болып: ОТ-400И- индуктив балласт құрылғымен, ОТ-400Е- индуктив-сыйымдылық балласт құрылғымен дайындалады. Екі түрінің де қуат коэффициенті 0.5 шамасында болады. Бірақ ОТ-400И сәулелендіргіште ток кернеуден артта қалады, ал ОТ-400Е сәулелендіргіште ток кернеуден озып кетеді. Осы себептен екі түрлі сәулелендіргіштерді бірге пайдаланғанда, сәулелендіретін қондырғының жалпы қуат коэффициенті бірге жақын болады.

1-сурет. ОТ-400 типті жылыжайлық сәулелендіргіш:а-жалпы көрінісі; б-сәулеленуінің кеңістіктік тығыздығының таралу сипаттамасы; 1- ілетін түйін; 2-сәулелену көзінің ЖРА-ы; 3-фарфор патрон; 4-қоректендіретін кабель; 5-ДРЛФ-400 типті шам.

1 кесте

Өсімдіктерді сәулелендіруге арналған сәулелендіргіштер

Типі Көзі Кернеу, В

ОТ-400 ДРЛФ-400 220

ОТ-1000 ДРЛФ-1000 220

РСП-15 ДРЛФ-1000 220

ОТ-3000 ДМ3-3000 380

«Фотос»-1,2 ДРИ-1000 380

«Фотос»-3,4 ДРИ-2000 380

«Фотос»-5,6 ДРИ-3500 380

ССПО3-750 (от 400) ДРВ-750 Uо=220В

«Сорт» ДКС ТЛ 5000 380

ЖСП18-400 ДНаТ 400 220

УОРТ-1-6000 ДМ4-6000 380

«Светотрон» КОП2 ДРЛ-2000 380

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *